102. Пікірталас. Тренинг. Кейс-стади. Іскерлік ойын. Жоба. Практикум. Рөлдік ойын.
Пікірталас — ұжымдағы әр түрлі көзқарастың, ой-пікірдің ортаға салынып, көпшіліктің талқысына түсуі. Пікірталаста қате көзқарасты әділ сынап жеңу көзделеді. Пікірталас түрлері: жиналыс, конференция, пікірсайыс және т.б. Пікірсайыстыру жиын, топ алдында екі адамның немесе екі топтың өзара пікір таластыруы. Пікірталас тақырыбы алуан түрлі болуы мүмкін. Мысалы, саясат, мәдениет, тіл, құқық қорғау, өнер салыстыру және т.б. Пікірсайыстың тақырыбы нақты, көкейтесті болуымен бірге, ондағы мәселе, ұсынылатын әдебиеттер қатысушыларға күні бұрын таратылады. Уақыт тәртібі сақталып, шебер жүргізуші тағайындалады. Пікірталас — ғылыми жұмысты қорғау алдында немесе көркем әдеби шығарманы жариялау алдында пікір білдіру. Пікірталас барысында жұмыстың көкейтестілігі, құрылымы, баяндау қисыны мен уәжі анықталып, ғылыми немесе көркемдік мәні бағаланады. Пікірталас әлеуметтану, психология, педагогика және т.б. ғылым салаларындағы зерттеулерде қолданылады.
Тренинг – жеке адам не топтың ақпаратты сол кезеңде не болашақта қажеттілігіне жарату мүмкіндігі. Тренинг саналы жұмыс түріне баулиды: қатысушылар пікір алмасады, өз көзқарасын қалыптастыру, жеткізуге, сұрақты дұрыс жүйелеуге, өз білімін практикада қолдануға дағдыланады. Адамды күтпеген оқыс жағдайда ойлану мен шешім қабылдауға үйретеді. Нағыз іске, шеберлікке баулу сәттерін тудырады. Басты жауапкершілік жаттықтырушы (сабақ үдерісінде мұғалім мен көмекшілеріне) жүктеледі, оның ойынды ұйымдастыру, қарым – қатынас тұлға ретінде балаларға әсер етіп, шәкірт қабілетін аша білер кәсіби шеберлігі де аса маңызды.
Тренингтер ақпарат ала отырып түсініксіз сәттерді талқылауға, сұрақ қоюға мүмкіндік алса, онда берілген ақпарат тез меңгеріледі және алынған білімдер шәкірттердің мінез – құлық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
Кейс-стади технология – оқытушылардың дәстүрлі және қашықтықтан кеңес беруін ұйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуалдық, мультимедиялық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген. Кейс - технологиясы (ағылшынның case – потрфель ) оқытудан жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады. Кейс - технологияға арналған материалдар түрлері мыналар:
1. Әдістемелік нұсқаулар.
2. Жұмыс дәптері.
3. Анықтама.
4. Оқу, аудио, бейне материалдар.
5. Бақылау және емтихан материалдары.
Қашықтықтан оқытуға арналған кейстердің өзіндік сапалық қасиеттері болады.
Достарыңызбен бөлісу: |