Практикалық психодиагностика-психологтардың кәсіби іс-әрекетінің өте қиын және жауапты саласы. Ол сәйкес білімді, кәсіби шеберлікті қажет етеді, ол адамның тағдырына әсер етуі мүмкін. Оның негізінде медициналық немесе сот-психологиялық диагноз қойылады, оның негізінде жұмысқа іріктелу жүргізіледі. Осыған байланысты психодиагностикаға және психодиагносттарға бірқатар әлеуметтік – этикалық талаптар қойылады. Оның жартысы практикалық психологтың этикалық кодексіне енгізілген. («білім алу психологиясы», 28-парау), қалғандары қосымша талқылауды қажет етеді. Оның ішінде – психодиагностика құпияларын сақтау, психодиагностикалық әдістемелердің ғылыми негізделуі, зерттеу нәтижелерінің ашықтығы, қорытындылардың объективтігі және ұсынылатын нұсқаулардың тиімділігі.