1-Сабақ Көптік жалғаулар 6



бет8/74
Дата01.08.2022
өлшемі1,08 Mb.
#147906
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   74
Байланысты:
5 Metodichka dla izychenia kazahckogo iazika

1- тапсырма. Төмендегі сөздерді жіктеңіз.

Кезекте бесінші, ақылды (умный).




2-тапсырма. Сұрақ бойынша ой бөлісіңіз.
Қазақстанның елтаңбасында не бейнеленген? Олардың мән-мағынасын қалай түсінесіз?


3-тапсырма. Мәтінді оқып, жаңа сөздермен жұмыс жасаңыз. Мәтінде сізді қызықтырған қандай мәлімет кездесті?

Елтаңба



Қазақстан Республикасының елтаңбасы шеңбер ішінде бейнеленген. Шеңбер тіршілік, шексіз өмір деген мағынаны білдіреді. Елтаңбадағы ең негізгі белгі — шаңырақ. Шаңырақ - киіз үйдің төбесіндегі күмбез тәрізді бөлігі. Оған уықтар шаншылады. Елтаңбада бейнеленген уықтар күн сәулесіндей айналаға тарап түр.
Қазақ халқында "Отан отбасынан басталады" деген мақал бар. Демек, шаңырақ отбасы, үй деген ұғымды білдіреді. Әлемдік геральдика тарихында шаңырақ - тұңғыш рет қолданылған бейне. Шаңырағы бар елтаңба бұрын тарихта болған емес.
Елтаңба композициясында - аймүйізді, алтын қанатты қос пырақ бар. Қос пырақтың қанаттары бір қарағанда, бауланған бидайға ұқсайды.
Қазақ — малсақ халық. Ат, жылқы, тұлпар — қазақ халқының тұрмысының негізі болған. Біле білсек, жылқы өз кезегінде адамзат өркениетінің дамуына ықпал еткен қой. Пырақтың мүйізі жеті буыннан тұрады. Жеті буың қазақтың "Жеті ата" ұғымын біддіреді. Жалпы қазақ халқы мүйізді ерекше қастерлейді.
Елтаңбада шаңырақ пен қос пырақтан басқа бес бұрышты жұддыз бейнеленген. Елдің аты алтын түсті әріппен жазылған.


4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. ҚР-дың елтаңбасында нелер бейнеленген?

  2. Шеңбер қандай мағынаны білдіреді?

  3. Елтаңбадағы ең негізгі белгі деп нені атауға болады?

  4. Геральдика тарихында алғаш рет қолданылған бейне қалай аталады?

  5. Елтаңбада бұлардан басқа тағы нелер салынған?



5-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерін оқып аударыңыз, олармен сөйлем құрастырыңыз.
Киіз үй, шаңырақ, күмбез, уық шаншу, қос пырақ, мүйіз, бауланған бидай, бес бұрышты жұлдыз, шеңбер, шексіз өмір, мағына, ұғым, малсақ халық, тұрмыс-тіршілік, адамзат өркениеті, тарихта болған емес, біле білсек, буын, қастерлеу, ұқсау, ықпал ету, бейнелеу, білдіру, алтын әріппен жазу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет