5-Өкпе ісінуінде қолданылатын дәрілер.
Өкпе ісінуі жүрек қан тамырлары жүйесі ауруларында, өкпенің химиялық заттармен зақымдануында, бауыр, бүйрек патологиясында, ми ісінуінде байқалады. Өкпе ісінуі өмірге қауіпті жағдай. Өкпеде сұйық пайда болып, ол дем алған сайын көпіршіктеніп, тыныс жолдары көбікпен бітеледі. Ауа жетпей тыныс тарылады.
Өкпе ісінуінде қолданылатын дәрі топтары:
1-Көбікті басуға этил спиртінің 30-90% буымен оттегін жұтқызу. Этил спирті брохтарды бітеп көп орын алып тұрған көбікті сұйыққа айналдырады.
Көбікті басауға ингаляциялық сұйық – Антифомсилан қолдануға болады.
2-Наркотикалық анальгетиктер: Морфин, Фентанил, Таламонал.
3-Сусыздандыратын осмостық диуретиктер: Маннит, Мочевина.
4-Несеп айдаушы дәрі: Фуросемид, Этакрин қышқылы.
Өкпе ісінуін кешенді емдеу барысында қосымша қолданылады:
1-Миотропты спазмолитик, бронхолитик: Эуфиллин.
2-Гипотензивті дәрілер: Клофелин, Энап, Бензогексоний.
3-Жүрек гликозидтері: Строфантин, Коргликон.
4-Глюкокортикоидты гормон: Преднизолон ерітіндісі көк тамырға. Қабынуға қарсы және иммунодепрессивті әсер көрсетеді
№43Жүрек қан-тамырлары жүйесіне әсер ететін дәрілердің клссификациясы. Қолдану көрсеткіштері.
Достарыңызбен бөлісу: |