1: Психологияның жалпы негіздері Спортшының психологиялық дайындығы



бет8/12
Дата22.09.2022
өлшемі74,26 Kb.
#150324
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
спорт псх

Психикалық норма сипаттары келесідей әрекет-қылық ерекшеліктеріне ие: әрекет-қылықтың сыртқы ықпалдарға сәйкестігі; себеп-салдарлылығы; тұжырымды болуы; ұтымды тіршілік бағытына сай тәртіптілікте көріну; мақсат, мотив және әдістердің үйлесімділігі; басқа адамдармен жөн-жосықты қарым-қатынаста болуы; әлеуметтік италаптарға сәйкес өзіндік реттеу мен түзетулер бере білуі.
4: Спортттағы тұлға иен команда психологиясы
1. Психореттеу әдістерінің пайда болуы және дамуы.
Адамның сөздердің көмегімен және соларға сәйкес ойлану бейнелері арқылы адамның өзіне-өзі әсер етуін психикалық өзін-өзі реттеу деп атаймыз.
Мысалы, егер «лимонның сулы қышқыл бөлігі» десек, онда біздің ауызқуысымызда еріксіз сілекей бөлінеді. Немесе «мен тоңдым» деп өзі суықта тұрғандай сезініп, денесінің тері қабаты тоңазуы мүмкін. Осындай мысалдар өте маңызды екі қорытынды жасауға көмектеседі. Бірінші: сөздердің тұрақты серіктері-ойша бейнелер болып табылатындығы. Екінші: сөздер өздерінің ойдағы бейнелері арқылы біздің ағзамызға әсер ете алады. Психикалық өзін-өзі реттеудің негізгі екі бағыты-өзін-өзі сендіру мен өз-өзіне деген сенімділік болып табылады. Өз-өзіне деген сенімділік деп өзіне-өзі логикалық ойындардың көмегімен әсер етуін айтамыз. Алш өзін-өзі сендіру кезінде логиканы қалыптастырмай санаға әсер ете алатын күшті психикалық процесс сенім пайдаланылады. Мысалы, адам бөлмеде отырып, ең көп логикалық ойларды пайдаланса да, осы сәтте теңіз жағасында жатқандай сендіре де сезінеде алмайды. Ал бірақ мұндай жағдайдың мүмкін болатындығына сендіре алады. Жарақат алғанда аяғым ауырмайды деп өзіңді сендіре алмайсың, бірақ өзін-өзі сендіру көмегімен ауырғанды сезінуге тырысуға болады.

  1. Спорттық іс-әрекетте қолданылатын өзін-өзі реттеудің пайда болуы мен дамуы.

Өзін-өзі сендіру арқылы өзін-өзі әсер етуге болатындығын адам өте ертеде біздің эрамыздан бұрын білген. Әсіресе, шығыс елдерінде-Жапонияды, Қытайда, Индияда психикалық өзіндік реттеудің әртүрлі жүйелері қолданылған. Біздің эрамыздан бірнеше мыңдаған жылдар бұрын, негізгі ойларды өзін-өзі сендірумен ойлайтын, ерекше діни философиялық жүйе-«йога» пайда болған. Йоганың негізгі мақсаты-өз жеке басының «ерітілуі» мен оның құдайшылық бастауымен біте қайнасу иллюзиясы пайда болатын психофизикалық қалыпқа жету. Негізінен йога жүйесі идеалистік болса да өзінің мистикалық мақсаттарына жету үшін бір қатар материалистік әдістерді пайдаланылады. Ең қызығы олардың ішінде ағзадағы реттеуге болмайтын процестердің өзін саналы түрде реттеуге мүмкіндік беретін жандарды табуға болатындығында. Бұл жерде атап айтсақ, жүрек қызметінің қалпын өзгерту, дене қызуын көтеру немесе төмендету, және т.б.
ХІХ ғасырдың ІІжартысында Францияда, Германияда және Россияда науқас адамдарға көмектескен өзін-өзі сендірудің қызықты бірқатар әдістері пайда болды. Бірақ, бұл әдістер көппайда әкелсе де, өкінішке орай бізге дейін олардың ешқайсысы алғашқы нұсқасымен жеткен жоқ. Сондықтан қазіргі медицина саласы ретінде өзін-өзі сендіру айтылды. Оның бастауы 1932 жылы неміс психиары И. Г. Шультцтің «аутогендік жаттығу» деген кітабы жарық көрген уақыт деп айтуға болады.
Бұдан сәл бұрын американдық зерттеуші Эдмун Джекзон өзінің психикалық өзін-өзі реттеу әдістемесін жазып бітірді. Оның ойынша, түрлі эмоциялар кезінде қаңқаның бұлшық еттері не босаңсиды, не жиырылады. Сол бұлшық еттер босаңсығанда, адамның көңіл күйін керекті бағытқа, оның ішінде уайым, қорқыныш сезімдерді өзгертуге болатындығын дәлелдеген. Бірқатар артықшылықтар болсада, бұл жүйе еуропада аутогендік жаттығудай кеңінен таралмады. Совет Одағында Э.Джексон жүйесінің басқаша моделін спортшылармен жүргізілетін жұмысында В.П.Горовец пайдаланған. Біздің заманымызда канадалық маман Л. Персиваль ұсынған психикалық реттеудің барынша жеңіл әдістемесі де қызығушылық тудырады. Оның мәні тек екі дене механизмдерін-тыныс алу мен бұлшық еттердің жиырылуы босаңсуын пайдалану болып табылады. Бұлшық еттер жиырылғанда дем алуды тоқтатады, үйлестіріп, одан соң еркін жай тыныс шығарғанда бұлшық еттерді босаңсытып, шектен тыс уайымды толқуды қойып, өзін-өзі тыныштандыруға болады. Психикалық өзіндік реттеудің еуропалық және американдық әдістемелерін салыстыра отырып, пайдаланатын болса, ал екіншілерінде басты маңыз-дене мүшелеріне психикалық қалыпқа әсер ететін қаңқа бұлшық еттерінің тоңысуы мен тыныс алуға берілетіндігін көруге болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет