1 раздел Основные понятия информатики


Ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік кафедрасы



бет15/72
Дата11.04.2023
өлшемі1,69 Mb.
#174148
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   72
Байланысты:
билет по ИКТ каз для ДОТ ответы

Емтихан билеті №5


Ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік кафедрасы


Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пәні
Барлық білім беру бағдарламалары үшін

1. Компьютерлік жүйелердің архитектурасы мен компоненттері.


Конструкторлық тұрғыдан дербес компьютер жүйелік блок түрінде болады, оған арнайы қосқыштар арқылы басқа құрылғылар жалғанады. Жүйелік блоктың ішіндегі құрылғылар ішкі құрылғылар деп, ал жүйелік блоктан тыс сыртындағы құрылғылар – сыртқы (шеткері - перифериялық) құрылғылар деп аталады.
Жүйелік блок ішіне компьютердің әр түрлі құрылғылары орналасатын металл қорапшадан тұрады.
Формасы бойынша корпус түрлері мынадай болады:
· Desktop – жазық корпус (көлденеңінен орналасатын),
· Tower – бағана түріндегі  (тігінен орналасатын).
Корпустың алдыңғы жағында Power – іске қосу, Reset – Қайта қосу, қоректену және ДК жұмысының индикаторлар батырмалары болады.
Жүйелік блокта компьютердің негізгі түйіндері орналасады:
· қоректену блогы;
· аналық плата;
· қатты магниттік дискідегі жинақтауыш;
· оптикалық дискідегі жинақтауыш;
· оперативтик жады;
· бейне карта;
· қосымша құрылғыларға арналған қосқыштар.
Қоректену блогы компьютердің электрондық схемалары үшін желідегі электр қорегін төмен кернеулі тұрақты токқа түрлендіреді. Қоректену блогы желілік айнымалы 220 В, 50 Гц (120 В, 60 Гц) кернеуін тұрақты +3,3, +5 және +12 В кернеуіне түрлендіреді. Цифрлық схемаларды (жүйелік платаны, адаптерлер платасын) қоректендіру үшін +3,3 немесе +5 В кернеу, ал двигательдер үшін (дисководтар және әр түрлі желдеткіштер үшін) – +12 В кернеу қолданылады.
Магниттік дискілер ТСҚ (ПЗУ) (тұрақты есте сақтау құрылғысы) – мәліметтерді ұзақ уақытқа дейін (компьютер сөндірілген кезде де) сақтау үшін арналған микросхема.
Бұл дискілерде бағдарламалар, құжаттар, деректер сақталады. Оны көп жағдайларда винчестер деп атайды. Информациялар магниттік бетке концентрлік шеңбер тәріздес жолдарға жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет