Антибиотиктер
Антибиотиктер (анти-қарсы, биос-тіршілік, өмір)- әртүрлі микроорганизмдердің өмір сүру қабілетін жоюға бағытталған биологиялық заттар немесе оның синтетикалық аналогтары.
Антибиотиктер негізгі және қосымша (резервті) деп бөлінеді.
Негізгі антибиотиктер- тиімділігі жоғары, улылығы төмен.Емдеуді осылардан бастайды.
Қосымша(резервті) антибиотиктер – улылығы жоғары, тиімділігі жоғары, кері әсерлері көп немесе оларға микроорганизмдердің тұрақтылығы тез пайда болады.
Негізгі антибиотиктер әсер етпеген жағдайда немесе оларға аллергия, тұрақтылық болғанда қосымша антибиотиктерді тағайындайды.
Антибиотиктердіңң жанама әсері: Барлық химиотерапиялық дәрілерден жылдам және баяу аллергиялар, бұлшық етке салған жерде ауырсынулар,тамырға салғанда флебит, тромбофлебиттер, суперинфекция байқалуы мүмкін. Бауырға,бүйрекке,қан жүйесіне, есту мүшесіне, бас жүйке қызметіне кері әсерлер беруі мүмкін.
Суперинфекция - химиотерапевтикалық дәрілерді қолданғанда пайда болатын кері әсерлер (кандидоз, микробтардың тұрақтылығы, қалыпты микрофлораның жойылуы, т.б.).
Антибиотиктердің көбі әсер бірлікпен мөлшерленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |