1-Сабақ Көптік жалғаулар 6



бет3/8
Дата30.03.2018
өлшемі1,63 Mb.
#39836
1   2   3   4   5   6   7   8
а, -е, -й, а затем личных окончаний глагола.

Корень глагола оканчивается на согласный –а, -е




1.Мен жаз –а- мын «Я пишу»

2.Сен жаз –а –сың «Ты пишешь»

Сіз жаз –а –сыз «Вы пишите»
3.Ол жаз –а –ды «Он пишет»


1.Біз жаз –а- мыз «Мы пишем»

2.Сендер жаз –а –сыңдар «Вы

пишете»

Сіздер жаз –а –сыздар «Вы



пишите»

3.Олар жаз –а –ды «Они пишут»



2.При образовании собственно-настоящего времени в III лице единственного и множественного числа личные оканчания отсутствуют, а при образовании переходного времени добавляются оканчания –ды/-ді. Сравните: III. Ол отыр – Ол жазып отыр – Ол жазады.

Олар жүр – Олар келіп жүр – Олар келеді.
1-тапсырма. Мына сөйлемдерді аяқтаңыз.
1.Мен үйге хат жаз ... 2.Біз теледидарды күнде көр... 3.Сен мына әдемі үйде тұра... 4.Асан үйге сүт әкел... 5.Сен бізге күнде кел... 6.Сендер диктант жаз... 7.Мен Медеуге коньки теб... 8.Түсте олар сөйлес ...
2-тапсырма. Мына сөйлемдерді аяқтаңыз.
1.Марат диванда ұйықта... 2.Бала қатты жыла... 3.Сен ағаштан не жаса ... ? 4.Сіз қайда қара ...? 5.Біз тәрелке жина ... (собираем). 6.Сіздер не қала… (выбираете)? 7.Шай қайна… (кипит).
3-тапсырма. Төменде берілген жоспар бойынша «Кім боламын ?» деген тақырыпта әңгіме, сұхбат құраңыздар.
Пікір талас: Мамандығым – мақтанышым
1. Мен ұнататын мамандық.

2. Ол мамандықтың ерекшелігі.

3. Ол мамандықты қалау себебім.

4. Сол мамандықта еңбек етіп жүрген ардагерлер.

5. Олардың ел құрметіне бөленуі.

6. Өз мақсатыма жету үшін алдағы жоспарым мен ойларым.


4-тапсырма. Мына сөйлемдерді аударыңыздар, жаттап алыңыздар.

1. Адал еңбекпен мал іздемек – арлы адамның ісі. (Абай).

2. Оқымаған маманның ойы шабан.

3. Сүйіп істеген іс шаршатпайды.

4. Жаның сүйген еңбегің – жан рақаты.

5. Игілік кілті – еңбекте.


5-тапсырма. Мәтінді оқыңыздар.
Мамандықты дұрыс таңдай білу керек
Мамандық таңдау - әрбір мектеп бітіруші түлектің мақсаты. «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең», - дейді халық. Барлық адам баласының арманы болады. Арманшыл адам болашақта дегеніне жете алады. Мамандық пен өнерді адам өз жүрегінің қалауымен, өз қабілетіне қарай таңдап алады. Мамандықтың түрі өте көп. Біреулердің арманы - әнші немесе адам өмірінің арашашысы – ақ халатты дәрігер болу. Енді біреулері – шәкірттерді білімге жетелейтін ұстаз, сөзбен өрнек салатын жазушы болуды армандайды.

Адам жас кезінен бастап өзінің жүрегі қалаған мамандығына қарай бейімделе бастайды. Терең білім алуға талпынады. Өз бетінше ізденеді. Көп оқиды. Түрлі мамандықта еңбек етіп жүрген адамдардың өмірімен танысады. Сондықтан да балалық шақ пен болашақ әрқашан үндесіп жатады. Сөйтіп, болашаққа апаратын тура жол бала шақтан басталады.


***

Белгілі бір мамандыққа, кәсіпке адамның бала кезінде-ақ қабілеті, икемділігі байқалады дедік. Осы қасиеттерді ары қарай дамыту – ата-аналардың, ұстаздардың міндеті. Ал ержете келе адам өзінің қабілетін әрі дамытуы керек. Ата-бабаларымыз: «баланы жастан» - деп, сынай қараған.

Шешен болар балаңды,

Сөз қатқаннан танисың, - дейді жыраулар толғауында.


6-тапсырма. Мәтінді оқып, мамандықтың түрлері туралы ой бөлісіңіздер.

7-тапсырма. «Мамандығым – металлург» деген тақырыпта шығарма жазыңыздар.

8-тапсырма. Еңбек, кәсіп туралы мақал-мәтелдерді көшіріп жазып, мағынасын түсіндіріңіздер.


Еңбексіз тапқан мал,

Есепсіз кетер.


Еңбексіз іс бітпейді,

Еріншектің қолы жетпейді.

Еңбек түбі – береке,

Көптің түбі – мереке.


Жас кезіңде бейнет бер,

Қартайғанда дәулет бер.




9-тапсырма. Сөйлесу үлгісі.


    • Мен Қарағанды мемлекеттік индустриалық университетте оқимын.

    • Сен ше ? ___________________________

    • Мен «Қара және түсті металдар металлургиясы» мамандығында оқимын.

    • Сен ше ? ___________________________

    • Біз агломерат, шойын, болат, ферроқорытпа, түсті металдар, қорғасын, мырыш және т.б. өндіріс технологиясын оқып білеміз.

    • Ал, сендер ше ? _____________________

    • Мен университетті бітірген соң ҚР кәсіпорындарында «MITTAL STEEL TEMIРТАУ» өндірісінде болат балқыту, пештен тыс өңдеу, үздіксіз құю, домна цехына жұмысқа орналасуға мүмкіндігім бар.

    • Ал, сен ше ? ________________________

    • Өндірістік тәжірибені «MITTAL STEEL ТЕМІРТАУ» цехтарында өткіземін.

    • Ал сен ше ? _________________________


10-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Металлург

Құрылысшы

Емші

Экономист не істейді ?



Менеджер

Есепші


Мұғалім

Дәрігер


Сатушы

Жүргізуші қайда жұмыс істейді ?

Сәулетші

Малшы
11-тапсырма. Мамандықтардың аттарын енгізіп, сөзжұмбақ құрыңыз.


10-сабақ
Жедел Өткен шақ



(Очевидно-прошедшее время глагола)
В казахском языке прошедшее время имеет 2 формы: очевидно-прошедшее время, давнопрошедшее время.

Очевидно-прошедшее время обозначает действие, имевшее место в прошлом. Оно образуется путем присоединения к корню или к глаголу суффиксов –ды/-ді, -ты/-ті и личных оканчаний. Например: жазу – жаз –ды –м, где –ды означает прошедшее время, а –м –I лицо ед.ч.

Варьирование суффиксов –ды/-ді, -ты/-ті подчиняктся правилам сингармонизма и прогрессивной ассимиляции.
1-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.
2-тапсырма. Сұрак бойынша өз ойыңызды ортаға салыңыз.


  1. Қазіргі кезде Қазақстанда экономиканың қандай салалары жақсы дамыған деп ойлайсыз?

  2. Бүгінде Қазақстан экономикасының қай саласын дамытуға басты назар аудару керек деп айтар едіңіз? Неге?


3-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз. Қандай жаңа мәліметтер алдыңыз? Оларды оқып беріңіз.
Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктері
Қазақстанның өркендеуі, оның азаматтарының әл-ауқатының артуы, ел қауіпсіздігінің нығаюы, экологиялық, демографиялық мәселелердің жақсы жолға қойылуы, Қарулы Күштерінің күшеюі — экономика саласына тікелей байланысты. Сондықтан Қазақстанның басты стратегиясы — ашық экономика және еркін сауда саясатын ұстану.

Қазақстанның жерінің байлығы оның экономикалық мүмкіндіктерін көрсетеді. Ғалымдардың есебінше, Қазақстан минерал қоры бойынша әлемде алдыңғы орында. Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99-ы қазақ жерінде. Оның 70 %-ы зерттеліп, 60 %-ы өндіріске енгізілген. Кен орындары жердің бетіне жақын орналасқандықтан, оларды игеру біршама оңай.

Елде 35-ке жуық химия және мұнай өндірісінің кәсіпорындары жұмыс істейді. Түрлі-түсті металлургияда 30-ға жуық кәсіпорын металл қорытып, шикізат өңдейді. Қорғасын және мырыш шикізатын өңдеумен айналысуға 15 кәсіпорын маманданған. Лондонның түрлі-түсті металл биржасында Қазакстанда жасалған өнім бірнеше рет эталлон ретінде бағаланды. Қазақстанда темір және тас көмір қорын игерумен 24 кәсіпорын шұғылданады.

Әлемдегі уран қорының төрттен бірі Қазақстанда. Уран бейбіт мақсатта электр стансаларында қолданылады. Соның ішінде әлемдегі тұңғыш нейтрон өндіріс реакторы Каспий жағалауында орналасқан. Ол электр энергиясын ғана өндіріп қоймайды. Сонымен бірге Ақтау қаласы үшін теңіз суын тұшытады.

Қазақстанның болашағы мұнай, газ кешенінің дамуына байланысты. Қазақстан үшін мұнай мен газ - аса маңызды стратегиялық сала. Мамандардың мәліметтеріне қарағанда, бүгінде Қазақстандағы мұнай мен газ шикізатының қоры - 2,8 млрд. тонна болса, табиғи газдың қоры 1,9 млрд. текше метрді құрайды. Қазір Қазақстан нақты дәлелденген мұнай қоры бойынша әлемде 9-орында. Табиғи газдың қоры бойынша әлемде 15-орында, ал ТМД елдері бойынша 4-орында.

Республика шабындық және жайылымдык жерінің аумағы бойынша Австралия, АҚШ, Қытайдан кейінгі орынды иеленеді. Бидайдың қатты және күшті сорттары астық дақылдарының 60 пайызын құрайды. Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының дәстүрлі өрі жетекші саласы. Қазақстанда балықтың бағалы тұқымдары өндіріледі, олар шетелдерге экспортталады.

Қазақстан тек шикізат өндіретін ел болып қалмау үшін экономиканың түрлі секторларын дамытуды мақсат тұтады. Мысалы, табиғи ресурстарды игеру және өндеу, коммуникациялар мен ақпарат жүйесін дамыту, жеңіл және тамақ өнеркәсібін, машина жасаудың шағын салаларын, қызмет көрсету саласын, туризмді дамыту. Ол үшін шетелдік инвесторларды тарту көзделген.
4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.


  1. Казақстанның өркендеуі неге байланысты?

  2. Қазақстанның басты стратегиясы не?

  3. Экономикалык мүмкіндіктердің көрсеткіші не?


5-тапсырма. Жақша ішіңде берілген керекті сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлемдерді аяқтаңыз.

Керек сөздер: әлемде алдыңгы орында, 99-ы қазақ жерінде, өндіріске енгізілген, оларды игеру біршама оңай, кәсіпорындары жұмыс істейді, металл қорытып, шикізат өңдейді, 15 кәсіпорын маманданған, кәсіпорын шұгылданады, электр станцияларында қолданылады.



  1. Қазақстан минералды қоры бойынша ................................

  2. Менделеев кестесіндегі 105 элементтің........................................

  3. Оның 70 % -і зерттеліп, 60 % -і.................................................

  4. Кен орындары жердің бетіне жақын орналасқандықтан, .......................

  5. Елде 35-ке жуық химия және мүнай ондірісінің ....................................

  6. Түрлі-түсті металлургияда 30-ға жуық кәсіпорын ..................................

  7. Қорғасын және мырыш шикізатын өңдеуге ...................................

  8. Темір және тас көмір корын игерумен 24 ................................................

  9. Уран бейбіт мақсатта..........................................

6-тапсырма. Оқыңыз, аударыңыз. Олармен 10-15 сөйлем құрастырыңыз.
Ашық экономика және еркін сауда саясаты, экономикалық мүмкіндік, минералдық қор, Менделеев кестесі, кен орындары, мұнай өндірісі, түрлі-түсті металлургия, темір және тас көмір қоры, табиғи газ, шикізатты өңдеу, қорғасын және мырыш шикізаты, мұнай-газ шикізатының қоры, нақты дәлелденген мұнай қоры, газ кешені, текше метр, маңызды стратегиялық сала, нейтрон өндіріс реакторы, маманданған кәсіпорын, электр энергиясын өндіру, өндіріске енгізу, игеру, металл қорыту, теңіз суын тұшыту.

жұрнақтары кез келген сан есімдерге жалғанып, санның ретін білдіреді. Тек жиырма сөзінен кейін -сыншы қосымшасы жалғанады. Мысалы: Ол жиырма-сыншы орында.


7-тапсырма. Сан есімдерді сөзбен теріп жазыңыз. Олардың қосымшаларын

анықтаңыз.


8-тапсырма. Мәтін бойынша мына сөздермен тіркесетін сөздерді анықтаңыз.
Жер- жерінің байлығы, шабындық жер,........................................................

Бидай-...................................................................................................................

Шаруашылық-......................................................................................................

Балық-...................................................................................................................

Сала-......................................................................................................................

Онеркәсіп-............................................................................................................


9-тапсырма. а) Асты сызылған сөздер мен сөз тіркестеріне сұрақ қойып, сұраулы сөйлем жасаңыз; ә) Сұрақтардың қай септікке жататынын анықтаңыз.
1. Республика шабындық және жайылымдық жердің аумағы бойынша Австралия, АҚШ, Қытайдан кейінгі орынды иеленеді. 2. Бидайдың қатты және күшті сорттары астық дақылдарының 60 пайызын құрайды. 3. Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының дәстүрлі әрі жетекші саласы. 4. Қазақстанда балықтың бағалы тұқымдары өндіріледі, олар шетелдерге экспортталады. 5. Қазақстан тек шикізат өндіретін ел болып қалмау үшін, экономиканың түрлі секторларын дамытуды мақсат тұтады. 6. Мысалы, табиғи ресурстарды игеру және өңдеу, коммуникаңиялар мен ақпарат жүйесін дамыту, жеңіл және тамақ өнеркәсібін, машина жасаудың шағын салаларын, қызмет көрсету саласын, туризмді дамыту. 7. Шетелдік инвесторларды тарту көзделген.
10-тапсырма. Жоспарды пайдаланып, мәтін мазмұнын айтып беріңіз.

