1. Психологиялық тренинг туралы жалпы түсінік, пайда болу тарихы



бет6/97
Дата29.12.2021
өлшемі0,74 Mb.
#128979
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97
Байланысты:
тренинг билеттер түгел

Айтымбетова Манчук

7 сұрақ. Психологиялық тренингтердің ұйымдастыру жолдары

Тренинг – өзін-өзі тануға, өзін-өзі реттеуге, тұлғааралық қарым – қатынасқа, коммуникативті және кәсіби біліктілікке бағытталған психотерапиялық, психокоррекциялық және оқыту әдістерінің жиынтығы. Тренинг ағылшын тілінен аударғанда «train»-жаттықтыру, жаттығу деген мағынаны білдіреді.

Тренинг – басқа адамдарды жақсы түсінуге көмектеседі, өз мүмкіндігін байқауға, өзіндік санасын жетілдіруге жағдай жасайды. Тренингтік жаттығулар кейбір жағдайларда тұлғалық өзгеруге түрткі қызметін атқарады.

Тренинг барысында жаттықтырушы мынандай жағдайларға дайын болуы тиіс, олар: дөрекілік, қатты дауыс, ыза, өзімшілдік, қатыспаушылық, ынтасыздық, қажетсіз күлкі, шыдамсыздық, «сөзге керісу» немесе қажетсіз сөзге араласу, тыныштық, қылжақтық, селсоқтық және т.б.

Психологиялық тренингті ұйымдастыру ерекшеліктері туралы тоқталып өтейін. Кез-келген практик психолог өз қызмет жолында психологиялық тренингтерді өткізуге міндетті. Бұл тренингтер әр түрлі тақырыптарды қамтиды. Тренингте ақпарат ала отырып түсініксіз сәттерді талқылауға, сұрақ қоюға мүмкіндік алса, онда берілген ақпарат тез меңгеріледі және алынған білімдер шәкірттердің мінез – құлық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

Тренинг жүргізуге қойылатын талаптар төмендегідей:



  • Оқушылар бір-біріне жүзбе – жүз отыратындай етіп айналдыра орындықтар қоюға мүмкіндігі бар кең бөлме болу қажет (бұл жағдайда бір– біріне сенімділік артып, назарға іліккен әрекеттерге қызығушылық танытады, еркін пікір алмасуға, жаттығулар мен сергіту кезеңдерін жүргізуге ыңғайлы болады.);

  • Тренингке қатысушылар саны 20 – 25 адамнан аспауы керек (бұл сенім атмосферасын туғызатын және барлық қатысушылардың назарын тұрақты аударуға мүмкіндік беретін қатысушылар саны);

  • тренингке қатысушыларды мадақтап отыру және барлығының қатысуын қадағалау;

  • мұғалім әрбір жаттығудың келісімді уақытта жүзеге асырылуын қадағалауы керек;

  • тренингтің бастапқы сәті «танысу» жаттығуына арналып және топтың ережесі қабылданады;

  • теориялық тапсырмалар мен интерактивті жаттығулардың, сергітудің арасында сабақтастық болуы керек;

  • кез келген тренинг – сабақ басталар алдында мақсаты – міндеттері айтылады, ал соңында қорытынды пікірлер жинақталады.

Психологиялық тренингтің ең  маңызды мәселесі — өзінің жек даралық  қасиеттері арқылы  тұлғаның өзін-өзі ашуына көмек береді. Ал, ол үшін ең бастапқы жағдайда адам өзін жеке тұлға ретінде қабылдап және түсіне  білуге үйренуі қажет. Тренингте өзгеріс, нәтиже бірден көрінеді. Осы міндеттерді шешу кезінде ұйымдастырылатын тренинг түрлері де ерекшеленеді. Ролдік тренинг, видеотренинг, қарым-қатынас тренингі, іскерлік қарым-қатынас тренингі, мәдениетаралық өзара әрекет және т.б.

Тренинг арқылы жақын адамдардың адамдық қасиеттерін ашып, бір-бірін бағалауға, дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға, тұлғаның қоғамда өзін ұстау іскерлігін және әдептілік ережелерін сақтауды енгізеді. Дұрыс ұйымдастырылып, жүргізген тренинг жеке тұлға қалыптасуының жетекші құралы екендігіне толық сенімдемін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет