1. Психологиялық тренинг туралы жалпы түсінік, пайда болу тарихы



бет7/97
Дата29.12.2021
өлшемі0,74 Mb.
#128979
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   97
Байланысты:
тренинг билеттер түгел

Айтымбетова Манчук

8 сұрақ. Психологиялық тренингтің мақсаты

Психологиялық тренинг дегеніміз– топтық жұмыстың белсенді әдісіне негізделе отырып, психологиялық әсер ету. Тренинг – арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас формасы. Онда психологиялық көмек және қолдау, араласушылық дағдылардың қалыптасуы, жеке тұлғаның дамуының ерекшеліктері туралы сұрақтар шешіледі. Тренинг –қалыптасқан стереотип және жекелей мәселелерді шешеді. Тренинг адамның потенциалын ашады және ары қарай дамытады. «Тренинг» терминін Эмильянованың ойынша оқытудың әдістерін белгілеу үшін қолданбау керек, ол оқыту мен қабілеттіліктердің даму әдістерін белгілейді немесе күрделі іс-әрекет түрін игереді. Тренингте әрбір қатысушылардың міндеті- өз-өзінің жекелей амалы арқылы көрсетуге көмектесу, яғни өзін-өзі түсіну, қабылдауға үйрену.

Адамның өзін-өзі тәрбиелеуі 5 бағытта жүреді:


  1. Өзін-өзі қабылдау арқылы өзін басқалармен салыстыру.

  2. Өзін –өзі қабылдаудың басқаның оны қабылдауы арқылы жүруі (кері байланыс механизімінің үнемі іске асуы).

  3. Өз іс-әрекетінің нәтижесі арқылы өзін қабылдау. Адам өзінің не істегенін бағалайды, өзіндік баға.

  4. Өзінің ішкі күйін бақылау арқылы өзін-өзі қабылдау.

  5. Өзінің сыртқы бейнесі арқылы өзін қабылдау.

Тренингтің негізгі идеясы адамдарды қыстамау, зорлық көрсетпеу, оған өз-өзімен болуына , өзін-өзі тауып, жақсы көруіне, қуанышты болып жүруіне кедергі жасау стереотипін жоюға көмектеседі.

            Тренингтің негізгі мақсаты- жеке тұлғаны анықтау. Жалғастырушы мақсаттар:



  1. Қатысушылардың әлеуметтік –психологиялық компетенттілігін көтеру және қоршағандармен қарым- қатынас дамытуға жағдай жасау.

  2. Қатысушылардың белсенді әлеуметтік бағытын қалыптастыру және өмірін өзгертуге қабілетін дамыту.

  3. Психологиялық мәдениеттің дәрежесін көтеру.

Тренингтің міндеттері:

Белгілі бір әлеуметтік –психологялық білімдерді меңгеру.



  1. Өзін және басқа адамдарды толық тану қабілетін дамыту.

  2. Жекелей ерекшеліктер мен іскерліктердің диагностикасы.

  3. Адамдар арасындағы қарым-қатынастың жекеленген әдістерін оқу жжәне меңгеру.

      Тренингке даярлықтың негізгі элементі- болашақ қатысушылармен алғашқы кездесу. Ол екі бөлімнен тұрады:

  1. Топтық әңгімелесу өткізіледі, онда кездесудің мақсаты, уақыты, мерзімі туралы айтылады.

  2. Сабаққа қатысуға ұйғарған адамдармен жекелеген әңгіме жүргізіледі.

Әңгімелесу кезінде қатысушылардың себебі анықталады.

Әдетте тренинг топтар белгілі бір мәселемен іріктеліп жиналады. Тренингке қатысушы адамдардың кез-клгенінің талабы: «Басқа адамдармен қарым-қатынас әдістерін , құпиялары мен дағдыларына үйрену». Осы мәселелер бойынша Дейл Карнегидің кітаптарында жақсы жазылған.

       Анатолий Добрович әлеуметтік-психологиялық тренингте былай деген: «Адамдарға қарым-қатынасқа түсіп үйрену үшін… қарым-қатынасқа түсу керек» -кез келген тренингтің басты идеяларының бірін ол осылай тұжырымдаған.

Кез келген тренинг ережелер мен топтың өзара танысуынан басталады. Ережелер әртүрлі болып қалыптасуы мүмкін. Ережелерді топ мүшелерінің өздеріне жазғызуға да болады. Бәрі топ мүшелерінің өз еркінде немесе жүргізуші бірнеше ережелер түрін ұсынуына болады, ал топ мүшелері таңдау жасайды. Ереже бір көрнекі жерге ілінеді.

            Танысу. Танысу тренингтің маңызды бөлігі. Кез келген тренинг жұмысы танысудан басталады. Топ бұрын жұмыс істеп, бір- бірін танитын адамдардан жиналған болса да, бірінші сабақ танысуға арналады. Танысу процедурасының көптеген түрлері бар.                    Әр топ мүшесіне таңдау бойынша кезекпен топқа ақпарат беру ұсынылады:


  • аты немесе осы жерде аталғысы келетін есімі немесе бала кезіндегі еркелететін есімі немесе өзіне ұнайтын есімі;

  • бәрі шеңбер бойынша өз есімдерін айтады. Әр адам өз атын атамас бұрын айтылған есімдерді қайталайды;

  • әр топ мүшесі өз атын атайды, өзінің бір жақсы, бір жаман қасиетін айтады, өзі жайлы айтады.

            Жүргізуші топ мүшелерінің жаттығу туралы пікірлерін сұрайды. әркәм өзінің эмоциясын, ішкі сезімін айтады. Пікір айту ерікті түрде беріледі. Жүргізуші ешкімнің сөзін, ойын бөлмеуге тырысады.

             Есімінен басқа әр қатысушыға келесі мәліметтерді айтуды ұсынуға болады:



  • тренингке қатысты өзінің ойлары мен күтімдері;

  • жаттығулармен байланысты өзінің үрей, қорқыныштары;

  • қандай да бір өзінің жекелей мінез бітістері;

  • қандай да бір жеке құндылықтары;

  • хобби.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет