1 раздел Основные понятия информатики


Ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік кафедрасы



бет11/72
Дата11.04.2023
өлшемі1,69 Mb.
#174148
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   72
Байланысты:
билет по ИКТ каз для ДОТ ответы
isahanov elektr исаханов лекция Элек машины, аға куратор есебінің құрылымы, Мазм ны. Кіріспе. I. Tapay. А ылшын сленгтеріні ерекшеліктері, English Grammar in Use, 1лаб ДМ, GPS приемник - современное спутниковое оборудование - системы GPS и Глонасс Технокауф в Москве, 5 урок Осеева, Философияның Адам рөліндегі орны, презентация, Готовность ДП 28..04 спец Приборостроение, Негізгі комбинаториканың объектілері, Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. ІІ оқулық (Аканбай Н.) (z-lib.org) (1), Айнымалы ток тізбегі активтік, индуктивтік ж не сыйымдылы ты ке, Жылу берілу түрлері, В ней сопротивления R1 и R2 заменены сопротивлением R
Емтихан билеті №3


Ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік кафедрасы


Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пәні
Барлық білім беру бағдарламалары үшін

1. Интерфейстер түрлері: командалық жолдың интерфейсі, мәтіндік интерфес, графикалық интерфейс.


Графикалық пайдаланушы интерфейс (GUI).
Графикалық пайдаланушы интерфейс (Graphical User Interfase – GUI) “пайдаланушы-компьютер” қарым-қатынасының стилі ретінде анықталады. Онда мынандай негізгі элементтер қолданылады: терезелер, пиктограммалар, мәзір және көрсеткіштер. Кейде GUI-интерфейсін WMP-интерфейсі деп атайды.
GUI-интерфейсінің негізгі қасиеттері – ол бақылау жасау мүмкіндігі, маус немесе көрсеткіштің қолданылуы, графиканың пайдалануы, функция мен мәліметтер қосымшасы ауданының болуы. GUI – компоненттерін тереңірек қарастырайық. Терезе – ол бейнелеу құрылғысының облысы, нысандармен, нысандар туралы ақпаратпен өзара қатынасы үшін қолданылады немесе нысандарға қолданылатын әрекеттерді орындауға арналған. Терезеде тақырыптар жолы болады, ауыспалы операциялар теруіне ие болады, мөлшерінің өзгеруі, мәзір теруімен және нысанілер туралы ақпарат көрсететін арнайы облысы болады. Әдетте терезе тікбұрышты болып келеді. Онда терезені қолданатын қосымша, GUI–бағытталған қосымша болып келеді. Терезе ақпаратты құрылғы бейнесінің тек қана бір аймағына немесе облысқа бейнелейді. Бейнелеу құрылғысын жарым-жартылай қолдану, бірмезетте бірнеше нысандармен немесе сұхбатты басқарушылармен өзара қатынаста болу үшін бірнеше терезені қарап шығуға мүмкіндік береді.
Пиктограммалар. Пиктограмма көп жағдайда терезеге ұқсас болып келеді, бірақ формальды анықтамаға сәйкес – бұл бейнелеу құрылғысының облысы, нысандармен көрнекті қылу үшін қолданылады. Пиктограмманың типтік қасиеттері нысанды, тақырыбын немесе атын көрсету үшін графикалық символдарды қосады, сонымен қатар операцияларды бақылайды. Пиктограммада орындалатын, нысанды сипаттайтын – бұл Open (ашу) операциясы, ол нысан туралы ақпараты бар терезені сипаттайды.
GUI–интерфейсінде қолданылатын, формалды түрде пиктограмма болып саналмайтын графикалық символдардың жиыны бар. Нысандардың атрибуттерін, жағдайларын және әрекеттерін сипаттайтын графикалық символдар ақырғы пайдаланушылармен пиктограмма сияқты қабылдануы мүмкін. Бірақ GUI–интерфейсі және стандарттарды құрастырушылардың көзқарасы бойынша, оларды графикалық батырмалар ретінде қарастырған жөн. Мұндай жағдайларда графикалық символдардың қолдануына мына терминдер “пиктограмма” және “графика” арқылы өзара алмастырылады.
Мәзір. Мәзір баламалардың қатарын көрсетеді. Оның көмегімен пайдаланушы, өзінің таңдауын жүзеге асырады. Әдетте GUI бағытталған мәзірдің баламасы – нысандармен амалдар орындау үшін, пайдаланушылармен таңдалатын командалардың аттары болып келеді. File (Файл) мәзірі - мәзірдің мысалы, ал File мәзірінде орналасқан - Print командасы баламалы нұсқасының мысалы болып табылады. Мәзірде барлық пайдаланушы командалар орналасқан. Жүйенің графикалықтан өзгешесі, керісінше мәзірде дисплей толығымен қолдану қажет. Бірақ мәзір иерархия тәсілімен орналасу қажет.
Көрсеткіштер. Графикалық жүйелер әдетте маустың немесе жұмыр манипулятор түріндегі координаттық - сілтеуіш құрылғылардан тұрады.
Координаттық - сілтеуіш құрылғы деп пайдаланушы енгізуді осы құрылғы көмегімен жүзеге асыра алатын экрандағы орынды түсінеміз. Көрсеткіш - ол графикалық символ. Координаттық - сілтеуіш құрылғыға жүйеге кірудің орынын көзбен шолу арқылы көрсетеді. GUI интерфейсте қолданылатындар көрсеткіштер, бағыт түріндегі жүйелік көрсеткіштен, графикалық қайта түйісу және І - бейнелі немесе бөренелік көрсеткіштен тұрады.
Тікелей бақылау. GUI интерфейсінің ең маңызды қасиеті - тікелей бақылауда болып табылады. Ол пайдаланушыға көрсеткіштің көмегімен нысандармен өзара қатынаста болуға мүмкіндік береді. Мысалы, маустың көмегімен терезенің экрандағы орнын ауыстыруға болады. Терезе тақырыбы жолына көрсеткішті орналастырып, маустың батырмасын басып ұстап, маусты да жылжытып отырамыз. Мәзір немесе баламаларды таңдаудың көмегімен орындалатын әрекеттерді, тікелей бақылауды қолдана отырып орындауға болады. Мысалы, көптеген жүйелерде құжат пиктограммаларын жұмыс үстеліндегі принтер пиктограммасына тасу нәтижесі - құжатты баспаға шығару болып табылады. Тікелей бақылау арқылы орындалатын әрекеттерге Move (орын ауыстыру), Copy (көшіру), Delete (өшіру), Link (байланыстыру) операциялары жатады.
Басқада қасиеттер. GUI - интерфейске тән басқада жұмыс әдісіне - айырбастау буфері, пернелердің қиыстырулары, мәзірде және сұхбатта үдейтін пернелер, сонымен қатар маус - пернелердің өзара қатынасының қосымша мүмкіншіліктері жатады. Бұл механизмдер пайдалы болғанына қарамастан, GUI-интерфейстің маңызды қасиеттері ретінде қарастырылмайды.
GUI-интерфейсі қолданбалықтың жоғары дәрежесіне кепілдік бермейді. Бірақ дұрыс деңгейде жобаланған GUI-бағытталған бағдарламалық қосымша, пайдаланушы жұмысының тиімділігі жағынан, оның графикалық емес аналогынан асып түсуі мүмкін.
Командалық қатардың графикалық емес пайдаланушылық интерфейс (Command Line Interface – CLI).
Бұл интерфейс қосымшалармен жиі жұмыс істейтін дайындалған пайдаланушыларға арналған. Пайдаланушы қатаң белгіленген ішкі құрылымы бар командалар арқылы қосымшалармен жұмыс істейді. Командалар коды осы командалар арқылы орындалатын қосымшалардың функциясын теңестіреді. Командалар коды функцияның аталуын көрсетеді және түсінікті тілдегі сөздер ар­қы­лы немесе қысқартылған түрде жазылады. Командалар пайдаланушыға жүйенің сауалдарына жауап беріп отырудың орнына, лезде керекті функцияны өзгешеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Мәтіндік пайдаланушы интерфейсі, TPI (ағылшынша Text user interface, TUI; сонымен қатар Character User Interface, CUI) - ақпаратты енгізу / шығару және ұсыну үшін тек әріптік-псевдографиялық белгілер жиынтығын қолданатын пайдаланушы интерфейсі. Ол кіріс-шығыс жабдықтарының (атап айтқанда, жад) ресурстарына төмен сұраныспен және ақпараттың жоғары жылдамдығымен сипатталады. Бұрын пайда болған командалық жолдың интерфейсін іске асыруға бағытталған аппараттық мүмкіндіктердің дамуымен компьютерлік технология дамуының алғашқы кезеңдерінің бірінде пайда болды, бұл өз кезегінде телетиптерді компьютерлік технологияның интерфейсі ретінде қолданудың мұрагері болып табылады. Пәрмен жолының интерфейсі графикалық интерфейске қарағанда бірнеше артықшылықтарға ие, сондықтан мәтіндік интерфейсі бар бағдарламалар қазіргі уақытта жасалады және қолданылады, әсіресе нақты аудандарда және қуаты аз жабдықта.

Интерфейстің бұл түрінің кемшілігі - жабдықпен қамтамасыз етілген қаріпке енгізілген таңбалардың шектеулі болуына байланысты шектеулі визуалды құралдар.


Мәтіндік интерфейсі бар бағдарламалар, әсіресе псевдографиялық таңбаларды қолдану арқылы кеңейтілетін терезе интерфейсін жүзеге асыра алады.


2. Электрондық бизнес.


Заманауи бизнестің шарттарында маңызды орынды ақпараттық технология-лар алады. Ақпараттық технология саласындағы жетістіктер ақпаратты өңдеумен байланысты (мысалы, маркетингтік зерттеулер жүргізеді). Әр процестің эфектісін көтеруді ғана жүзеге асырмай, сонымен қатар бизнес аймақты толықтай радикалді өзгертеді. Бизнестің жаңа түрлері пайда болды, ағымдағылар да жақсы қалыптасты (мысалы, сақтандырушы өнім клиенттердің сұранысы бойынша жасалды, 365 күн жылында кез келген елде тәулік бойы сервистік қолдаумен қамтамасыз етті).
Электрондық Бизнес (e-Business)-бизнес-процестің кез келген нысаны,бұл реакция электрондық тұлғалар арасында жүреді, онда Е-коммерцияны электрондық бизнестен ажырата білу маңызды.«Онлайн» сату немесе электрондық коммерция-электрондық орындалатын процесс, онда өнім,қызмет меншік немесе пайдалану бір адамнанбір адамға ауыстырылады. Е-бизнес - осы тұрғыдан, электрондық коммерцияға ұқсас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет