1-сабақ. Бөлім: 4а экология және тұрақты даму


Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету»



бет27/40
Дата24.01.2023
өлшемі10,48 Mb.
#166272
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   40
Байланысты:
5 сынып қмж жаратылыстану

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
30 мин.



1-тапсырма
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді.
Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады



1. Суретке мұқият қарайды. Тұрғын үй қабырғасына салынған бұл граффити арқылы автор не айтқысы келді? Ол қандай мәселені көрсетті?
Бұл мәселенің салдары қандай болмақ?



Дескриптор: Жалпы – 3 балл.
-Сұрақтарға жауап береді



Оқулық, жұмыс дәптерлері, құлаққап.






2-тапсырма
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1. Ғылымды дамыту үшін қоршаған ортаны құрбандыққа шалуға бола ма? Дәлелді мысалдар келтіреді. Сыныптастарыңды мұқият тыңдайды.
Әркім өз көзқарасын айтуға құқылы.



Дескриптор: Жалпы – 4 балл.
- Дәлелді мысалдар келтіреді.

Оқулық, жұмыс дәптерлері






3-тапсырма.
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1. Сен тұратын жерде орманды отау мәселесі бар ма?
Ол адамдар өмірінің сапасына әсер етеді деп ойлайсың ба?
Бұл мәселені шешу үшін қандай шара қолдану керек?

2. 1. Мәселелердің деңгейіне сәйкестігін анықтайды





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет