1 Рецепт. Бланк түрлері. Рецепт жазу, рәсімдеу ережелері



бет58/87
Дата18.06.2020
өлшемі124,41 Kb.
#73983
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   87
Байланысты:
farma emtikhan suraktary docx

Гипотензивті дәрілер артериялық қан қысымын төмендету үшін белгіленеді.

Артериялық гипертензияда симпатикалық жүйке жүйесінің жұмысы көбейіп, жүрек жұмысының жиілеп артуы қан тамырларының жіңішкеруіне алып келеді. Артериялық қысымның көтерілуіне ағзада натрий иондарының көбеюі себеп. Бүйрек шумақтарында ренин клеткалары түзіліп Ангиотензин І-дің пайда болуына әсер етеді. Одан ол Ангиотензин ІІ-ге айналады және тамырларды тарылтып артериялық қысымды жоғарылатады.

Артериальды гипертензия - артериялық қысымның сынап бағанымен 140/90 мм көрсеткішінен тұрақты жоғарылауы. Елімізде халықтың 15-25%-ы артериалды гипертензия ауруымен ауырады.

Систолалық қысым сол жақ қарыншаның жиырылу кезіндегі қан көлеміне, қанның айдалу жылдамдығына, аортаның созылғыштығына (эластичность) байланысты.

Диастолалық қан қысымы жалпы шеткері тамырлардағы кедергіге (сопротивление), жүрек жиырылуының жиілігіне байланысты.

Артериалды гипертензия келесі аурулардың қауіп- қатер факторы болып есептеледі: жүректің ишемиялық ауруы, ми инсульты, жүрек және бүйрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі.

Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының топтастыруы бойынша артериальды гипретензия ауруы 3 дәрежеге бөлінеді.

дәреже систолалық қысым с.б .140-159мм, диаст-қ қысым с.б. 90 -99мм

дәреже 160-179мм 100-109мм

дәреже 180мм- ден жоғары 110мм-ден жоғары.

Алдымен бірінші дәрежелі артериалды гипертензияда салауатты өмір салтын қалыптастыруға кеңес беріліп, оны қадағалау қажет. Артериялық қысым өте жоғары болғанда оны бірте-бірте төмендету қажет.

Емдеу барысында артериялық қысымды төмендету қажет:

Бүйрек жеткіліксіздімен ауыратындарда с.б.120/70мм

Қант диабетімен ауыратындарда с.б. 130/85мм

Басқаларында с.б. 140/90мм

Әсер етуіне қарай гипотензивті дәрілер келесі топтарға бөлінеді :





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет