5: Спорттық даярлықтың психологиялық қамтамасыз етілуі 1)Спорттағы психологиялық диагностика. Психологиялық диагностика-зерттеушіне белгілі жеке тұлға (индевид) немесе топты сипаттаушы психикалық компоненттерді бағалайтын экспериментальды әдістердің арнайы орентациясын айтуға болады. Анықтамасында көрсетілгендей, диагностиканың елеулі кезеңінде осы шақтағы беймәлім психикалық құбылыстар зерттермейді, керісінше, бұрынғы белгілері алдын-ала анықталған факторлар әсерімен белгісіз жағдайларда көрінетіндері: жеке тұлғалық айырмашылықтар жүктемелерге, жарыстарға бейімделуі бағаланады.
Спорттағы психодиагностика спортшы жеке басының қасиеттерін, психикалық процестер деңгейін (мысалы, құрамының жаңа ойыншыларының қабілеттерін анықтау үшін) жаттығу және жарыс кездерінде психикалық жай-күйлерін, жеке тұлғалар арасындағы қатынастарды бағалауға бағытталған.
Психодиагностика әдістері мен құралдарын таңдағанда зерттеуші ең алдымен төмендегі принциптерді басшылыққа алу керек:
1) Обективтілік принципі: птсихикалық құбылыстарды өмірде кездестіретіндей күйінде, іс-әрекеттің сыртқы және ішкі жағдайларын байланыстыра қарауды ойластырады, бұл жерде диагностика мәліметтері тәжірибе жасаушының тілегі мен мүмкіндіктерімен емес, олардың объективті мінездемесімен байланыста талданууы керек.
2) Комплекстік принцип: әдістемелерді комплексті пайдалануды немесе әртүрлі өмір жағдайларындағы эксперименттік көрсеткіштерді алмастыруды, айқындалатын элементтерді біріңғай құрылымға біріктіру үшін қолдануды және жекелеген процестер, қалыптар арасында байланыстарды орнатуды талап етеді.
3) Динамикалық принципі: кез-келген психикалық құбылысты оның мінездемесін ескере отырып, обективті дамуын тек қазіргі уақытта ғана емес, даму перспективасымен де қарастырылуы керек екендігі, диагностика жүргізілгенде әбден бекіген қасиеттері бар жоғары класты тәжірибелі спортшы жеке басында кездесетін мүмкін болатын өзгерістерді де мысалы, оның мотивациясы немесе стрессті факторлардың шексіз әсріне психологиялық тұрақтылығын да ескеру қажеттілігін білдіреді.