21. Мұғалімдерге психологиялық көмек ұйымдастырудың кезеңдері.
Білім беру процесінің барлық қатысушылары психологтың көмегіне мұқтаж. Психолог студенттердің жеке мәселелерін шешуде, қарым-қатынас мәселелерінде, кәсіптік бағдар беруде және т.б. көмектесе алады. Оқушылардың ата-аналарына отбасында бала тәрбиесі бойынша кеңес бере алады. Әсіресе мұғалімдерге психологтың көмегі қажет: олар үшін әр түрлі топтағы студенттермен жұмыс істеуге оңтайлы жағдай жасау бойынша психологтан кеңес алу маңызды, - деп атап өтті Е.Василевская. Психологиялық қызметтің басты мақсаты - даму мен оқу-тәрбиелеу процесін психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіне қатысушылардың денсаулығын қорғау мақсатында, оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру және жүргізу. Психологиялық қызметтің міндеттері: 1. Білім беру жүйесінің барлық субьектілеріне қажетті психологиялық көмек беру (мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар). 2. Баланың жас ерекшелігіне байланысты, әрбір даму сатысында тұлғалық, интеллектуалдық және кәсіби дамуын қамтамасыз ету. 3. Интеллектуалдық және тұлғалық дамудағы ауытқушылықтардың алдын алу және түзету. 4. Оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау
Асубекқызы Нәзира
Достарыңызбен бөлісу: |