Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
30 мин.
|
№1-тапсырма
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді.
Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады
|
1. Сендер алдын ала дайындаған материалдарды пайдалана отырып, облыс аумағында қандай экологиялық мәселе бар екенін анықтайды
және оларды төмендегідей жоспар бойынша сипаттайды: мәселе атауы, қоршаған ортаға әсері, шешу жолдары.
|
Дескриптор: Жалпы-3 балл:
- Тапсырмаларды талқылайды.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері.
|
|
№2-тапсырма
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1. Топта сұрақтарды талқылайды. Бұл қоқыс қайда жіберіледі деп ойлайсың?
– Сен күн сайын қанша тұрмыстық қалдық тастайсың?
– Сен қоқысқа нені тастайсың?
– Тұрмыстық қалдықтардың қоқыс орнына қалай қарайсың?
– Қалдықтар адам тіршілігі мен денсаулығына қалай әсер
етеді?
Іс жүзінде барлық қалдықтарды екінші рет пайдалануға
болады. Тек шамалы ғана ойлану қажет. Мысалы, ескі
қақпақтардан не жасауға болады?
|