12Ойын, пікірсайыс әдістері. Ақмарал Хасенова
Ойын әдістері. Әлеуметтік-психологиялық дайындық тәжірибесінде ойын әдістері операциондық және рольдік деп екіге бөлінеді. Операциондық ойындар (басқарушылық, іскерлі) өмірдегі тұлғалық аспектілерге қарағанда, құралды оқыту аспектісі әлдеқайда басымырақ, формальды және минималды. Мұндай ойындар экономикалық, ұйымдастырушылық және басқа да кәсіби мәселелерді шешу іскерлігін қолдануға бағытталған.
Рольдік ойындар өз қалауына қарай белгілі бір рольді орындауға арналған. К.С.Станиславскийдіңактерлік тренинг жүйесінде рольдік ойындарды өткізу тәжрибесі жайлы көптеген пайдалы мағлұмат алуға болады. Бұл текке емес, себебі «...театр рольдік ойындардың бастамасы, символикалық ықпалдың тұжырымдамасы, адам тұлғасының үлгісі және өзін-өзі тануда қолданатын тәсілдер, сонымен қатар, психотерапевтік драматизация және инсценизация, имагопсихотерапия және топтық белсенді әдістердің рольдік варианттары сияқты психологиялық әлеуметтік- тәжірибелік лабораторияның алғашқысы деп есептеуге болады». Психология мен театрдың байланысы Я.Мореноның «психо-драма» әдісінде көрсетілген.
Психодрамада қолданатын рольдік ойындар базалық және жағдайлық деп бөлінеді. Базалық рольдық ойындардың әмбебап психологиялық маңызы бар және олардың мазмұнына қарамастан түрлі психологиялық мәселелерде қолдануға болады.
Топтық пікірталас бағытының негізгі үш типін бөліп
көрсетуге болады:
Кәсіби — тұлғалық бағыт. Бұл пікір-талас типінде топ тұлғаның
қиындықтары жөнінде немесе бір қатысушының кәсіби өмірін талдайды. Топ
мүшелері берілген проблемаға өз ойларын білдіріп, өз сезімдерін білдіреді де
кері байланыс ұсынылады.
Тақырыптық бағыт. Талқылау сұрақтармен проблемаларға арналады,
оның шешімі барлық топқа қатысты болады. Тақырып жұмыс процесі
барысында белсендірілуі немесе алдынала жоспарланып дайындалуы мүмкін.
Кейбір жағдайларда тақырыптық пікірталас алдынала анықталынып алынады.
Бұл жағдайда қатысушыларға берілген тақырып бойынша дайындалуларына
мүмкіндік беріледі.
Өзара әрекет етуге бағыттылық. Бұл пікірталас типі топтық динамикаға
бағытталған, яғни топ мүшелерінің қарым-қатынасы, қатысушылардың өзара
реакциялары. Бұл пікірталаста «қазір және осында» принципін ұстанған дұрыс.
Пікірталастың жоғарылығы топтың бірігу деңгейін көтереді, бірақ ол
тақырыпты таңдау мен сұрақтың дұрыс қойылуына тікелей байланысты
екендігін естен шығармау қажет. Сондықтан да сұрақты дұрыс қою және оны
дұрыс жеткізу өте жоғары талапты қажет етеді. Сонымен қатар кейбір
жағдайларда қатысушыларды белсендіру үшін шеңбер бойынша барлық топ
мүшелерін өз ойларын айтуларын өтінуге болады, бұл барлық топ мүшелерін
белсендендіру мүмкіндігін артырады.
Топтық жұмыс өткізудің бір нұсқасы келесідей (топ ішінде барлығы танысқаннан кейін).
Әр топ мүшесіне топ үшін өзекті тақырыпта қысқаша мәліметтермен сөйлеу ұсынылады. Қалған мүшелері тыңдаушы рөлін атқарады, олар мәліметтерді сенімділігіне және қызықтылығына қарай бағалайды. Студент — психологтарға тапсырма ретінде, олар психологияны не үшін оқиды және қандай мақсатпен институтқа түсетіндіктерін әңгімелеу ұсынылады. Сөйлеу уақыты шектеулі, қысқа. Мысалы, бір минут. Көпшілік жағдайларда жаттығу басталмас бұрын барлық топ мүшелері айтатын еш нәрсе жоқ және барлығы бір –бірінің пікірін қайталайтындығына сенімді болады. Бірақ, бұл пікір әдетте теріске шығады. Сонымен қатар, тағы бір мәселе барлық қатысушылар дерлік бір минуттан артық уақыт сөйлейді, ал серіктестері уақыт жайлы айтқанда (жүргізуші әдетте қатысушыларды бөлмейді, ол қатысушылардың белсенділігін, қызығушылығын жоғалтпауға тырысады), олар тағы біраз уақыт сұрап, өзінің топ үшін маңызды ақпараттар сөйлеуші адамның өзі үшін ғана маңызды болып табылады.
Үшінші жағдай, қатысушылар көбінесе бір-бірінің сөзін қайталамайды, ол қайталаған жағдайда түзетулер мен қосымша толықтырып ақпарат береді. Бірақ, бірінші сөйлеген адам оның мәліметтерін қате санап, дауласуы мүмкін.
Осы үш жағдайды топ мүшелеріне айту, ескерту ары қарайғы коммуникативті тренингтің жүруіне септігін тигізеді. Топ мүшелері осы ережелерді ескере отырып, бірін-бірі тыңдауға, өз пікірін нақты жеткізе білуге, сендіруге қызықтыруға тырысады.
Мұндай жаттығудың нәтижесінде: қатысушылар әр адамның ерекшеліктерін және қайталанбайтындығын түсінеді, әр адам өз пікірін қорытындылауға, нақтылауға үйренеді, себебі сөйлер алдында өз ішінен анализ жасап отырады; сөйлеп болған соң өзі босаңсу жағдайында болады; өзінің сенімді пікірінің, баасқаның ойынша қате болу мүмкіндігін сезінеді.
Пікірталастың басқаша түрі, топ ішінде проблемалық мәселе туғызу, проблемалық жағдай жасау. Психолог топ мүшелерін сөйлетуге, олардың белсенділігін оятуға тырысады. Бірақ, пікірталастың жарты сағаттан аспауына тырысу керек. Өзі сөйлей отырып, жүргізуші белсенділік эстафетасын, сөзді басқаға беруге дайын болуы керек. Қатысушылардың ойы басқаға кетсе де, ойын бөлу орынсыз. Мақсат басқада. Мұндай практикалық сабақта пікірталас тақырыбы, мазмұны, әрине мәні бар, бірақ, топ үшін ең маңыздысы пікірталас фактісі.
І аралық бақылауға арналған тапсырмалар
№
|
Тапсырмалар
|
Орындау мерзімі
|
Дескрипторлар
|
Критерий
|
Балл
|
1
|
1-8 аптаның тақырыптары бойынша презентация дайындау
|
8 апта
|
Жұмыс түрлеріне талдау, функционалды міндеттеріне түсінік беру, ұйымдастыру жолдарын сипаттау, интерпретация жасау, ұсыныстар беру, жүйеге келтіру
Көрсету, мағынасын ашу, қолдана білу, таңдап алу, рет‑ретімен қою, дайындау, түсіндіру, бағалау
|
Барлық тақырыптар толық қамтылған: Әрбір тақырып толық қамтылса‑
Презентацияда тренинг әдіс- тәсілдері туралы толық түсінік берілген.
Тақырыптар бойынша қолданылған‑
Эмоциональды мазмұны‑
Студенттің пәнді меңгергендігі
Ғылыми тұрғыдан баяндай алуы‑
Өмірмен байланыстыруы‑
Шығармашылығы‑
Дұрыс рәсімделуі‑
|
20 балл
10 балл
10 балл
10 балл
10 балл
10 балл
10 балл
10 балл
10 балл
|
ІІ аралық бақылауға арналған тапсырма
№
|
Тапсырмалар
|
Орындау мерзімі
|
Дескрипторлар
|
Критерий
|
Балл
|
1
|
8-15 аптаның тақырыптары бойынша презентация дайындау.
500 сөзден тұратын рефлексивті есеп құрастыру
|
15апта
|
Мағынасын ашу, қолдана білу, бейнелеу, суреттеу, салыстыру, арақатынастарын ашу, бағалау, құрастыру
|
Барлық тақырыптар қамтылды -
Әрбір тақырып бойынша қысқаша мағлұмат берілді ‑
Тәжірибеде білімдерін қолдана білді ‑
Теориялар бағыттары бойынша салыстырды-
Ерекшеліктерін ашты –
Жүргізілетін жұмыс түрлеріне баға берді-
Тақырыптардың мазмұнын қысқаша, түсінікті, нақты бере білді-
Өмірмен байланыстырды-
Әдебиеттер дұрыс таңдалды ‑
Рефлексия
|
10 балл
10 балл
10 балл
10 балл
10 балл
10 балл
10 балл
10 балл
10 балл
10 балл
|
Достарыңызбен бөлісу: |