4) Аналитикалық-синтетикалық зерттеу принципі: бір жағынан, психиканың кейбір элементтерін, екінші жағынан, жеке тұлғаның немесе белгілі біл психикалық жай-күйдің толық мінездемесін бөліп көрсетеді, бірақ, көбінесе диагностика осы аталған спортшы немесе команда туралы жалпы қорытындыға алып келу керек.
Диагностиканың осы аталған принциптері әдістемені таңдауға және диагностиканы ұйымдастыруға қойылатын нақты талаптарды айқындайды.
Валидтілік- біл жағынан, психологиялық эксперименттер нәтижелері, екінші жағынан, сыналушының іс-әрекеті мен жүріс-тұрыс түрлері мен формалары арасындағы байланысты көрсетеді. Ол психологиялық эксперименттің өміршеңдігін айқындайды. Кеңінен қарастырғанда тесттің валидтілігі өзі қызмет ететін қайсыбір мақсаттар мен тілектерге қаншалықты жақын екендігін білдіреді. Психолог, өз пікірінше, спортшы реакциясының жылдамдығын бағалайтын жаттығулар ойлап табуы мүмкін. Дегенмен, қандай да бір тестті орындау тиімділігі реакцияның жылдамдығына емес, жауап беруші қимылдың орындалу уақытына тәуелді.
Спорттағы психодиагностиканың жалпы принциптері мен әдістері тексерулердің мақсаты мен міндеттеріне қарай қолданылады.
Диагностикаға арналған әдістемелердің;
Спортшының жеке тұлғалық қасиеттерінің ;
Психикалық процестер ерекшеліктерінің;
Психикалық жай-күйлерінің ерекшеліктерінің;
Спорттық командалардың әлеумттік-психологиялық ерекшеліктерінің жинақтары бар.
2. Жекелеген спорт түрлерінің психодиаграммасын жасауға арналған бағдарлама.
1. Спорттық қимылдардың біркелкі қатаң нақтылығы (мысалы, ауыр атлетикада, жүгіруде, лақтыруда т.б.)
2, Тәсілдердің алуан түрлілігі және күрделілігі (мысалы, күрес түрлері, спорт ойындары).
3. Жалпы алғанда жарыстар ұзақтығы.
4. Кейбір қимылдардың қайталануының жиілігі мен ұзақтығы.
5. Қимылдардың жылдамдығына қойылатын талаптар.
6. Ақпарат процестерінің күрделілігімен құрамы.
7. Реакция процестерінің жылдамдығына қойылатын талаптар.
8. Оны өңдеудің күрделілігімен құрамы.
9. Күштердің көріну ерекшеліктері.
10. Дене төзімділігіне қойылатын талаптар.
11. Жарыстар барысында эмоциональды қалыптардың ерекшеліктері.
Тактика ерекшеліктері (жекелік, топтық және т.б.)
Жекелеген спорт түрлерінің психодиаграммасын жасауға арналған материалдар байқаудың жүйелі әдістерін қолдану нәтижесінде пайда болады, хронометраж, статистикалық талдау, кейбір ақпараттық әдістемелер (мысалы, реакцияметрия, диномометрия т.б.) спорттық қызметтің қалыпты жағдайларында қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |