Қазақстан Республикасының прокуратурасы: жүйесі, құрылымы
Қазақстан Республикасында қандай құқық қорғау органдары құрылған: Оған мыналар жатады: полиция органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура, әділет министрлігі, әр алуан мемлекеттік инспекциялар (өрт, санитарлық, қаржы және т.б., сот органдары, адвокатура, нотариаттар, кедендік органдар, ішкі және шекара әскерлері, Президент күзетінің қызметі және т.б.
Құқық қорғау органдары, негізінен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Прокуратураның және Әділет министрлігінің құрамында әрекет етеді.
Полиция органдарының қызметі
Полиция – Ішкі істер министрлігінің құқықтық қорғау органдары жүйесінде басшылық орын алады, оған құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және болдырмау жөніндегі жұмыстардың анағұрлым көп көлемі жүктелген. Сондықтан ПМ жүйесінде толып жатқан полициялық органдар құрылған. Олар: 1) қылмысты істер полициясы, ол қылмыстарды болдырмау және ашумен айналысады; 2) патруль полициясы – көшелер мен елді мекендерде, басқа да қоғамдық орындарды қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыруды; 3) жол полициясы – жол қозғалысы ережелерін сақтауды және оның қауіпсіздігін қадағалайды; 4) әкімшілік полициясы, оның міндеті - әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу; 5) полицияның арнайы отрядтары – күзетілген маңызды объектілерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған және т.б.
Заң бойынша – полиция қылмыстар, әкімшілік бұзулар туралы өтініштерді, хабарлауларды қабылдауға және тіркеуге, қылмыстардан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге, қылмыс жасаған адамдарды іздестіруге; қару сатып алуға, алып жүруге және сақтауға рұқсат беруге; кәмелетке толмағандардың панасыздығы мен құқық бұзуларын анықтауға; шетелдік азаматтардың Қазақстан аумағында болуы кезінде ережелерді сақтауға бақылауды жүзеге асыруға және т.б. міндетті.
Заң полицияға: құқық бұзулар жасағаны жөнінде сезікті азаматтардың құжаттарын тексеруге; әкімшілік құқық бұзулар туралы хаттамалар жасауға; заңда көрсетілген жағдайларда азаматтарды ұстауға және қамауға алуға; бас бостандықтарынан айыру орындарынан босаған адамдар тұрғысында бақылауды жүзеге асыруға; қылмыс жасаған адамдардың ізіне түсу кезінде азаматтардың тұрғын үйлерінде ұйымдар орналасқан бөлмелерге кіруге, оларды тексеруге және т.б. құқық береді.
Қазақстанның полициясы басқа еларалық келісімдер негізінде басқа елдердің полициясымен өзара әрекеттестікте жұмыс істейді. Қазақстан өз аумағында қылмыс жасаған адамдарды іздестіруге, ұстауға және ҚР-на беруге көмектесетін халықаралық полиция ұйымының – Интерполдың мүшесі болып табылады.
ПМ-нің полициялық органдарынан басқа Қаржы полициясы агенттігінің жүйесінде қаржы полициясы, ал қарулы күштерде - әскери полиция жұмыс істейді.
Қаржы полициясының құқықтары төмендегідей: салықтарды төлемеуге байланысты құқық бұзуларды анықтау және болдырмау; салықтар төлеуден жалтаратын адамдарды іздестіруді жүзеге асыру; салықтық құқық бұзушылық пен мемлекеттікке келтірілген залалдарды өтеу жөнінде шаралар қолдану; салық қызметі органдарындағы жемқорлық фактілерінің алдын алу, анықтау; алдын ала тергеу, анықтау жүргізу; өзінің құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, азаматтардан қажетті ақпаратты сұрату және алу.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметі. Құқық тәртібін қорғауға ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдары үлкен рөл атқарады. ҰҚК-нің басшылығымен облыстар мен қалаларда құрылған аумақтық органдарға жұмыс істейді.
ҰҚК жүйесінде барлау бөлімшелері («Барлау» қызметі) бар: мемлекеттік құпияларды сақтауды қамтамасыз етуге арналған үкіметтік мекемелерді байланыс пен ақпараттың арнайы түрлерімен жабдықтайтын орган және басқа құрылымдар жұмыс істейді.
ҰҚК органдарының қызметіндегі басқа маңызды бағыт – лаңкестікпен, заңсыз қару айналымымен, нашақорлықпен, жемқорлықпен, контрабандамен, пара алумен, басқа да ауыр қылмыстармен күресу болып табылады.
Лаңкестікпен күресу – 2001 жылы 11 қыркүйекте Нью-Йорктегі және 2002 жылы қазанда Мәскеудегі театр орталығына жасалған шабуылдан кейін ерекше міндетке айналды.
Сондықтан ҚР-ның ҰҚК-ті лаңкестікпен күресу жөніндегі өз қызметін басқа мемлекеттердің мемлекеттік қауіпсіздік органдарымен өзара әрекеттесуі арқылы жүзеге асырады.
ҰҚК органдарына зор құқықтар берілген. Дәлірек айтқанда, олар, мысалы, мақсаттары ҚР-дағы конституциялық құрылысты күшпен өзгерту болып табылатын, лаңкестік, экономикалық контрабандаға, жемқорлық, қылмысты топтардың беделін түсіруге бағытталған қылмыстың ерекше қауіпті түрлері бойынша анықтау және алдын алазерттеу жүргізеді.
Қазақстан Республикасының прокуратурасының жүйесі, құрылымы
Прокуратура органдарының қызметі. ҚР-ның құқық органдары арасында прокуратура айрықша орын алады. Оның қызметі көп қырлы және көптеген бағыттарда жүзеге асырылады. Прокуратураның міндеттері ҚР Конституциясымен және «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» арнаулы заңмен белгіленген.
Прокуратураның басты міндеті барлық мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың, мекемелердің және олардың лауазымды адамдарының Заңдарды, Президенттің жарлықтарын, басқа құқықтық нормативтік актілерді мүлтіксіз және біркелкі қолдануына жоғарыдан қадағалауды жүзеге асыру болып табылады.
Прокурорлық қадағалаудың мақсаты – Республиканың бүкіл аумағында біртұтас және берік заңдылықты қамтамасыз ету, заңнамалардың талаптарын бұзу фактілерін анықтау және кінәлілерді жауапқа тарту.
Прокуратура өз қызметін мемлекет атынан жүзеге асырады. Ол өз қызметін ҚР Президентіне тікелей есеп беретін тек қана Бас прокурорға бағына отырып, басқа мемлекеттік органдарға тәуелсіз атқарады.
Прокуратураға кең өкілдіктер берілген. Мысалы, ол мыналарды қадағалауды жүзеге асырады.
а) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығын сақтауды;
ә) полициялық органдардың тергеулер мен анықтаулар кезіндегі заңдылығын;
б) азаматтарды әкімшілік жауапқа тартудың заңдылығын;
в) сот белгілеген жазаларды орындау мен азаматтық істер бойынша сот шешімдерін орындау заңдылығын;
г) сот органдарының үкімдерінің, шешімдерінің заңдылығын.
Өздерінің қадағалау қызметтерін прокуратура әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырады. Мысалы, мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың кез келген заңсыз шешімдері мен қаулыларына наразылық білдіру; қылмысты зерттеу кезінде заңсыз әрекеттерге жол бермеуді бақылау және т.б. жолмен. Қылмыс фактісін анықтағанда прокуратура қылмыстық іс қозғайды, оны сотқа жібереді және мемлекеттік айыптаушы ретінде көрінеді.
Сонымен бірге прокурордың сезіктіні қамауға алуға, тінту жүргізуге рұқсат беруге, заңнамалар талаптарын бұзуға әкелуі мүмкін, жұмыстағы кемшіліктерді жоюға лауазымды адамдарға міндетті болатын жазбаша нұсқаулар беруге құқы бар.
Республикада құқық қорғау қызметін тиімді жүзеге асыру үшін барлық құқық қорғаушы органдардың келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етудің, қылмыспен күрес жағдайында жүйелі талдау жасаудың, елде құқық қорғау жұмысын жақсартудың себептерін анықтау мен шараларын жасаудың зор маңызы бар. Мұндай міндет заңмен прокуратураға да жүктелген. Бұл прокуратураның Қазақстан Республикасындағы Заңдылықтың жай-күйі үшін мемлекет алдында үлкен жауапкершілігі барын дәлелдейді.
Құқық қорғау органдары мемлекеттің басым құрылымдарына жатады. Оларға қару қолдануға дейін үлкен өкілдіктер берілген. Сондықтан олар міндеттері, қызметтері, қызметінің түрлері мен әдеттері белгіленген ҚР Конституциясының қағидаттары мен нормаларына сәйкес қатаң жұмыс істеуге міндетті. Республикада олардың қызметіне қатысты болатын ІІм, ҰҚК, прокуратура органдары, әділет органдары, сот жүйесі, адвокатура, нотариат туралы Заң дар мен басқа заңдар қабылдаған және олар жұмыс істейді.
Барлық құқық органдары төмендегі қағидаттар негізінде жұмыс істеуге міндетті: 1) заңдылық; 2) адамның құқықтары мен бостандықтарын басым қамтамасыз ету; 3) барлығының заң алдындағы теңдігі; 4) құқық қорғау органдары қызметкерлерінің этикалық нормаларын сақтау; 5) құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне саяси партияларда болуға тыйым салу.
Бұл жөніндегі ҚР Конституциясының 23-бабында тура айтылған: «Әскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар партияларда, кәсіптік одақтарда болмауға, қандай да бір саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиіс». Құқық қорғау органдары қызметінің барлық аталған қағидаттары олардың саяси күреске тартылмауына, халықтың алдында жоғары беделі болуына, республикада қатаң заңдылық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі өздерінің жауапты қызметтерін тәуелсіз орындауға, халыққа адал қызмет етуге, сондай-ақ қоғамдық және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Ішкі істер органдарының міндеттері және қызметтері
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жүйесін басқаруды, сондай-ақ заңнамада көзделген шеңберде Қазақстан Республикасында қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын, құқық қорғау қызметі саласында мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыруға қатысатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік актілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері мен өзге міндеттемелеріне сәйкес жүзеге асырады.
Iшкi iстер органдарының мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) қоғамдық тәртiптi сақтау және қоғамдық қауiпсiздiктi, оның iшiнде төтенше немесе әскери жағдайында қамтамасыз ету;
2) қылмыстар мен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, қылмыстарды ашу және тергеу, сондай-ақ қылмыскерлерді іздестіру;
3) заңнамада белгiленген өздерiнiң құзыретi шегiнде алдын ала тергеуді, анықтау мен әкiмшiлiк iс жүргiзудi жүзеге асыру;
4) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалғандығын және құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу;
5) қажет болған жағдайда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мемлекеттік өртке қарсы қызметі органдарына ықпал ету;
6) жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік қадағалау және бақылау;
7) мемлекеттік және өзге де объектілерді, жеке адамдарды күзету, қамауға алынғандар мен сотталғандарды айдауылдау, терроризм актілерінің жолын кесуге қатысу, кепілге алынғандарды босату;
8) төлқұжат пен виза жұмысын жүзеге асыру, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында болу ережесін сақтауды бақылау;
9) соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс жүйесiндегі жекелеген мiндеттердi орындау;
9-1) өзге мемлекеттік органдарымен бірге карантиндік, санитарлық және табиғатты қорғау, оның ішінде төтенше жағдайлар кезінде іс-шаралар өткізуге қатысу, табиғатты қорғау органдарына браконьерлікке қарсы күресте ықпал ету;
9-2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялау және рұқсат беру қызметін жүзеге асыру;
9-3) Қазақстан Республикасының аумағындағы аса маңызды және ерекше режімді объектілерде режимдік және күзет іс-шараларын жүзеге асыру;
10) Ішкі істер органдарының құзыретіне жататын мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.
Ішкі істер органдарының қызметтері:
Ішкі әскерлер комитеті;
Интерполдың ұлттық орталық бюросы;
Криминалдық полиция комитеті;
Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті;
Тергеу комитеті;
Кадр жұмысы департаменті;
Әкімшілік полиция комитеті;
Жол полициясы комитеті;
Өзіндік қауіпсіздік департаменті;
Штаб департаменті;
Заң департаменті;
Техникалық қызмет департаменті;
Мемлекеттік тіл және ақпарат департменті;
Мемлекеттік күзет қызметі;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті және органдары
Мемлекеттік органдар мен ұйымдар, олардың мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі құрылымдық бөлімшелері мемлекеттік құпияларды қорғау мемлекеттік орган мен ұйымның негізгі қызметінің бір түрі болып табылады.
Мемлекеттік құпияларды қорғау органдары өздеріне жүктелген міндеттерге сәйкес және өз құзыреттері шегінде мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтердің қорғалуын ұйымдастыру үшін жауапкершілік олардың басшыларына жүктеледі. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтер пайдаланылатын жұмыстардың көлеміне қарай міндеттері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес және олар жүргізетін жұмыстардың ерекшеліктерін ескере отырып, аталған басшылар белгілейтін мемлекеттік құпияларды қорғау жөнінде құрылымдық бөлімшелер құрады.
9. Жаңа тақырыпты бекіту – 20 минут (22%)
1. Атқарушы биліктің орталық органдары;
2. Құқық қорғау органдарының нысандары;
3. Қазақстан Республикасының прокуратурасы: жүйесі, құрылымы;
4. Полиция органдарының қызметі;
5. Қазақстан Республикасының прокуратурасының жүйесі, құрылымы;
6. Ішкі істер органдарының міндеттері және қызметтері;
7. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті және органдары.
10. Сабақты қорытындылау – 5минут (6%)
1.Тақырып сұрақтары бойынша ақпаратты дидактикалық бөліммен жұмыс істеу.
2.Сабақтың тақырыбы бойынша жаңа енгізілген түсініктерді теориялық сабаққа арналған дәптеріне жазғызу. Оқытушымен бірге жұмыс істеу.
Ішкі істер органдары, Әділет, Полиция, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және т.б
11.Үйге тапсырма беру – 5минут(6%)
Реферат пен баяндамалар тақырыптары:
1. Құқық қорғау органдарының негізгі міндеттері
2. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының жүйесi.
3. Бөлiну функциялары құқық қорғау органдарының жүйесiнiң негiзi ретiнде.
4. Қазақстан Республикасының прокуратурасы: жүйесі, құрылымы;
5. Полиция органдарының қызметі;
Қазақстан Республикасының прокуратурасының жүйесі, құрылымы;
6. Ішкі істер органдарының міндеттері және қызметтері;
7. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті және органдары.
№ 9-САБАҚ
1.Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының сайлау құқығы және сайлау жүйелері.
2.Сағат саны – 135 сағат (100%)
3.Сабақ түрі: теория
4. Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасы сайлау жүйесi деп Конституция мен сайлау туралы зандарда көрсетiлгендей республика Президентiн, Мәжілiс пен Сенат депуттатарын, ауылдық әкiмдердi, төте не жанама сайлау тәртiбiн айтамыз.
оқыту: Білімді қалыптастыру (тың мәліметтер беру, білімді қалыптастыру).
тәрбиелік: Адамгершілік тәрбиесін беру ( Қазақстандық патриотизм, ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдау).
дамыту: Танымдық қызығушылықты дамыту.
5. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, сөзжұмбақтар.
б) оқыту орны: дәріс аудиторясы
6. Әдебиеттер:
1.Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы: Баспа, 1998.- 256 б.
2.Сапарғалиев Ғ. Қазақстан мемлекеті мен құқығынының негіздері. – Алматы: Атамұра, 1994.- 160 б.
3.Баққұлов С.Д. Құқық негіздері: Оқулық. – 2-ші басылым. – Алматы, 2004. -248 б.
4.Дулатбеков Н.О. и др. Мемлекет және құқық негіздері / Дулатбеков Н.О., Амандықова С.Қ., Турлаев А.В. – Астана: Фолиант, 2001.- 252 б.
5.Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері: Оқулық / Е. Баянов. - Өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, қайта жөнделіп 2-ші рет басылуы. – Алматы, 2003.- 692 б.
6.Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы: Оқу құралы. – Алматы, 2004.
7.Сапаргалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1997ж;
8.Дулатбеков Н., Амандықова С., Турлаев А. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы, 2001 ж.
Ұйымдастырылу кезеңі- 7 минут (6%)
а) оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
ә) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
б) сабақтың мақсаты мен міндеті
7. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білім тексеру – 22 минут (16%)
1. Атқарушы биліктің орталық органдары;
2. Құқық қорғау органдарының нысандары;
3. Қазақстан Республикасының прокуратурасы: жүйесі, құрылымы;
4. Полиция органдарының қызметі;
5. Қазақстан Республикасының прокуратурасының жүйесі, құрылымы;
6. Ішкі істер органдарының міндеттері және қызметтері;
7. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті және органдары.
8. Жаңа сабақ түсіндіру- 60 минут(44%)
Ақпаратты – дидактикалық бөлім:
Сайлау, сайлау жүйесінің және құқығының түсінігі. Сайлау жүйесi дегенiмiз сайлау органдарын кұрудың, сайлауды ұйымдастырудың тәртiбi қағидаларын қамтитын, сайланбалы мемлекеттiк жене жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын қалыптастырудың тәртiбi.
Қазақстан Республикасы сайлау жүйесi деп Конституция мен сайлау туралы зандарда көрсетiлгендей республика Президентiн, Мәжілiс пен Сенат депуттатарын, ауылдық әкiмдердi, төте не жанама сайлау тәртiбiн айтамыз.
Сайлау жүйесiнiң тепе-тең және мажоритарлы сияқты екi түрi бар. Тепе-тең сайлау жүйесi дегенiмiз сайлау барысында берiлген дауыс пен жеңiп алынған мандат арасындағы тепе тендiк қағидасына негiзделедi. Тепе-тең сайлау жүйесiнің әрекет етуi үшiн бiрнеше iрi аумақтық округтер және екiден кем емес қалыптасқан саяси партиялар болуы қажет.
Мажоритарлы сайлау жуйесi артық басымдылы және салыстырмалы басымдылы деген екi түрге бөлiнедi. Артық басымдылық мажоритарлы жүйе тұсында бiрiншi және екiншi қайта дауыс беру кезiнде, сайлаушылар тiзiмiне енгiзiлген азаматтардың 50 пайыздан астамы сайлауға қатынасса, сайлау өттi деп, дауыс берушiлердiң 50 пайыздан артық дауысын жинаған кандидат сайланды деп есептеледi.
Салыстырмалы басымдылы мажоритарлы жүйе тұсында егер кандидат сайлау тiзiмiне енген сайлаушылардың 25 пайызының дауысына ие болса, дауыс берген сайлаушылардың санына қарамастан, сайланды және сайлау өттi деп есептеледi.
Қазақстан Республикасында Президентi және Парламент депутаттарын сайлау кезiнде, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (тандаушылардың) елу пайызынан астамының дауысын алған және қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшiлiгiн алған кандидат сайланып, сайлау өттi деп саналады.
Мәслихаттар депутаттарын сайлау кезiнде басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшiлiгiн алған кандидат сайланған болып саналады.
Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшiлiгi жақтап дауыс берген кандидаттар сайланған болып саналады.
Сайлау референдуммен қатар халық билігін білдірудің формасы; халық егемендігінің бір көрінісі болып саналады, конституцияның 3-бабының 2-тармағы және 33-бабының 2-тармағына сәйкес сайлауға және сайлаушыға азаматтардың құқығы бекітіледі. Сайлау жолымен мемлекеттің өкілді органдары құрылады.
Сайлау науқаны (өзіне сайлау округтерінің, учаскелерінің құрылуын, сайлаушылар тізімдерін жасау мен тексеруді, сайлау комиссияларын құруды, кандидаттарды ұсынуды, сайлау алдындағы күресті, дауыс беру күшін енгізеді) заңмен белгіленген белгілі ережелер, қағидалар бойынша ұйымдастырылып өткізіледі. Бүкіл осы ережелер мен қағидалардың жиынтығы сайлау жүйесін құрады.
Сайлау құқығы негізгі қағидаттары
Жалпыға бiрдей белсендi сайлау құқығы қағидаты. Бұл қағида бойынша Қазақстанның он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдайларға қарамастан, сайлауға дауыс беруге қатысу құқығы бар. Жалпыға бiрдей белсендi сайлау құқығы белсендi сайлау құқығы есеп сайлау құқығы болып бөлінеді. Белсендi сайлау құқығы дегенiмiз 18 жасқа толған Қазақстан азаматтарының сайлауда дауыс беру құқығы.
Бәсең сайлау құқығы — Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, мәслихатының депутаты немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органына мүше болып сайлану құқығы. Сайлауға сот iс-әрекетке қабiлетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды. Қазақстан Республикасының Президентiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, соның iшiнде партиялық тiзiмдер бойынша, мәслихаттардың депутаттығына кандидат ретiнде, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидат болып тiркелу уақытына қарай сотталғандығы заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам тiркеуге жатпайды.
Тең сайлау құқығы. Сайлаушылар Республика Президентi, Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттары сайлауына тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысына бiр сайлау бюллетенiне тиiсiнше бiр дауысы болады. Сайлаушылар Респбуликаның жергіліктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауға тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының тең дауыс саны болады. Кандидаттардың сайлауға тең құқықтармен және шарттармен қатысуша кепiлдiк берiледi.
Төте сайлау құқығы. Республика Президентiн, Парламентi Межiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн азаматтар тiкелей сайлайды. 2006 жылы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президентiн сайлау өткiзiлiп, сайлауға қатынасқандардың 91,15 пайызынын дауысын жинаған Н. Ә. Назарбаев 7 жылға Қазақстант Республикасының Президентi болып сайланды.
Жанама сайлау құқығы. Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылар — мәслихаттардың депутаты болып табылатын Республика азаматтары қатысады. Таңдаушылар Сенат депутаттарын сайлауға тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының Сенат депутатын сайлаган кезде бiр дауысы болады.
Жасырын дауыс беру. Республика Президентiн, Парламентiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауда жасырын дауыс берiледi әрi сайлаушылардың еркiн бiлдiруiне қандай да болсын бақылау жасау мүмкiндiгiне жол берiлмейдi.
Сайлау бостандығы. Республикадағы сайлау Республика азаматының сайлау жене сайлану құқығын еркiн жузеге асыруына негiзделедi. Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерiктi болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркiн бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ. Сайлаушылардың, сайлаудан, дауыс беруден оз ерiктерiмен бас тартуы абсентеизм деп аталады. Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік билікті ұйымдастырудың басты принципі еркін сайлау және референдум арқылы жүзеге асырылатынын, ал, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық екендігін белгілейді.
Демократиялық сайлау – негізгі саяси-құқықтық институт. Демократия саяси сайлау процесінен, яғни азаматтар үшін заңмен белгіленген мерзім ішінде олардың мүдделерін білдіруге ғана емес, сайлаушы азаматтармен бекітілген деңгейде дербес даму саясатын жүргізуге ниетті әртүрлі тұлғалар, партиялар арасынан таңдауды мүмкін деп қарастыратын және заңды негізде таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін процестен тыс іске асырыла алмайды.
Заң шығарушы (өкілді) мемлекеттік органдарды сайлау кезінде негізгі екі сайлау жүйесі қолданылатыны белгілі. Олар – барабар және мажоритарлық жүйелер. Олардың белгілі бір үйлесімі негізінде дауыс берудің аралас жүйесі қалыптасады.
Қазақстанда қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 98 депутатын сайлауда барабар сайлау жүйесі қолданылады.
Мәжілістің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.
Барабар жүйе бойынша сайлау партиялық тізімдер үшін дауыс беру дегенді білдіреді. Барабар сайлау жүйесінің негізгі мақсаты көппартиялық жағдайында партиялардың барабар өкілдігін қамтамасыз ету болып табылады. Сайлау партиялық тізімдер бойынша жүргізіледі. Бұл ретте Парламентке өту үшін партияның міндетті түрде алуы тиіс сайлаушылар дауысының проценті түріндегі заңнамалық тосқауыл қолданылады. Қазақстанда ол 7% құрайды.
Мінсіз сайлау жүйесі жоқ. Кез келген жүйенің өз артықшылықтары және өз кемшіліктері бар. Сайлаудың халықаралық стандарттары да мемлекеттерге сайлау жүйесін таңдау бойынша қандай да болмасын талаптар қоймайды.
Достарыңызбен бөлісу: |