10-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.
«Қара және түсті металдар металлургия» кафедрасы
«ҚжТММ» кафедрасында студенттер агломерат, шойын, болат, ферроқорытпа, түсті металдар – мыс, қорғасын, мырыш және тағы басқа өндірістің технологиясын оқып біледі. Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан тау-металлургия кешеніне қара және түсті металдар металлургиясы салаларындағы жоғары класты мамандардың көптеген саны қажет. Кафедралардың түлектері ҚР кәсіпоындарында «MITTAL STEEL TEMIRTAU» өндірісінің және цехтарының болашағы аса зор бағыттарына – болат балқыту, пештен тыс өңдеу және үздіксіз құю, №3 домна пешінің қазіргі заманның қорыту агрегатында жұмыс істеу үшін домна цехына жұмысқа орналасады. Алғашқы жұмысын жұмыс орындарында бастаған кешегі студенттер бөлімше шебері, кезекті басқарушысы және т.б. қызметтерге дейін өсе келе мансапқа жетеді.
Болашақта теміртауда технопарк, металды үздіксіз тәсілмен құю және сортты таптау өндіруге бағытталған жаңа электрлі болат қорыту кәсіпорындардың құрылысы болжалады.
11-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.
«Металдарды қысыммен өңдеу» кафедрасы
Кафедрада студенттер таптау және сым тарту технологиясы бойынша білім алады – бұл сортты және табақты таптау, банаждар, дөңгелектер, мерзімді профильдер, сымдардың барлық түрін, жоғары дәлдікті сым шыбықтар және әр түрлі қима құбырлар алуға мүмкіндік беретін пластикалық күйде металдар өңдеу түрлері. МҚӨ кафедрасында оқытылатын студенттер таптау мен сым таратудың бар болған және жаңа технологиялар өңдеуін оқып білуімен, конструкциялаумен, жобалаумен және таптау мен сым тарту жабдықтарын жетілдіру, оларды пайдалану және жөндеумен айналысады.
12-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.
«Материалтану және металдар технологиясы» кафедрасы
Металтану және термиялық өңдеудің мамандары механикалық, температуралық және басқа факторлардың әсерінде металдар мен қорытпалардың құрамы мен құрылымынан механикалық, физикалық қасиеттердің өзара байланысын зерттейді. Бұл металл өнімдерін термиялық өңдеудің жаңа технологияларынөңдеуге, металлургиялық, құю-ұсталау, металл өңдеу цехтардың, сонымен бірге әскери-өнеркәсіптік кешені кәсіпорындарының термиялық жабдықтардың жаңа түрлерін өндіруге мүмкіндік береді.
13-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.
«Химиялық технология» кафедрасы
Органикалық заттардың химиялық технологиясы – бұл негізгі органикалық шикізаттарды: мұнай, көмір және табиғи ғаздың органикалық синтездің бағалы өнімдерін қайта өңдеу процесі. Олардың әрекеттесуінің негізгі бағыттары – негізгі органикалық және мұнай-химия синтезінің, «Миттал Стил Теміртау» АҚ кокс-химия өндірісінің, қоршаған ортаны қорғау бойынша мамандар.
Пайдалы қазбаларын байыту саласында мамандарды дайындау – пайдалы қазбаларын ары қарай қайта өңдеуге дайындау және оларды пайдалану мәселелерін зерттеу. Пайдалы қазбалардың әр түрлігі, қажетті компененттерін аса толығымен алу қажеттілігі қызықты ғылыми проблемалар мен мәселелердің маңызды санан ұсынады, әдетте бұл байытудың аса жетімді тәсілдері мен схемаларын өндіру, жабдықтарды жетілдіру.
14-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. «Қара және түсті металдар металлургиясы» мамандығын алған инженерлер қайда жұмыс істей алады?
2. «Металды қысыммен өңдеу» мамандығын алған студенттер қандай кәсіпорындарда жұмыс істей алады?
3. «Металтану және металдар технологиясы» мамандығын алған инженерлер қайда жұмыс істей алады?
4. «Химия технологиясы» бойынша білім алған студенттер қайда істей алады?
Достарыңызбен бөлісу: |