Әсер бірлік (ӘБ) - биологиялық белсенді заттың емдік әсер көрсететін мөлшері. Әсер бірлік жануарларда тексеріліп анықталады (мысалы: 0,6мкг пенициллин = 1ӘБ, немесе 50мл сорпадағы микробты өлтіруге қабелетті антибиотик мөлшері).
№28 Микробқа қарсы қолданылатын синтетикалық дәрілер. Классификациясы, дәрілері, фармакодинамикасы, қолданылуы.
Микробқа қарсы қолданылатын синтетикалық дәрілер 1.Сульфаниламидті препараттар 2.Нитрофуран туындылары 3.Хинолондар4.Хиноксалин туындылары
1-Сульфаниламидті препараттар
А. АІЖ жақсы сіңірілетін сульфаниламидтер :
а.Әсері қысқа сульфаниламидтер (8-12сағ.): Сульфацил-натрий, Стрептоцид, норсульфазол,Этазол.
б.Әсері ұзақсульфаниламидтер (24-48сағ.): Сульфапиридазин
с. Әсері өте ұзақсульфаниламидтер (65сағ.):Сульфален
Б.АІЖ нашар сіңірілетін сульфаниламидтер: Сульгин, Фталазол
С.Триметоприммен қиыстырылған сульфаниламидтер:Ко-тримаксазол(Бисептол), Лидаприм
Сульфаниламидті препараттар химиялық құрылысы жағынан микроорганизмдердің өсуіне қажет фолиенді қышқылдың түзілуіне керекті пара-аминобензой қышқылына ұқсас. Сульфаниламидті препараттар микроб жасушасының өсуі мен көбеюін тоқтатып, бактериостатикалық әсер көрсетеді. Дәрі мөлшері жеткіліксіз болса тұрақтылық пайда болады.
Жанама әсерлері:Аллергия, диспепсия, кристалурия- бүйректе тас пайда болуы мүмкін (сусындарды көп қабылдау қажет), бас айналу, анемия, лейкопения, невриттер.
Қарсы көрсеткіштері: бауыр, бүйрек және қан жүйесі қызметі бұзылулары.Микробқақарсы әсерін төмендететіндіктенсульфаниламидті препараттардыНовокаинмен бірге қолдануға болмайды.Себебі Новокаин сіңгенде пайда болатын метаболит-тердің бірі парааминобензой қышқылы сульфаниламидтердің антагонисті болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |