1-Сабақ Көптік жалғаулар 6



бет4/8
Дата28.01.2018
өлшемі1,64 Mb.
#34385
1   2   3   4   5   6   7   8

Алтын

Таза алтын сары түсті, соғылғыш металл, химиялық инертті элемент, сыртқы ортаның химиялық әсеріне аса төзімді. Оттек, сутек азот және көміртекпен тікелей қосылмайды. Сілтілер және жеке қышқылдар алтынға әсер етпейді. «Патша сұйығында 11 көлем НNO3 , 3 көлем HCL ) және кейбір күшті қышқылдар қоспасында ериді. Қосылыстарда алтын бір және үш валентті болып келеді . Негізінен, самород түрде және тау жыныстарында (5.10 – 7%), теңіз және мұхит суында (0.01- 0.05 мг/т) кездеседі. Рудадан алтынды ұсақтау, байыту және содан кейін ционды натрий ертіндісімен өңдеу арқылы алады. Алтынмен басқа металдардың бетін жалатады, әшекей бұйымдар жасайды. Тауар өндіруде, сауда –саттықта басқа заттардың бәрінің нарқы алтынмен бағаланады.


Сөздік
Созылғыш – способный к растяжению.

Соғылғыш –упругий

Сыртқы орта – окружающая среда.

Химиялық әсер – химическое воздействие

Ериді – растворяется

Жалатады – покрывают позолотой.

Тау жыныстары – горные породы.

3-тапсырма. Мәтін бойынша 5 сұраулы сөйлем құрыңыз.
4-тапсырма. Мәтіндегі етістіктердің құрамына талдау жасаңыз.
5-тапсырма. Төмендегі мақал-мәтелдерді аударыңыз.
Алтын көрсе,

Періште де жолдан таяды.


Алтын, күміс тас екен,

Арпа, бидай ас екен.


Сабыр түбі – сары алтын.
Көп сөз - көмір,

Аз сөз – алтын.


6-тапсырма. Оқыңыз, қызық!
Сақ шонжарлары арасында алтыннан істелген әшекейлер – мойынға салатын салмақты алтын алқалар, білезіктер, жүзіктер – көп тараған.

Алтыннан не басқа қымбат материалдардан істелген бұйымдар әшекейлер көбіне сақ тайпаларының дәулетті адамдарында ғана болған.

Бұған Есік қорғанына жерленген адамның («Алтын адам») киімі мен қару-жарақтары күә. Оның бас киімінен қару-жарақтарына дейін алтыннан жасалған. Киімдерде бейнеленген неше түрлі геометриялық бедерлер көшпенді әрі жауынгер халықтың дүниетанымынан хабар береді.
8-тапсырма.Орыс тіліне аударыңыз

Алюминий

Алюминий деген ат ашудастардың латын тілінде «alumen» деген аталуынан шыққан. Жер қыртысындағы салмағының 8,8% -ы – алюминий. Ол күміс түсті ақ металл, жылуды және электр тогын жақсы өткізеді, соғуға, жаюға, созуға икемді.

Алюминий таза металл түрінде электротехникада ток өткізгіш сымдар, химиялық аппаратура, сондай-ақ күнделікті тұрмыста шаруашылық қажетті бұйымдарды дайындау үшін, басқа металдарды ауа коррозиясынан қорғау үшін қолданылады. Алюминий маңызды стратегиялық металл. Ол жеңіл, жақсы жылу өткізгіш, механикалық жағынан өте берік әрі коррозияға төзімді болғандықтан, өнеркәсіптің әртүрлі салаларында қолданылады. Алюминий, әсіресе, авияцияда, автомобиль, электротехника, тамақ және металл өңдеу өнеркәсібінде, басқа бірсыпыра салаларда маңызды рөл атқарады.

Алюминий рудалары минералдық құрамына қарай, екі топқа бөлінеді. Негізгі алюминий рудасына боксит, екіншісіне алюминий силикаттары мен сульфаттар жатады.

Алюминий кендері бар нефелинге бай жыныстар Краснояр өлкесі мен Сібірдің көп жерінде, Қола түбегінде, Есіл-Ұлытау аймағында, Ақмола облысында орналасқан. Алунитті жыныстар Әзербайжаннан Оңтүстік Жоңғардан, Шымкент облысынан табылды.
Сөздік .

Ашудас –квасцы

Корғау –защищать

Саз –глистиная почва

Тамақ –пища

Минералды құрамы – минеральный состав


9-тапсырма.Мәтіннің сұраулы жоспарын құрыңыз.
10-тапсырма.Мәтіндегі етістіктердің қай шақта тұрғанын анықтаңыз.
11-тапсырма.Мәтіннен ілік, жатыс септіктеріндегі сөздерді тауып, орыс тіліне аударыңыз.

16-сабақ
Сын есім шырайлары

(степени сравнения прилагательных)

В казахском языке имеются три степени сравнения: положительная, сравнительная и превосходная.

Ставнительная степень образуется путем прибавления к положительной степени суффиксов двух типов:

а)-рақ/-рек (если корень прилагательного оканчивается на гласный) или ырақ/-ірек (если корень оканчивается на согласный) Например: аласа – аласа –рақ «ниже»

үлкен – үлкен- ірек «больше»

б)-лау/-леу, -дау/-деу, тау/-теу в соответствии с законами сингорманизма и прогрессивной ассимиляции согласных (см., например, оформление суффикса множественного числа имен существительных).

қысқа «короткий» -қысқа-лау «короче»

семіз «жирный»- семіз-деу «жирнее»

жұмсақ «мягкий» -жұмсақ-тау «мягче»
Превосходная степень прилагательных образуется:

а)путем сочетания положительной степени с наречиями: өте «очень», аса «наиболее», ең «самый», тым «слишком» и др.

Например:

Жақсы «хорошо» - өте жақсы «очень хорошо»

Биік «высокий» -тым биік «слишком высокий»

б)путем удвоения первого слога прилагательного и добавления соединительного –п. Например:

қара «черный» -қап-қара «черный-пречерный»

сары «желтый» - сап-сары «желтый-прежелтый».


1-тапсырма. Мына сөздерді қазақ тіліне аударып, -рақ/-рек, ырақ/-ірек жұрнақтарымен салыстырмалы шырай жасаңыз.
Белый, сильный, большой, узкий, широкий, маленький, низкий, высокий, короткий, вкусный.
2-тапсырма. Қазақ тіліне аударып, -лау/-леу, -дау/-деу, -тау/-теу жұрнақтарының тиістісін қосыңыз.
Желтый, зеленый, грязный, ровный, красный, белый, холодный, теплый, горячий, открытый, длинный.
3-тапсырма. Төмендегі сын есімдерден үш шырай түрін жасаңыз.
Үлгі: жақсы- жап-жақсы, …

Жаман, жақсы, арық, жұмсақ, үлкен, терең, тап, ұзын, қысқа, жаңа, сары, суық, жақын.


4-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.

Болат

Болат – темірдің көміртекті қорытпасы. Болат - өндіру технологиясына байланысты, қорытпа құрамында көміртектен басқа марганец, кремний, күкірт, фосфор т.б. қосалқы элементтер болады. Мұндай болатты көміртекті болат деп атайды. Болат сапасын арттыру үшін, қорытпа құрамына хром, никель, молибден, ванадий вольфрам, марганец, кремний т.б. элементтер қосылады. Мұндай қорытпа легирленген болат деп аталады.

Болат – қара металлургия өндірісінің негізі - машина жасау өнеркәсібі мен құрылыста пайдаланылатын негізгі материал. Пайдалану саласына қарай, болатты басты-басты төрт топқа бөлуге болады :

Құрылыстық болат. Әдетте, прокат күйінде құрылыс конструкцияларының әртүрлі элементтері мен вагон, кеме жасауда қолданылады.

Машина жасау болатынан негізінен әр түрлі машина бөлшектері жасалады. Ол үшін термиялық өңдеу мен химиялық-термиялық өңдеуден өтеді.

Аспаптық болат әр түрлі кесу, өлшеу, штамп аспаптарын жасауға пайдаланылады.

Айырықша-физикалық қасиеттері бар болат көбінесе электр техникасы, химия, әскери техникаларын жасауда пайдаланылады.
Сөздік.
Қорытпа – сплав.

Көміртек – углерод.

Арттыру - увеличить, повысить

Қосылады – прибавляется

Негізгі өнім – основной продукт

Құрылыс – строительство

Бөлшектер – частицы

Өңдеу – обрабатывать


5-тапсырма.Сөздіктегі сөздерді пайдаланып, сөйлемдер құраңыз.
6-тапсырма.Өнім, бөлшек, болат, аспап сөздерін септеңіз.
7-тапсырма. Мәтіндегі сын есімдерді теріп жазып, сипаттаңыз.
8-тапсырма.Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.
Мыс
Мыстың қорытпалары жез, қола ерте заманның өзінде әр түрлі құрал саймандар жасау үшін қолданылған. Табиғатта ол бос күйінде сирек, негізінен қосылыстар, көбіне күкірітті қосылыстар түрінде кездеседі. Жер қыртысындағы мөлшері 0.003% мыс кендерінің маңыздылары: мыс жылтыры Cu2S, мыс колчеданы СиFeS2 ,малахит CuCO Cu (OH)2 т.б.

Қазақстанда мыс Жезқазған, Қоңырат, Бозшакөл т.б жерлерде өндіріледі.

Мыс- қызғылт сары түсті,созылғыш, жұмсақ, металл жылуды және электр тогын жақсы өткізеді.

Мыс сульфидін өртеп, тотыққа айналдырып, тотықты көмірмен тотықсыздандыру арқылы мыс алынады. Осы әдіспен алынған мыс тазартылып электр техникада қолдануға жарамды таза мысқа айналдырылады. Мыс- шаруашылықтың түрлі саласында кең қолданылатын металл. Ол әр түрлі қорытпалардың (қола), жез т.б. құрамына кіреді. Сондай-ақ электр сымдарын, кабель зауыт аппараттары, машиналар жасауға жұмсалады.


Сөздік :
Қорытпа –сплав

Қосылыс-соединение

Жұмсақ-мягкий

Шаруашылық-хозяйство

Құрам-состав

Әдіс-метод

Жұмсалу-израсходоваться
9-тапсырма. Мәтіндегі зат есімдерге мына кесте бойынша талдау жасаңыз.

Атау

ілік

барыс

табыс

жатыс

шығыс

көмектес






















10-тапсырма. Мәтіннің жоспарын құрып әңгімелеңіз.
11-тапсырма. Сөз тіркестерін қолдана отырып, сөйлемдер құрыңыздар.
Жұмсақ металл, электр тогы, зауыт аппараттары, машина жасау, таза мыс, мыстың мөлшері.

12-тапсырма. Жұмсақ, таза, ақ, бос күйінде, жарамды сөздерінің антонимдерін табыңыз.

17-сабақ
КӨмекші сӨздер

(служебные слова)
Служебные слова (көмекші сөздер). В казахском языке существуют категории слов, не имеющих самостоятельного значения и не обладающих самостоятельной функцией в предложении. Они называются служебными словами. Их можно разделить на следующие группы :

1.Послелоги (септеуліктер);

2.Служебные имена (көмекші есімдер);

3.Союзы (жалғаулар);

4.Частицы (демеуліктер);

5.Модальные слова (модаль сөздер).


1.Послелоги по своему значению, в основном, соответствуют русским предлогам и многие из них требуют определенных падежей. Они обычно стоят после знаменательных слов, к которым относятся.


Послелоги

Предлоги

Примеры


Дейін(шейін)

до

Институтқа дейін.

До института.



Бойына

В течении

Жыл бойына .

В течении года.



бойынша

(бойында)



вдоль

Айтуы бойынша.

По его рассказам.



соң, кейін

с, после

Былтырдан соң. С прошлого года.

Сабақтан кейін. После урока.



Арқылы

через

Сен арқылы. Через тебя.

Туралы

о, об

Шаруашылық туралы. О хозяйстве.

Үшін

для, ради

Сен үшін. Ради тебя.




чтобы

Оқу үшін. Для учебы.

Бері

с

Былтырдан бері. С прошлого года.

Басқа

кроме

Менен басқа. Кроме меня.

Бұрын

раньше

Менен бұрын.Раньше меня.

әрі

дальше

әрі отыр. Сядь дальше.

2.Служебные имена относятся к служебным словам условно, т.к. они сильно отличаются от других служебных слов. В отличие от них они могут употребляться самостоятельно в определенной синтаксической функции и иметь конкретное лексическое значение. Они склоняются и принимают падежные окончания. Служебные имена так же, как и предлоги, соответствуют русскими предлогами и употребляются после имен существительных. Например: ағаштың түбінде «у дерева», мектептің алдында «перед школой».

Так же, как имена существительные, служебные имена принимают падежные окончания:

Им.п. терезенің жаны

Род.п. терезенің жаны-ның

Дат.п. терезенің жаны-на

Вин.п. терезенің жаны-н

Мест.п. терезенің жаны-нда

Исх.п. терезенің жаны-нан

Твор.п. терезенің жаны-мен.
3.Союзы соответствуют союзам русского языка и служат для соединения однородных членов предложения и предложений. В казахском языке имеется несколько видов союзов.


Союзы

Русские эквиваленты

Примеры

Соединительные-және, мен/бен, пен, да/де, та/те.

и, да

Сен және мен. Ты да я.

Сәлім мен Әлім.

Салим и Алим.


Протвительные- бірақ, бірақ та,алай да, дегенмен, әйтсе де, сөйтсе де.

а,но,да

Киноға барар едім,бірақ қалтамда ақшам жоқ.

Пошел бы в кино, да в кармане денег нет.



Разделительные- не, немесе, я, әлде, біресе,әйтпесе, ал.

или, либо, то…

Не мен барам, не сен бар.

Или я пойду, или ты иди.



Причинные- өйткені, себебі

так как, потому что.

Ол жақсы оқиды, себебі жақсы болғысы келеді.

Следственные –сондықтан, сол себептен,сол үшін.

поэтому

Мен ауырып қалдым, сол себептен сабаққа бармадым.

Условные –егер, онда

если, тогда

Егер кітап оқымасаң, адам болмайсың.

Если не будешь читать, то не станешь образованным человеком.




1-тапсырма. Көшіріп жазыңыз. Септеуліктердің, жалғаулықтардың және демеуліктердің астын сызып, орыс тіліне аударыңыз.
а). 1.Оның әкесі Отан үшін қаза тапты. Әкесі туралы көп әңгіме айтты. 2.Біз ауылға дейін пойызбен барамыз. Пойыз Көкшетау арқылы өтеді. 3.Мен мына кітапты сенен бұрын оқыдым. Сен оны менен кейін оқыдың.

ә). Базарда көкөніс пен жеміс-жидек көп. Мен бүгін не қарбыз, не қауын, не алма сатып аламын. Шабдалыны алғым келеді, бірақ алмаймын, өйткені бағасы қымбат. Егер ақшам болса, алар едім.

б). Менің уақытым жоқ, әсіресе ертең. Мен емтиханға дайындалып жатырмын ғой. Аз-ақ уақытым қалды. Мен жаңа ғана оқу залынан келдім. Сіз ше? Емтиханға дайынсыз ба?
2-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет