Тыныс алу мүшелері қызметіне әсер ететін дәрілер.
1-Тынысты қуаттандыратын дәрілер-тыныс алу стимуляторлары.
2-Жөтелді басатын дәрілер.
3-Қақырық түсіретін дәрілер.
4-Бронхолитиктер.
5-Өкпе ісінуінде қолданылатын дәрілер.
1-Тыныс алу стимуляторлары:
Қолданылады: наркотикалық анальгетиктермен уланғанда, көміртегі тотығымен жеңіл уланғанда, асфиксияда, наркоздан кейін өкпеге дем беру қажет болғанда. Тынысты қуаттандыратын дәрілердің әсері қысқа және олар өте сирек қолданылады. Қайта қолданғанда тыныс орталығы әлсіреп, тырысулар байқалады. Сондықтан гипоксиялық жағдайларда жасанды дем беру тиімдірек.
А)Тыныс алу орталығына тікелей әсер ететін дәрілер:
Аналептиктер: Этимизол, Кофеин-бензоат натрий, Камфора, Сульфокамфокаин, Бемегрид, Стрихнин, Никетамид.
Аналептиктер (грек тілінен analepsis-қалпына келтіру, жақсарту) – өмірге маңызды сопақша мидағы тыныс алу және тамыр қозғалту орталықтарын қоздырады. Тамырларды тарылтып, қан қысымын жоғарлатады.
Б) Тыныс алу орталығына рефлекторлы әсер ететін дәрілер:
Н- холиномиметиктер: Цититон, Лобелин хидрохлорид.
С) Аралас әсерлі тынысты қуаттандыратын дәрілер:Кордиамин, Карбоген (5% көмір қышқылы мен 95% оттегі қоспасы)
Достарыңызбен бөлісу: |