Асептика (a- жоқ, septicas- шіру, ірің)– жарада, денеде микробтардың пайда болуының алдын алу шарасы. Асептикалық жағдай операциия жасайтын бөлмелерде, дәрі дайындайтын бөлмелерде жасалады.
Антисептика (anti- қарсы, septicas- шіру, ірің)– жарадағы, денедегі пайда болған микробтардың өсуін тоқтату және жою шарасы.
Дезинфекция-(des-керісінше, inficere- жұқпалану)- қоршаған ортадағы (бөлме, киімдер, науқас күтімінде қолданылатын заттар, аспаптар) өсіп келе жатқан (вегетирующие) микроорганизмдер мен паразиттерді жою шарасы.
Стерилизация- микробтарды ұрықтарымен физикалық-химиялық әдістермен жою шарасы.
Дезинсекция- жұқпалы ауруларды тасымалдайтын жәндіктерді (бит, сірке, т.б) жою шарасы. Бұл заттар дезинсекцидті заттар деп аталады.