Алюминий деген ат ашудастардың латын тілінде «alumen» деген аталуынан шыққан. Жер қыртысындағы салмағының 8,8% -ы – алюминий. Ол күміс түсті ақ металл, жылуды және электр тогын жақсы өткізеді, соғуға, жаюға, созуға икемді.
Алюминий таза металл түрінде электротехникада ток өткізгіш сымдар, химиялық аппаратура, сондай-ақ күнделікті тұрмыста шаруашылық қажетті бұйымдарды дайындау үшін, басқа металдарды ауа коррозиясынан қорғау үшін қолданылады. Алюминий маңызды стратегиялық металл. Ол жеңіл, жақсы жылу өткізгіш, механикалық жағынан өте берік әрі коррозияға төзімді болғандықтан, өнеркәсіптің әртүрлі салаларында қолданылады. Алюминий, әсіресе, авияцияда, автомобиль, электротехника, тамақ және металл өңдеу өнеркәсібінде, басқа бірсыпыра салаларда маңызды рөл атқарады.
Алюминий рудалары минералдық құрамына қарай, екі топқа бөлінеді. Негізгі алюминий рудасына боксит, екіншісіне алюминий силикаттары мен сульфаттар жатады.
Алюминий кендері бар нефелинге бай жыныстар Краснояр өлкесі мен Сібірдің көп жерінде, Қола түбегінде, Есіл-Ұлытау аймағында, Ақмола облысында орналасқан. Алунитті жыныстар Әзербайжаннан Оңтүстік Жоңғардан, Шымкент облысынан табылды.
Сөздік .
Ашудас –квасцы
Корғау –защищать
Саз –глистиная почва
Тамақ –пища
Минералды құрамы – минеральный состав
9-тапсырма.Мәтіннің сұраулы жоспарын құрыңыз.
10-тапсырма.Мәтіндегі етістіктердің қай шақта тұрғанын анықтаңыз.
11-тапсырма.Мәтіннен ілік, жатыс септіктеріндегі сөздерді тауып, орыс тіліне аударыңыз.
16-сабақ
Сын есім шырайлары
(степени сравнения прилагательных)
В казахском языке имеются три степени сравнения: положительная, сравнительная и превосходная.
Ставнительная степень образуется путем прибавления к положительной степени суффиксов двух типов:
а)-рақ/-рек (если корень прилагательного оканчивается на гласный) или ырақ/-ірек (если корень оканчивается на согласный) Например: аласа – аласа –рақ «ниже»
үлкен – үлкен- ірек «больше»
б)-лау/-леу, -дау/-деу, тау/-теу в соответствии с законами сингорманизма и прогрессивной ассимиляции согласных (см., например, оформление суффикса множественного числа имен существительных).
қысқа «короткий» -қысқа-лау «короче»
семіз «жирный»- семіз-деу «жирнее»
жұмсақ «мягкий» -жұмсақ-тау «мягче»
Превосходная степень прилагательных образуется:
а)путем сочетания положительной степени с наречиями: өте «очень», аса «наиболее», ең «самый», тым «слишком» и др.
Например:
Жақсы «хорошо» - өте жақсы «очень хорошо»
Биік «высокий» -тым биік «слишком высокий»
б)путем удвоения первого слога прилагательного и добавления соединительного –п. Например:
қара «черный» -қап-қара «черный-пречерный»
сары «желтый» - сап-сары «желтый-прежелтый».
1-тапсырма. Мына сөздерді қазақ тіліне аударып, -рақ/-рек, ырақ/-ірек жұрнақтарымен салыстырмалы шырай жасаңыз.
Белый, сильный, большой, узкий, широкий, маленький, низкий, высокий, короткий, вкусный.
2-тапсырма. Қазақ тіліне аударып, -лау/-леу, -дау/-деу, -тау/-теу жұрнақтарының тиістісін қосыңыз.
Желтый, зеленый, грязный, ровный, красный, белый, холодный, теплый, горячий, открытый, длинный.
3-тапсырма. Төмендегі сын есімдерден үш шырай түрін жасаңыз.
Үлгі: жақсы- жап-жақсы, …
Жаман, жақсы, арық, жұмсақ, үлкен, терең, тап, ұзын, қысқа, жаңа, сары, суық, жақын.
Достарыңызбен бөлісу: |