• Қазақстанның экономика саласындағы саясаты Қазақстанның жер байлығы

- Минерал қоры

- Түрлі-түсті металл

- Уран қоры

- Мүнай-газ қоры

- Ауыл шаруашылығы

- Мал шаруашылығы

- Балық шаруашылығы

• Дамытылуы тиіс экономика секторлары

• Жоспарды іске асырудың жолдары
11-тапсырма. Баспасөз материалдарын пайдаланып, ҚР-ның экономикалық табыстары жөнінде жазылған жаңалықтарға шолу жасаңыз; Онда берілген сандық көрсеткіштерге көңіл аударыңыз: а) Сан есімдердің түрі; ә) Сан есімдердін қосымшалары.

11-сабақ
Бұрынғы Өткен шақ



(давнопрошедшее время)
Давнопрошедшее время означает действие, завершившееся в прежние времена или до начала другого действия в прошлом. Оно образуется двумя способами:

1)путем прибавления к корню или основе глагола суффиксов деепричастия –ып/-іп/-п, к которым добавляются личные оканчания глагола. Например: бар-ып –пын «Я был (когда-то давно), оказывается». Порядок прибавления суффиксов –ып/-іп/-п.


Единственное число


Множественное число



1.Мен кел-іп-пін «Я приходил» (оказывается)

2.Сен кел-іп-сің «Ты приходил»

Сіз кел-іп-сіз «Вы приходили».

3.Ол кел-іп-ті «Он приходил»




1.Біз кел-іп-піз «Мы приходили» (оказывается)

2.Сендер кел-іп-сіңдер «Вы приходили»

Сіздер кел-іп-сіздер «Вы приходили».

3.Олар кел-іп-ті «Они приходили»



2)давнопрошедшее время имеет еще и вторую форму. Оно образуется путем добавления к корню или основе глагола суффикса причастия прошедшего времени –қан/-кен, ған/-ген и личных окончаний глагола. Например: Мен бар – ған- мын «Я был (когда-то)». Порядок прибавления суффиксов такой: если основа оканчивается на глухой согласный, то прибавляется суффикс -қан/-кен: жат –қан, үйрет- кен. Во всех остальных случаях прибаляется суффикс –ған/-ген: бар- ған, кел-ген.



Единственное число


Множественное число




1.Мен кел- ген-мін «Я приходил

(давно)»


2.Сен кел-ген-сің «Ты приходил»

Сіз кел-ген-сіз «Вы приходили»

3.Ол кел-ген «Он приходил»


1.Біз кел-ген-біз. «Мы приходили»
2.Сендер кел-ген-сіңдер «Вы приходили»

Сіздер кел-ген-сіздер «Вы приходили»

3.Олар кел-ген «Они приходили»



1-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.
1. Я был В Таллине. 2. Он когда-то давно учился в институте. 3. Вы, оказывается, раньше делали зарядку. 4. Мы когда-то давно катались на лыжах. 5. Оля когда-то давно жила в Алматы. 6. Ты, оказывается, родилась в Алматы. 7. Они, оказывается, написали письмо учителю. 8. Вы, оказывается, когда-то говорили по – казахски. 9. Мы когда-то писали стихи. 10.Мой друг когда-то жил в Ташкенте.
2- тапсырма. Өткен шақтың үш түріне қойып аударыңыз.
Образец: Ол онда болады. «Он там будет». –Ол онда болды «Он там был». Ол одна болыпты. «Он там, оказывается, когда-то был». Мен онда болғанмын «Я был там когда-то давно».

1.Мен концертке қатысамын. 2. Менің досым Ташкентте тұрады. 3. Мына жерде аудитория болады. 4. Оң жақта шкаф, сол жақта кереует тұрады. 5. Менің танысым Жапонияда тұрады. 6. Сендер паркте қыдырасыңдар. 7. Жазда сенің ағаң Қырымда демалады.


3-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз, мазмұнын айтып беріңіз.
Қазақстандағы экологиялық ұйым
«Экология » гректің үй және ғылым деген екі сөзінен құралған. Экология ғылымы табиғат пен адам арасындағы байланысты зерттейді. Экология тек табиғат емес, ол қоғам, ол болашақ.

Адам ертеден-ақ табиғатқа, табиғи өмір сүру ортасына тәуелді еді. Бірақ өндіріс күшінің дамуымен адам осы тәуелділіктен біршама құтыла бастаған да сияқтанды. Мәселен, адам киім түрлерін жетілдірді, зәулім үйлер көтерді, су тасқынынан қорғайтын бөгеттер салды. Жердің қойнауындағы кенді игерді. Нәтижесінде, көп қалдықты технологияға негізделген адамның әрекеті табиғи қорлардың шектелуіне, айналадағы ортаның ластануына алып келді. Ауаның, судың, топырақтың ластануынан адамдардың денсаулығына, оның өмір сүру ортасына зор қауіп төне бастады.

Ғалымдардың айтуына қарағанда, табиғатты қорғаудың бүгінгі басты стратегиялық бағыты - өндіріске қалдықсыз технологиялық процестерді енгізу. Бұл қоршаған ортаның ластануын азайтады немесе оны мүлдем жояды.

1988-жылы Орталық Азия аймақтық экология орталығы құрылды /Орталық Азия АЭО/. Ол- Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан мемлекеттеріне ортақ халықаралық ұйым. 1999-жылы Орталық Азия мемлекеттері үкіметтерінің ұсынысымен бұл орталықтың штаб-пәтері Алматыда ашылды. Филиалдары әр елде ашылмақ. Бұл Орталыққа ҚР Үкіметі арнайы ғимарат, ал Еуропалық комиссия грант бөлді.

Орталық Азия АЭО-ның негізгі қызметі – қоршаған ортаны қорғауға байланысты іс-шараларды жүзеге асыру. Ұлттық және халықаралық тәжірибелерді пайдаланып, аймақтық және шекаралы жобаларды әзірлеу. Сол жобаларды мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес экологиялық ұйымдардың, кәсіпкерлер мен мүделі топтардың қатысуымен іске асыру. Қоршаған ортаны қорғауға байланысты қабылданатын түрлі шешімдермен жұртты таныстыру, экологиялық деректер мен ақпараттар тарату. Бұған қоса, экологиялық мәселелерге арналған ғылыми тұрғыда дөңгелек үстел, семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру.

2003-жылы Орталық екі жобаны қолға алды. Біріншісі, Қазақстанның ірі кәсіпорындарында озық технологиялар мен ғылыми-техникалық жаңа әдістерді енгізу арқылы қалдықсыз таза өнім шығару технологиясы. Екіншісі, адамдарға экологиялық білім беріп, оқытуға арналған жоба. Осы мақсатта мектеп оқушыларына арналған экологиялық оқулық дайындалды.


Сөздік :

Озық – передовой, прогрессивный

Қалдықсыз – безотходный

Таза өнім - чистый продукт


4-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңыз.
1.«Экология» гректің үй және ғылым деген ........... . 2.Экология ғылымы ........... 3. Адам ертеден-ақ табиғатқа,............ 4.Бірақ өндіріс күшінің дамуымен адам ...........................4. Адам киім түрлерін жетілдірді, зәулім үйлер көтерді...................5. Көп қалдықты технологияға негізділген адамның әрекеті............................. 6.Ауаның, судың, топырақтың ластануынан адамдардың денсаулығына,....................... 7.Табиғатты қорғаудағы бүгінгі басты стратегиялық бағыт - ...................

5-тапсырма. Асты сызылған сөздерге сұрақ қойып, сұраулы сөйлем жасаңыз.
1.Қоршаған ортаны қорғауға байланысты іс-шараларды жүзеге асыру. 2.Ұлттық және халықаралық тәжербиелерді пайдаланып, аймақтық және шекаралық жобаларды әзірлеу.

3. Сол жобаларды мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес экологиялық ұйымдардың, кәсіпкерлер мен мүделі топтардың қатысуымен іске асыру. 4. Жұртты қоршаған ортаны қорғауға байланысты қабылданатын түрлі шешімдермен таныстыру. 5.Экологиялық деректер мен ақпараттарды тарату. 6.Экологиялық проблемаларға арналған ғылыми тұрғыда дөңгелек үстел, семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру.


6-тапсырма. Сөз тіркестерін аударып, оларды тиісті орнына қойыңыз.
Керек сөздер: қолға алды, мектеп оқушыларына арналған экологиялық оқулық, қалдықсыз таза өнім шығару, сынақтан өткізілмекші, экологиялық білім беру.
1.2003ж. орталық екі жобаны іске асыруды ...................... 2.Біріншісі, ҚР ірі кәсіпорындарда озық технологиялар мен ғылыми- техникалық жаңа әдістерді енгізу арқылы ........................ 3.Екіншісі, адамдарға ............... . 4. Жоба алдымен Алматыдағы екі кәсіорында ....................... . 5.Осы мақсатта ................. дайындалып жатыр.
7-тапсырма. Жоспар бойынша мәтін мазмұнын баяндап беріңіз.


  • Экология ғылымының мақсаты.

  • Экологиялық проблемалардың туындау себебі.

  • Экологиялық проблемаларды шешудегі басты стратегиялық бағыт .

  • Орталық Азия Қазақстандағы экологиялық ұйым.

  • Экологиялық ұйымның мақсаты.

  • Орталық Азия АЭО әзірлеген жобалар.

12-сабақ
Болжалды келер шақ

(будущее время глагола)
Кроме рассмотренного выше переходного или настояще-будущего времени в казахском языке имеются: предположительно будущее время и будущее время намерения.

1) Будущее предположительное означает вероятное действие, причем степень вероятности является неопределенной. В русском языке это значение передается формой будущего времени в сочетании со словом «возможно». Например: Мен кел- ер –мін «Я, возможно, приду».

Будущее предположительное образуется путем прибавления суффиксов причастия –ар/-ер, если корень глагола оканчивается на согласный (или -р), и если корень глагола оканчивается на гласный или на личные оканчания глагола. Гласный суффикса -ар/-ер чередуется по закону сингармонизма. Ср.:

Мен айт- ар- мын «Я, возможно, скажу».

Мен көр-ер-мін «Я, возможно, увижу».

Мен қара-р-мын «Я, возможно, посмотрю».


1-тапсырма. Сөйлемді болжалды келер шаққа айналдырыңыз.
Образец: Сен ертең сағат жетіде тұр… - Сен ертең сағат жетіде тұр – а –сың.
Сен ертең сағат жетіде тұр, сонан соң асханаға кел, тамақ іш. Сонан соң институтқа келіңдер.

Лекция сағат екіде аяқталады. Сағат екіде институтқа менде келемін. Сонан соң бәріміз киноға барамыз. Киноға Сәуле де барады. Кино шамамен (приблизительно) сағат төртте аяқталады.

Ертең демалыс. Демалыс күні паркке барамыз. Футбол ойнаймыз.
2-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.
Евней Букетов
Евней Арыстанұлы Букетов әдебиетпен, ғылыммен және ұстаздық қызметпен айналысты. Ол көркем әдебиетке құштар болды. Ш.Уәлиханов, Қ.Сәтбаев жайында мақалалар жазды.

Евней Букетов – химик және ақын. Ол Абай және Мұхтар жөнінде де қалам тербеді. Ол Абайдың халықты еңбек етуге, кәсіп етуге үндейтін өлеңдеріне талдау жасады.


Евней Арыстанұлы Букетов

/Библиографиялық көрсеткіштен алынған/


Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі Евней Арыстанұлы Букетов жеңіл, асыл, шашыранды және ауыр металдар металлургиясы мен химия салалары бойынша атақты металлург-ғалым және физик-химик, күлі көп көмірден сұйық отын алуды ұйымдастырушы. Қазақстандағы ғылым мен жоғарғы оқуды ұйымдастырушылардың бірі, жазушы, аудармашы және әдебиет сыншысы.

Евней Арыстанұлы Букетов халық жадында сақтаулы. Оның жарқын бейнесін мемориалдық тақта және бейне кескіні арқылы өзі 12 жыл басқарған Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының Химия-металлургия институтының фасадынан орын алды. Евней Арыстанұлының есімі өзі туған жеріндегі, Сергеевка қаласындағы көше мен өзі оқыған мектебіне берілді. Оның есімі Қазақ Кеңес энциклопедиясы /2 том/ және Қарағанды қаласының энциклонедиясына енді. Қазақстан Республикасының үкіметі өзінің шешімімен Алматы қалалық атқару комитетіне Е.А.Букетовтың есімін 1950-1956 жылдары Алматыдағы тұрған үйінің қабырғасына ескеркіш тақта арқылы есте қалдыруды ұсынды. 1991 жылы тамыз айында Қарағанды мемлекеттік университетіне оның алғашқы ректоры Е.А.Букетов есімі берілді, сонымен бірге Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығысындағы жаңа "Гүлдер" атты шағын ауданындағы бір көше Е.А.Букетов атындағы көше деп аталатын болды.

1992 жылы маусым айында Е.А.Букетов атындағы университетте Е.А.Букетовтың мұражайы ашылды, ал 2005 жылы ескерткіші ашылды.
3-тапсырма. Мәтінге дейінгі жұмыс.
Евней Арыстанұлы Букетов 1925 жылы 23 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының Октябрь /қазіргі Сергеев/ ауданындағы Бағанаты ауылыңда дүниеге келді.

Ол өмір жолын бастауыш және орталау мектебіңде мұғалім болып бастады. Кейін ол Алматы Қазақ тау-кен металлургия институтын аяқтап, осы аталмыш институттың аспиранты болды. 1954 жылы Техника ғылымдарының кандидаты, 1967 жылы техника ғылымдарының докторы және профессор ғылыми атағы берілді.

1972-1980 ж.ж. жаңадан ашылған Қарағанды мемлекеттік университетінің тұңғыш ректоры.

1983 жылы 13 желтоқсанда Е.А.Букетов қайтыс болды. Марқұмның мәйіті Қарағандының қалалық зиратында жерленді.


4-тапсырма. Сұрақтар.

    1. Е.А.Букетов туралы не білесіздер?

    2. Ол ғылымның қандай саласына зор үлес қосты?

    3. Е.А.Букетов кім?

    4. Е.А.Букетов қай жерде туды?

    5. 12 жыл бойы қандай мекемені басқарды?

    6. Е.А.Букетов мұражайы қай жерде ашылды?

    7. Е.А Букетов есімі ҚарМУ-ге қай жылы, не үшін берілді?

    8. Е.А.Букетовтың мұражайы қай жылы ашылды?

    9. Е.А.Букетовты бүгінгі күні кім деп айтар едіңіз?

    10. Е.А.Букетовтың қандай еңбектерімен таныссыз?


5-тапсырма. Тілдік материалды игерту жұмысы.

а) Сан есімнің қандай түрлері қолданылған?

ә) Мәтіннен етістіктерді теріп жазыңыздар. Олар қандай шақта берілген?
Сауатты ғалым
Е.А.Букетов металлургия және химия саласындағы белгілі ғалым ғана емес, сонымен бірге әдебиет сыншысы, тамаша аудармашы, публицист, ақын және жазушы, қоғам қайраткері, педагог және жастардың ұстазы да болды.

Евней Арыстанұлы: "Мен ... әдебиетті білмеген ғалымды нағыз ғалым болады деп айта алмас едім, үлкен ғалымдар қашан да мәдениеті жоғары, әдебиетке жетік болған," - деп жиі айтатын. Евней Арыстанұлының өзі нағыз осындай ғалым еді. Сонымен бірге ол қазақ тілін де, орыс тілін де жетік білді, екі тілде де еркін жаза алды. Кейде орыс оқырмандары оны орыс жазушысы деп есептейтін.

Евней Арыстанұлы жазған сын-мақалалар әдеби жағынан сауатты, жоғаргы кәсіби деңгейде болатын.

Евней Арыстанұлы әдебиетті шын бағалаушы ретінде С.Есениннің, В.Маяковскийдің, А.С.Пушкиннің көптеген шығармаларын жатқа білетін және айтып беретін. Бірақ ол Пушкин мен Лермонтовты аударып көрмеген еді. Пушкинді ұлы Абайдың аударғаны баршаға белгілі. Сондықтан Евней Арыстанұлы Пушкинді Абайдан кейін аударуды ерсі көрген. Бүл жерде біз оның зиялылығын, мәдениеттілігін және әдептілігін көреміз.

Евней Арыстанұлы жоғары мәдениетті адам болатын. Ол кішімен кішіше, үлкенмен үлкенше сөйлесе алушы еді, өзін жағдайга сәйкес ұстайтын. Ол халқымыздың ұлттық ерекшеліктерін бойына сақтады.

Евней Арыстанұлы Абайдың "шәкіртсіз ғалым тұл" деген сөзін – есіне қатты сақтаған. "Социалистік Қазақстан" /қазіргі "Егеменді Қазақстан"/ газетінің тілшісі Б.Әбеновтың:

– Сіздің пікіріңізше, ғалым қандай болмақ ? - деген сұрағына Евней Арыстанұлы.

– Ғалым деген сөздің өзі білімге мегзеп тұрған жоқ па? Ендеше, ол жан-жақты білімдар болсын. Өз басым тар шеңберлі ғалым дегенді қабылдамаймын. Қазіргі ғалымның сала-салаға бөлініп, мамандануы бұған сылтау емес. Сосын кейінгі толқын-жастарға дер кезінде тізгінін беретін, лайық деп тапса, өз орнын босатып бере алатын ұстаз болса.


6-тапсырма. Әңгімелесу сұрақтары.

  1. Е.А.Букетовты тағы қай саладағы ғалым деп білесіз?

  2. Е.А.Букетовтың қандай шығармалары сіздерге таныс?

  3. Е.А.Букетов сіздерге аудармашы ретінде таныс па?

  4. Е.А.Букетов үлкен ғалым қандай болу керек деген?

  5. Е.А.Букетов қандай тілдерді жетік білген?

  6. Ол кімнің шығармаларын аударған?

  7. Е.А.Букетов қандай адам еді?

  8. Е.А.Букетов Пушкиннің шығармаларын неге аудармады?

  9. Ол Абайдың қандай сөздерін еске қатты сақтаған?

  10. Ғалым қандай болу керек деп есептеген?

  11. Сіздердің ойларыңызша ұстаз қандай болу керек?

  12. Мәтіннің "Сауатты ғалым" деп аталуымен келісесіз бе?


7-тапсырма. Тілдік материалды игерту жұмыстары.

а) Сөздік диктант.

Сыншы, аудармашы, қоғам қайраткері, мәні, сауатты, деңгейде, бағалаушы, ерсі, зиялылығы, әдептілігі, шәкірт, пікір, тілші, ұстаз, мамандану.

ә) Диктантты мәтін бойынша тексеріңіздер.

б) Бұл сөздер қай сөз таптарына жатады? Анықтаңыздар.

в) Осы сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.

13-сабақ
Мақсатты келер шақ

(будущее время намерения)


Будущее время намерения означает, что действие будет проходить с каким-то намерением. Будущее время намерения образуется при помощи суффиксов –мақ/-мек, бақ/-бек, -пақ/-пек, прибавляемых к корню или к основе личных окончаний глагола. Переводятся на русский язык «хотеть, намереваться» и т.п. Например:
Мен жаз-бақ-пын «Я намерен писать».

Сен айт-пақ-сың «Ты намерен сказать».

Ол сөйле-мек «Он намерен говорить».

Основа оканчивается на


Вариант суффикса



1.гласный

-мақ/-мек

2.р,л,й,у


ойна-у «играть»

кел-у «приходить»



ойна-мақ «он намерен играть»

кел-мек «он намерен прийти»


Основа оканчивается на


Вариант суффикса



1.звонкий согласный

-бақ/-бек

2.сонорный м, н, ң


жаз-у «писать»

көн-у «подчиняться»



жаз-бақ «он намерен писать»

көн-бек «он намерен подчиниться»



Основа оканчивается на


Вариант суффикса


1.глухой согласный -пақ/-пек




жат-у «лечь»

кес-у «резать»



жат-пақ «он намерен лечь»

кес-пек «он намерен резать»





1-тапсырма. Мына сөйлемдерді толықтырыңыз.
1.Мен ертең саған бар… 2. Олар ертең пойызға отыр … 3. Біз сабақты жақсы оқы… 4. Сен далада футбол ойна… 5. Сәрсен жақсы жұмыс … 6. Сіздер қаланы көр … ме? 7. Сіз ұйықта … ба? 8. Сендер дүкеннен не ал … ? 9. Сендер жазда ауылда демал … 10. Мен кешке теледидар көр … 11. Менің әжем жазда баласына жүр … 12.Біз қазір май жағып же…
2-тапсырма. Мына сөйлемдерді келер шақта жазыңыз.
Үлгі: Әлімнің әжесі жазда қалаға барады. - Әлімнің әжесі жазда қалаға барар. Әлімнің әжесі жазда қалаға бармақ.
1.Мен бүгін үйден тамақтанамын. 2. Біз дүкеннен нан және сүт аламыз. 3. Менің ағам биыл үйленеді. 4. Сіздер Мәскеуге ертең жүресіздер. 5. Сен ертең кетесің. 6. Сіз көп ұйықтайсыз. 7. Студенттер қазақ тілін үйренеді. 8. Сендер мұғалімге барасыңдар. 9. Мен көп ойлаймын. 10. Біз ертең паркте қыдырамыз. 11. Назым маған кітабын көрсетеді. 12.Сендер сабаққа көп әзірленесіңдер.
3-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.
Қаныш Сәтбаев
Қаныш Сәтбаев - аса көрнекті ғалым және коғам қайраткері, Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті, алғашқы академик.

Қ.Сәтбаев – 640-тан астам ғылыми еңбектің авторы қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы. Бұл еңбектер негізінен Қазақстан кен орындарының геологиясы мен минералды қорларын зерттеуге, пайдалы қазбаларды болжам карталарды құрастыру принциптерін айқындауға арналған.

Ұлы ғалым Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 100 жыл толу мерейтойына орай ЮНЕСКО үйғарымымен 1999 жыл дүние жүзілік дәрежеде Сәтбаев жылы деп аталды.

Сәтбаев және Жезқазған жері


Томск техникалық иниститутынан инженер-геолог мамандығын алған Қ.И.Сәтбаев еңбек жолын Жезқазған, Ұлытау өңірінен бастады.

Ол 1926 жылы геология бөлімін басқарды, ал 1929 жылы іскерлігін танытқан жас Қаныш Трест басшысы болды. Осыған дейін Жезқазған кенімен шұғылданған Геолкомның бітірген ісі аз ғана болатын. Олар ағылшындардың Жезқазғанның кені 12 жылға ғана жетеді дегендеріне сүйеніп, Сәтбаевтың зерттеулеріне кедергі тудырды. Ал ғалым 1927-1928 жылдары баспалардан құнды ғылыми зерттеулерін, Қарсақбай комбинатының, Жезқазған Атбасар, Қаратау полиметалл кендерін айқындайтын мақалаларын бастыра берді.

Сөйтіп, 1929 жылы бұл еңбектері бағаланып, Жезқазған геологиялық экспедициясын құрып, өзі басқарды. 1931 жылы экспедиция зерттеуінің нәтижесінде Жезқазған кенінің ұланғайыр екенін дәлелдейді. Үлкен еңбек майданындағы Сәтбаев сапарластары ғалым ішіне құдай қонған деп таңданады.

1934 жылы Сәтбаев Москвада Ғылым Академиясының сессиясында бірнеше баяндамалар жасап, ғалым ретінде аты әйгілі болады.

1938 жылы көп кедергіге қарсы тұра білген Сәтбаевтың қолы Жезқазған құрылысы туралы қаулыға жетеді. Сөйтіп, Жезқазған мыс кенінің коры бойынша дүние жүзінде алдыңғы қатарға шығады. Түсті металлургияның болашақ алыбы Жезқазған екендігі дәлелденеді. Сәтбаев 1940 жылы жетістіктері жайында Москваға баяндама жібереді. Соғыс жылдары болат қүюды күшейтіп, вольфрам, молибденнің жаңа кен оңірін ашады.

Сәтбаев 15 жыл ішінде кенді қайдан қалай іздеп табу әдістерін корсете алады. Ол өз ісінің жасампаздығын металлогениялық картасы арқылы дәлелдейді. 1941 жылы Сәтбаев Алматыға ғылыми қызметке ауысады. 1961 жылы Жезказғанда КазҒА-ның көшпелі сессиясы өтеді.

Сәтбаев, Жезқазған үшін, оның болашағы үшін, көптеген дүниелерді ашып береді. Осылайша тарихта Жезқазған кені мен Қаныш есімі бір-бірін толықтыратын үлкен ұғым болып қалды.
4-тапсырма. Мәтінге дейінгі жұмыс.


  • Сөйлесу сұрақтары:

а) Қ.И. Сәтбаевтың ғылыми еңбектері қай жермен тығыз байланысты?

ә) Қ.И. Сәтбаевты әлемге әйгілі еткен қаңдай еңбектерін білесіздер?



  • Мәтінді белгілі бағытта тыңдау үшін сұрақтар:

а) Қ.И. Сәтбаев қандай оқу орнын бітірген?

ә) Ғалым еңбек жолын қай жерде бастады?



  • Сөздік жұмыс.

Өңір, үланғайыр, ішіне құдай қонған.

  • Сәтбаевтың еңбегі жайлы бейнетаспа, альбом көрсету.


5-тапсырма. Мәтінмен тікелей жұмыс.

    • Мәтін бойынша ауызша сөйлесу.

а) Қ.И. Сәтбаев еңбек жолын қандай қызметтен бастады? ә) Ол қай жылы Трест басшысы болды?

б) Қ.И. Сәтбаевтың Жезқазған кенімен шұғылдануына неліктен кедергі көп болды?

в) Ғалымның еңбегіне таңданған сапарластары ол жайында не деді?


    • Негізгі ойға бағытгалған жұмыс.

а) Жезқазған геологиялық экспедициясы қай жылы құрылды, оны кім баскарды?

ә) Бұл экспедиция қандай жетістіктерге жетті?

б) Қай жылы Сәтбаев өзін ғалым ретінде дәлелдеді, нендей еңбектерімен?

в) Сәтбаев өз еңбектерінің нәтижесін қашан көрді ?



    • Тілдік материалды игерту жұмысы.

а) Мәтіннен сан есімдерді теріп, жазбаша жазыңыз.

ә) Мәтіннен зат есімдерді тауып, мағыналық топқа ажыра-тыңыздар.


Құрметті атақ
Ғалымның азан шақырып қойылған аты Ғабдулғани екен. Құдайдың ұл сыйлаған күні 1899 жыл, 12 сәуір деп сауатты әкесі құран кітабының мұқабасына жазып қойған еді.

Ұлы тұлга Қ.И. Сәтбаев туған жері Баянауылдан нәр алып, Жер-Ананың сырын ұғу, тау-таспен тілдесу, барлаушы-геолог болып, қазақты әлемге танытуды арман етті. Ол профессор М.А. Усовпен кездескеннен бастап, бұл істі қолына алды.

Үлкен еңбек иесі, ғалымның ең басты жетістігі геология ғылымындағы жаңа тармақ-метоллогения ғылымын жасауы және оны дамытудың негізін қалау болды. Осыған дейінгі Жезқазған ғылыми зерттеу институты, ашылған мұнай, газ, көмір тағы басқа іздеу, барлау экспедициялары үлкен дүниенің заңды баспалдақгары тәрізді. Қиыны мен кедергісі мол еңбектің нәтижесінде Қ. Сәтбаев дүниеге металлогениялық болжам картасын әкелген.

Қаныш ағаның 700-ге жуық еңбегі бар, бұлар әлі де ғалымның көп қырларын ашатынына сенеміз. Қ.И.Сәтбаев ғылыми еңбектері үшін 1942 жылы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, 1940 жылы Жезқазған өңірінің кенді орындарын зерттеп, мыс қорын ашқандығы үшін геология-минералогия ғылымының докторы, 1958 жылы Ленин сыйлығының лауреаты және тағы басқа құрметті атаққа ие болды..


6-тапсырма. Мәтінге дейінгі жұмыс.

    • Сөйлесу сұрақтары:

а) 1999 жыл қандай жыл деп аталған?

ә) Сәтбаевтың меретойына байланысты қандай мәдени шаралар өткізілді?

б) Университетімізде Сәтбаев жылы қалай өтті?

в) Қаныш Имантайұлының азан шақырылып қойылған аты кім?

г) Сәтбаевты қызықтырған не нәрсе еді?


    • Сөздік жұмыс:

Перзент, азан шақыру, сауатты, кедергі болжам, тармақ мұқаба қырлары сөздерінің мағынасын түсіндіру.
7-тапсырма. Мәтін бойынша ауызша сөйлесу.

а) Қ. Сәтбаев кім?

ә) Қ. Сәтбаев қай жерде, қай жылы туған?

б) Қ. Сәтбаев ғылымының кай саласында еңбек етті?

в) Ғалым арманының іске асуына кім себепші болды? ә) Сәтбаевтың үлкен еңбекке баруына қандай баспалдақтар болды?

г) Сәтбаев еңбектерінің басты жетістіктері неде?



    • Тілдік материалды игерту жұмысы.

Мәтіндегі сан есімдерді теріп жазыңыздар, қай түрі екенін атаңыздар.
8-тапсырма.

а) Сәтбаев дүниеге қандай картаны әкелді? Ол жөнінде не білесіздер?

ә) Сәтбаевтың қандай ғылыми еңбегі бар?

б) Сәтбаевтың ғылым саласындағы еңбектері қалай бағаланды? Ол қандай құрметті атақтарға ие болды?

в) Ғалым есімі ұрпақ есінде екендігіне тағы қандай дәлелдер келтіруге болады?

г) Мәтінді тағы қалай атауға болады?

д) Сөйлесу мен тілдік материалдар негізінде мәтінді мазмұндаңыздар.

14-сабақ
Туынды зат есімдер

(Образование имен существительных)
В казахском языке, как и в русском, имеются части речи. В отличие от русского в казахском языке имена существительные в исходной форме (им.п., ед.ч.) отвечают на вопрос кім? «кто?», если обозначают людей, не? «что?», если они обозначают все остальные существа и предметы (одушевленные и неодушвленные). Ср.

Бала суда жүзіп жүр «Мальчик плавает в воде». –Суда кім жүзіп жүр? «Кто плавает в воде?» Үйрек суда жүзіп жүр «Утка плавает в воде». – Суда не жүзіп жүр? «Кто плавает в воде? »

В казахском языке существительные (а также местоимения) не обладают грамматической категорией рода. Они делятся на корневые, производные и сложные. Производные образуются при помощи суффиксов.

Суффиксы



Примеры

1.

-шы/-ші образует сущ., обозначающие профессию человека

Жазу «писать – жазу-шшы «писатель», етік «сапоги»- етік-ші «сапожник»; балық «рыба»- балық-шы «рыбак»

2.

лық/-лік, дық/-дік, тық/-тік образуют сущ., обозначающие отвлеченные понятия

бала «ребенок»- бала-лық, «детство»; дос «друг»- дос-тық «дружба», батыр «герой»- батыр-лық «мужество, геройство».

3.

-лас/-лес, -дас/-дес, -тас/-тес образуют сущ., обозначающие совместное местонахождение или совместное действие

жер «земля»- жер-лес «земляк»; курс «курс»- курс-тас «однокурсник», ат «имя»- ат-тас «тезка»


1-тапсырма. –шы/-ші жұрнақтарымен зат есім жасаңыз және оларды орыс тіліне аударыңыз.
Аң «зверь», әдебиет «литература», би «танец», егін «посевы», ем «лечение», жұмыс «работа», қобыз «кобыз- народный музыкальный инструмент», мал «скот», қой «баран», сату «продавать», үгіт «агитация», өтірік «ложь».
2- тапсырма. лық/-лік, дық/-дік, тық/-тік жұрнақтарымен зат есім жасап, орыс тіліне аударыңыз.
Дос «друг», жолдас «товарищ», жазушы «писатель», бала «ребенок», қала «город», әке «отец», аға «старший брат», ана «мать».
3 -тапсырма. -лас/-лес, -дас/-дес, -тас/-тес жұрнақтарымен зат есім жасап, орыс тіліне аударыңыз.
Ауыл «аул», құрбы «сверстник», жер «земля», курс «курс», қызмет «служба», жұмыс «работа», жол «дорога», қалам «ручка».
Сложные существительные образуются при сочетании нескольких корней в одном слове.


Составные или сложные существительные

Парные существительные

қол «рука» + жазба «письменный»= қолжазба «рукопись»; бел «талия»+бау «веревка»=белбеу «пояс», күн «солнце»+шығыс «восход»=күншығыс «восток»

Қыз «девушка»+ келіншек «молодуха»=қыз+келіншек «молодая женщина»; әке «отец+шеше» «мама»= ата-ана или әке-шеше «родители»


4-тапсырма. Мына сөздерді аударып, жасалуын түсіндіріңіз.
Ата-ана, көзқарас, ыдыс-аяқ, аяқ-табақ, қолжазба, солтүстік, оңтүстік, қолшатыр, күнбатыс, күншығыс, қыз-келіншек, асқазан, баспасөз, қолхат, жеміс-жидек, аяқ киім, бас киім, көкөнісжеміс-жидек, сабантой, мерейтой, қазы-қарта.
5-тапсырма. Мына сөздерді аударып, оларды қатыстырып сөйлем құраңыз.
Желудок, юго-восток, фрукты, зонтик, лечебница, родители.
6-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.
Инженерлердің ұстазы
Әбілқас Сағынов құнарлы Баянауыл топырағында дүниеге келген. Бұл кезде қазақ елі қойнауында қақталған қазынаны халық игілігіне жаратар адамдарға аса зәру болған. Асықпен емес, таспен ойнап оның сырын білуге құштар жастар Днепропетровск қаласына білім алуға жолға шықты. Солармен бір сапта болған жас жігіт Әбілқас Сағынов институтты үздік бітіріп, оралды.

Қарағанды шахталарында участке бастығы, инженер, шахта директоры, трестің бас инженері – бәрі жас маман өткен жол, иеленген лауазым. Көмір өндірісінің сан қилы мәселелерін шешуге ұмытылған жас жігіттің кандидаттық диссертациясы «Бассейіндегі жұқа және қалыңдығы орташа қабаттарды алу болашағы» деген тақырыпта болған.

Қарағандыдағы көмір ғылыми-зерттеу институтын аяғынан тік тұрғызу, қабырғасы жас қалана бастаған политехникалық институттың кадрлар даярлау жұмысын тез жандандыру керек болды, сөйтіп Одақ Әбілқас Сағыновты осы жұмысқа жіберді. Қолға алған ісін олқылыққа ұрындарма, өрге бастайтын бұл мамандарға берік сенім көрсетіле берді.

Политехникалық институтты басқарған 1955 жылдан 1987 жылға дейін Әбілқас Сағынов бұл жоғары оқу орнын алдыңғы қатарға шығарды.Арқалы ағаның қамқорлығымен Мәскеу, Ленинград, Киев, Новосибирск, Свердловск қалаларындағы жоғары оқу орындарына барған жастар ғылым өріне көтерілді. Олар Әбілқас Сағынов қосқан жүкті жеңілдетуге үлес қоса бастады.

Қарағанды политехникалық институты Әбілқас Сағыновтың шебер басшылығы арқасында, 26 мамандық бойынша мыңдағын білікті инженер кадрларын даярлап шығарды. Тау-кен өндірісінің әр саласы бойынша күрделі ғылыми жұмыстар кең көлемде жүргізіліп жатты. Өндіріске енгізілген ғылыми еңбегі ақталды. Осыған байланысты институт 1976 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Бұл – институттың өркендеуіне, Одақ көлемінде алдыңғы қатарлы жоғары оқу орнына айналуына Әбілқас Сағыновтың үздік үлесі еді. Бұл-қайнап шыққан қажыр-қайрат жемісі.

Әбілқас Сағынов іргелі ғылыммен жарты ғасырдан астам уақыт бойы шұғылданып келді. Оның пайдалы кен байлықтарын өңдеу технологиясы және кешенді механикаландыру бағытында құрылған мектебі елімізге, шетелге кеңінен танымал. Ғалымның қолымен инженерлік оқу құралдары, кітапттар мен 20 монография жазылып, жарыққа шыққанын білеміз. Бұл еңбектер жас ғалымдар мен білікті мамандар тәрбиелеуде айырықша рөл атқаруда. Әбілқас Сағынов тікелей жетекшілік еткен он бір зерттеуші ғылым докторы және елуден астам талапты жас ғылым кандидаты дәрежесіне жетті.

Ал институт кемелденгені сонша, докторлық дессертациялар қорғататын беделді ғылыми кеңес ашылды, Институтта Әбілқас Сағынов басшылық еткен жылдарда 400-ден астам зерттеуші ғылым дәреже алған екен.

Сексенінші жылдары Орталық Қазақстандағы жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінде 52-ғылым докторы, профессор мен бір мыңдай ғылым кандидаттары даярлап, халық шаруашылығының салалары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізумен айналысты.


7-тапсырма. Мәтінге 5 жалпы және арнайы сұраулы сөйлем құрастырыңыз.
8-тапсырма. Мәтінді пайдалынып, толықтырыңыз.

1915_________________________________________

1939_________________________________________

1948 дейін____________________________________

1948 дан______________________________________

1951-ға дейін__________________________________

1953__________________________________________

1953-1958_____________________________________

1958-1987_____________________________________
9-тапсырма. Төмендегі етістіктерді жедел өткен шақта жіктеңіз: шығады, атқарады.
10-тапсырма. Мәтіннен ілік септік және тәуелдік жалғауының III жағында тұрған сөз тіркестерін тауып, сөз құрамына қарай талдаңыздар.

15-сабақ
Сын есім

(имя прилагательное)
Имена прилагательные как в русском, так и казахском языке обозначают признаки предметов и употребляются перед именами существительными.Но в казахском языке имя прилагательное, сочетаясь с именем существительным, не изменяется ни по падежам ни по числам, т.е. не согласуется с ним, а просто примыкает к нему. Например:

қара көйлек «черное платье»

қара көйлектің «черного платья»

қара көйлекке «черному платью»

Так же и в сочетании с притяжательной формой существительного. Например:

менің қара көйлегім «мое черное платье»

оның қара көйлегі «ее черное платье»

біздің қара көйлегіміз «наше черное платье»

В казахском языке имена прилагательные деляться на непроизводные (корневые) или качественные и производные или относительные, образованные при помощи суффиксов.

Непроизводные (качественные) прилагательные выражают различные типы качества и признаки предметов.




Качество и признаки предметов

Примеры


1.Цвет

ақ «белый», қара «черный», қызыл «красный», сары «желтый», көк «синий», жасыл «зеленный», қоңыр «коричневый», сұр «серый»

2.Обьем величина

үлкен «большой», кішкене «маленький», кең «широкий», тар «узкий», биік «высокий», қысқа «короткий».

3.Характер или свойство

жуас «смирный», тентек «озорный», сұлу «красивый», жалқау «ленивый», қатты «твердый»

4.Вкус

Ащы «горький», тәтті «сладкий», дәмді «вкусный», тұщы «пресный», қышқыл «кислый»

5.Форма

домалақ «круглый», жалпақ «плоский», томпақ «выпуклый», қисық «кривой», түзу «ровный», сопақ «продолговатый», қырлы «граненный», дөңгелек «круглый»

Относительные прилагательные являются производными. Они образуются от имен существительных при помощи следующих суффиксов:








Суффиксы и их значения

Непроизводная основа

Производные прилагательные

1)

-лы/-лі, -ды/-ді, -ты/-ті указывает на отношение одного предмета к другому

тау «гора»

күш «сила»

ен «ширина»


тау-лы «горный»

күш-ті «сильный»

ен-ді «широкий»


2)

-дай/-дей, -тай/-тей указывает на качество предмета относительно другого предмета

бала «ребенок»
сүт «молоко»

қыз «девушка»



Бала-дай«как ребенок»

сүт-тей «как молоко»

қыз-дай «как девушка»


3)


лық/-лік, -дық/-дік, -тық/-тік образует прилагательные от слов, заимствованных из русского языка

инженер

компьютер

математика


Инженер-лік «инженерный»

Компьютер-лік «компьютерный»

Математика-лық «математический»


4)

-сыз/-сіз образует отрицательные прилагательные

бұлт «облако»
су «вода»

тіс «зуб»



бұлт-сыз «безоблачный»

су-сыз «безводный»

тіс-сіз «беззубый»


5)

-қы/-кі, -ғы/-гі указывает на отношение во времени

күз «осень»

жаз «лето»

қыс «зима»

көктем «весна»



күз-гі «осений»

жаз-ғы «летний»

қыс-қы «зимний»

көктем-гі «весений»




1-тапсырма. Мына сөздерге жұрнақтардың тиістісін жалғаңыз және орыс тіліне аударыңыз.
а)-ты/-ті, ды/-ді, лы/-лі

бас, дала, сәт, көл, түс, дене, сақал, мұрт, бала, дәм, тұз;

ә)-дай/-дей, тай/-тей

бала, ана, су, сүт, күн, әке, қар;

б)-сыз/-сіз

тіл, дәм, бұлт, жел, мұрт;

в)-қы/-кі, ғы/-гі

кеше, бүгін, таңертең, іш, қазір, ертең, түс, соң, сырт;

д)лық/-лік, -тық/-тік, -дық/-дік

қала, минерал, ауыл, дос, жас, өндіріс, кандидат, галантерея, демократ,

ұжым;
2-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет