1-сабақ Сабақтың тақырыбы


Әкімшілік жазаларды қолдану ережелері



бет9/10
Дата24.05.2017
өлшемі4,86 Mb.
#16941
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

3. Әкімшілік жазаларды қолдану ережелері. Осы аталып көрсетілген шаралармен қатар әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте, өз бетімен салынып жатқан немесе салынған құрылыстарды мәжбүрлеп бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағынан (территориясынан) әкімшілік жолмен аластату шараларын қарастырған.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 7-тарауында әкімшілік жазаларды қолдану ережелері көрсетілген.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 61-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларға мыналар жатады;

- кінәлі адамның шын өкінуі;

- кінәлі адамның залалды өз еркімен өтеуі немесе, келтірілген зиянды жоюы;

- әкімшілік құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адамның жасауы;

- әкімшілік құқық бұзушылықты күшті жан күйзелісінің нәтижесінде немесе отбасының ауыр жағдайлары салдарынан жасауы:

- әкімшілік құқық бұзушылықты күш колдану немесс мәжбүрлеу арқылы жасау;

- әкімшілік құқық бұзушылықты жүкті әйелдің немесе 31 жасқа дейінгі баласы бар адамның жасауы;

- әкімшілік құқық бұзушылықты құқыққа қарсы қол сұғушылық жасаған адамды ұстау, қажетті қорғану шарттарын бұзған, бұйрықты не өкімді орындау барысында жасау.

Ал, жауапкершілікті ауырлататын мән-жайларға мыналар жатады:

- өкілетті органдардың ескерткеніне қарамастан теріс қылықтарды ары қарай жалғастыру;

- бұрын жасаған құқық бұзушылықты қайталап жасау; бұрын қылмыс жасаған адамның қайтадан құқық бұзушылық жасауы;

- ұйымдасып топпен құқық бұзушылық жасау;

- кәмелетке толмаған азаматтарды құқық бұзушылыққа тарту;

- төтенше жағдай кезендерінде, табиғи апат жағдайларында құқық бұзушылық жасау;

- құқық бұзушылықты масаң күйде жасау.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстіц 65-бабына сәйкес әкімшілік жазалардың мерзімі жылдармен, айлармен

нмесе күнтізбелік күндермен есептеледі. Әкімшілік құқық бұзушылық жасалғаннан кейін 2 ай өткен соң жеке адамға қарсы

әкмшілік жаза қолдануға болмайды, ал әкімшілік құқық

бұзушылықты қоршаған ортаны қорғау саласында жасаса - 6

айдан кейін, салық салу саласында жасаса - үш жыл өткен соң

әкімшілік жауапқа тартылмаған деп санауға болатын мерзімді де белгіленген.

Заң шығарушы іс бойынша қабылдануы мүмкін қаулылардың мынадай түрлерін белгілейді:

1 ) әкімшілік жаза беру туралы;

2) іс бойынша істің жүргізілуін тоқтату туралы;

3) істі жазаның басқа түрін немесе мөлшерін белгілеуге құқығы бар судьяның, органның қарауына беру туралы;

4) айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату

Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы дайындалған адам, сонымен қатар жәбірленуші, қаулыға шағым келтіруге құқылы. Өкілетті органның қаулысына шағым не жоғары тұрған органға, не сотқа беріледі. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағым қаулы шыққан күннен бастап 10 күн ішінде беріледі. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға прокурор наразылық келтіре алады. Белгіленген мерзімде шағым беру және прокурордың наразылық келтіруі наразылық қаралғанға дейін қаулының қоладнылуын тоқтата тұрады. Шағымның немесе наразылықтың қаралу мерзімі - 10 күн. Шағымды немесе наразылықты қараған орган, шығарылған қаулының заңдылығын және дәлелділігін тексергеннен кейін мынадай шешімдердің бірін қабылдауға құқылы:

1) қаулыны өзгеріссіз, ал шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы;

2) қаулыны өзгерту туралы;

3) әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің баптарында көзделген мән-жайлар дәлелденбесе – қаулыны бұзу және істі қысқарту туралы;

4) қаулыны бұзу және іс бойынша жаңа қаулы шығару туралы;

5) егер шағымды, наразылықты қарау кезінде қаулыны өкілеттік берілмеген судья, орган шығарғандығы анықталса, онда қаулыны бұзу және істі тиісті ведомстваның қарауына жіберу туралы.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға келтірілген шағымды немесе наразылықты қараған жэне бұрын белгіленген шешімдердің біреуін қабылдаған мемлекеттік орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыға келтірілген шағым немесе наразылық жөніндегі шешімнің көшірмесін 3 күн ішінде өзіне қатысты шешім шығарылған адамға, өтініш бойынша жәбірленушіге сондай-ақ іс бойынша қаулы шығарған органға жібереді.

Наразылықты қараудың нәтижесі прокурорға хабарланады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қысқарту жөнінде қаулы қабылдағанда мынадай заңдық салдар болатынын ескеру қажет:

- өндіріп алынған ақша қайтарылады;

- алынған және тәркіленген заттар алынады;

- бұрынғы қабылданған қаулыға байланысты шектеулер алынады.

Егер заттың қайтарылуы бірқатар себептермен қайтарылуы мүмкін болмаса, оның құны төленеді.



9. Жаңа тақырыпты бекіту-30 минут (22%)

Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу:

1. Әкімшілік жаза ұғымы.

2. Әкімшілік жазалардың түрлері.

3. Әкімшілік жазаларды қолдану ережелері.

10. Сабақты қорытындылау-8 минут (6%)

а) Оқушыларды бағалау.

ә) Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау

1) Азаматтық құқық ұғымы оның қағидаттары.

2) Жеке және заңды тұлға ұғымдары.

11. Үйге тапсырма беру- 8 минут (6%)

Сабақтың тақырыбы: Әкімшілік жазаның түрлері. Тақырып сұрақтары бойынша ақпаратты дидактикалық бөліммен жұмыс істеу. Сабақтың тақырыбы бойынша жаңа енгізілген түсініктерді теориялық сабаққа арналған дәптеріне жазғызу. Оқытушымен бірге жұмыс істеу.

14-САБАҚ


  1. Сабақтың тақырыбы: Азаматтық құқық ұғымы, оның қағидаттары мен бастаулары.

  2. Сағат саны: 90 минут (100%)

  3. Сабақ түрі: теория

  4. Сабақтың мақсаты:

оқыту: Азаматтық құқық - жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің және оның әкімшілік-аумақтық бөлшектерінің күнделікті өмірімен, іс-әрекеттерімен ажырамас байланыстағы Қазақстан Республикасы құқығының бір саласы.

тәрбиелік: Азаматтық-құқықтық қатынастағы сауаттылық.

дамыту: Студенттерге азаматтық-құқықтық концепциясын айқындап беру.

  1. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, сөзжұмбақтар.

б) оқыту орны: дәріс аудиторясы

6. Әдебиеттер:

1.Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы: Баспа, 1998.- 256 б.

2.Сапарғалиев Ғ. Қазақстан мемлекеті мен құқығынының негіздері. – Алматы: Атамұра, 1994.- 160 б.

3.Баққұлов С.Д. Құқық негіздері: Оқулық. – 2-ші басылым. – Алматы, 2004. -248 б.

4.Дулатбеков Н.О. и др. Мемлекет және құқық негіздері / Дулатбеков Н.О., Амандықова С.Қ., Турлаев А.В. – Астана: Фолиант, 2001.- 252 б.

5.Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері: Оқулық / Е. Баянов. - Өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, қайта жөнделіп 2-ші рет басылуы. – Алматы, 2003.- 692 б.

6.Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы: Оқу құралы. – Алматы, 2004.

7.Сапаргалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1997ж;

8.Дулатбеков Н., Амандықова С., Турлаев А. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы, 2001 ж.

Ұйымдастыру кезеңі – 5 минут (6%)

а) оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

ә) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

б) сабақтың мақсаты мен міндеті.



  1. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру – 15 минут (16%)

а) Әкімшілік жаза түсінігі.

ә) Әкімшілік жаза түрлері.



  1. Жаңа сабақты түсіндіру – 40 минут (44%)

Ақпаратты-дидактикалық бөлім: Азаматтық құқық дегеніміз тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарды реттеу.

Мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1-бабының 1-тармағында аталған белгілерге сай келетін отбасылық, еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөніндегі қатынастарға азаматтық заңдар бұл қатынастар тиісінше отбасылық, еңбек заңдарымен, табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау туралы заңдармен реттелмеген жағдайларда қолданылады.

Азаматтық құқық қағидаттары – заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпаушылықты, шарт еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді.

Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің азаматтық құқықтарына өз еркімен және өз мүддесін көздей отырып ие болады және оларды жүзеге асырады, сондай-ақ егер заңнамалық актілерде өзгеше белгіленбесе, құқықтарынан бас тартады. Олар шарт негізінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін анықтауда және оның заңнамаға қайшы келмейтін кез келген талаптарын белгілеуде ерікті.

Тауарлар, қызмет және ақша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында емін-еркін орын ауыстырып және айналысқа түсіп отырады. Егер қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау, табиғат пен мәдени қазыналарды сақтау үшін қажет болса, заң құжаттарына сәйкес тауарлар мен қызметтің орын ауыстыруына шектеулер енгізіледі.

Азаматтық құқық бастаулары – Қазақстан Республикасының азаматтық заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, Қазақстан Республикасының оған сәйкес қабылданған өзге де заңдарынан, Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлықтарынан, Парламенттің қаулыларынан, Парламенттің Сенаты мен Мәжілісінің қаулыларынан (заң актілерінен), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1-бабының 1,2-тармақтарында аталған қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарынан, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларынан тұрады.

Азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда болу негіздері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекстің 7-бабында көрсетілген. Азаматтық құқықтар мен міндеттер заңдарда көзделген негіздерден, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың әрекеттерінен пайда болады, өйткені ол әрекеттер азаматтық заңдарда көосетілмегенімен, олардың жалпы негіздері мен мәніне байланысты азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызады.

Осыған сәйкес азаматтық құқықтар мен міндеттер пайда болады:


  1. заңдарда көрсетілген шарттар мен өзге де мәмілелерден, сондай-ақ заңдарда көзделмегенімен, оларға қайшы келмейтін мәмілелер;

  2. заңдарға сәйкес азаматтық-құқықтық жағдайларды туғызатын әкімшілік құжаттар;

  3. азаматтық құқықтар мен міндеттер белгіленген сот шешімі;

  4. заң құжаттарында тыйым салынбаған негіздер бойынша мүлікті жасау немесе иемдену нәтижесінде;

  5. өнертабыстар, өнеркәсіп үлгілер, ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын және интеллектуалдық қызметтің өзге де нәтижелерін жасау нәтижесінде;

  6. басқа жаққа зиян келтіру салдарына, сол сияқты басқа жақ есебінен мүлікті негізсіз сатып алу немесе жинау (негізсіз баю) салдарынан;

  7. жеке және заңды тұлғалардың өзге де әрекеттері салдарынан;

  8. заңдар азаматтық-құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан.

  1. Жаңа тақырыпты бекіту – 20 минут (22%)

Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу:

1) Азаматтық құқық: жалпы сипаттама.



2) Азаматтық құқықтықтың ерекше қағидаттары.

3) Азаматтық құқықтың бастаулары.

4) Азаматық құқықтар мен міндеттер.


  1. Сабақты қорытындылау – 5 минут (6%)

а) Оқушыларды бағалау.

ә) Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.

1) Азаматтық құқық субьектілері.

2) Жеке және заңды тұлға ұғымдары.

3) Заңды тұлғалардың түрлері.

4) Заңды тұлғалардың нысандары.



  1. Үйге тапсырма беру – 5 минут (6%)

Сабақтың тақырыбы: Азаматтық құқықтың субъектілері. Заңды және жеке тұлға ұғымы. Заңды тұлғалардың түрлері және нысандары.

Жоспар бойынша ұсынылатын әдебиеттер:

1. Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы: Баспа, 1998.- 256 б.

2. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан мемлекеті мен құқығынының негіздері. – Алматы: Атамұра, 1994.- 160 б.

3. Баққұлов С.Д. Құқық негіздері: Оқулық. – 2-ші басылым. – Алматы, 2004. -248 б.

4. Дулатбеков Н.О. и др. Мемлекет және құқық негіздері / Дулатбеков Н.О., Амандықова С.Қ., Турлаев А.В. – Астана: Фолиант, 2001.- 252 б.

5. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері: Оқулық / Е. Баянов. - Өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, қайта жөнделіп 2-ші рет басылуы. – Алматы, 2003.- 692 б.

6. Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы: Оқу құралы. – Алматы, 2004.

7. Сапаргалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1997ж;

8. Дулатбеков Н., Амандықова С., Турлаев А. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы, 2001 ж.

15-САБАҚ

1. Сабақтың тақырыбы: Азаматтық құқықтың субъектілері. Заңды және жеке тұлға ұғымы. Заңды тұлғалардың түрлері және нысандары.

2. Сағат саны: 135 минут (100%)

3. Сабақ түрі: теория


  1. Сабақтың мақсаты:

оқыту: Азаматтық құқық - жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің және оның әкімшілік-аумақтық бөлшектерінің күнделікті өмірімен, іс-әрекеттерімен ажырамас байланыстағы Қазақстан Республикасы құқығының бір саласы.

тәрбиелік: Азаматтық-құқықтық қатынастағы сауаттылық.

дамыту: Студенттерге азаматтық-құқықтық концепциясын айқындап беру.

  1. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, сөзжұмбақтар.

б) оқыту орны: дәріс аудиторясы

6. Әдебиеттер:

1.Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы: Баспа, 1998.- 256 б.

2.Сапарғалиев Ғ. Қазақстан мемлекеті мен құқығынының негіздері. – Алматы: Атамұра, 1994.- 160 б.

3.Баққұлов С.Д. Құқық негіздері: Оқулық. – 2-ші басылым. – Алматы, 2004. -248 б.

4.Дулатбеков Н.О. и др. Мемлекет және құқық негіздері / Дулатбеков Н.О., Амандықова С.Қ., Турлаев А.В. – Астана: Фолиант, 2001.- 252 б.

5.Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері: Оқулық / Е. Баянов. - Өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, қайта жөнделіп 2-ші рет басылуы. – Алматы, 2003.- 692 б.

6.Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы: Оқу құралы. – Алматы, 2004.

7.Сапаргалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1997ж;

8.Дулатбеков Н., Амандықова С., Турлаев А. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы, 2001 ж.

Ұйымдастыру кезеңі – 7 минут (6%)

а) оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

ә) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

б) сабақтың мақсаты мен міндеті.



7. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру – 22 минут (16%)

1) Азаматтық құқық: жалпы сипаттама.



2) Азаматтық құқықтықтың ерекше қағидаттары.

3) Азаматтық құқықтың бастаулары.

4) Азаматық құқықтар мен міндеттер.

8. Жаңа сабақты түсіндіру – 60 минут (44%)

Ақпаратты-дидактикалық бөлім: Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың субъектілері жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөліністер болып табылады.

Жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар. Азаматтарда өз құқықтары мен іс-әрекетін жүзеге асыру үшін құқықтық және әрекет қабілеттілігі болуы тиіс.

Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке қүқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлга деп танылады. Түрлері: өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді (коммерциялық ұйым), не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес) ұйым заңды түлға бола алады.

Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалар шаруашылық серіктестік, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын нысандарында құрылуы мүмкін, ал мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор және діни бірлестіктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Заңды тұлға органдарының түрлері, тағайындалу тәртібі және олардың өкілеттілігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді. Сонымен қатар, оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкіндік беретін өз атауы болады. Заңды түлғалар әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Лицензия дегеніміз шаруашылық жүргізуші субъектінің белгілі бір қызмет түрімен айналысуға немесе белгілі бір іс-әрекет жасауға құзырлы мемлекеттік орган беретін рұқсат.

Мемлекеттік кәсіпорындарға шаруашылық жүргізу құқығына, оралымды басқару құқығына негізделген /қазыналық/ кәсіпорындар жатады. Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкі бөлінбейді және оны салымдар бойынша, соның ішінде, кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды. Заңды түлға қүрмайтын жеке адамдар және де қызметкерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын, ал активтерінің жалпы құны орта есеппен бір жыл ішінде 60000 еселеген есептік көрсеткіштен аспайтын, кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерліктің субъектілері болып табылады.Азаматтық құқықтық қатынастардың элементтері субъектілері, объектілері мен мазмұны, ал негізгі бастаулары Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық Кодексі, оған сәйкес қабылданған өзге де заңдар және заңға тәуелді кесімдер болып табылады.


  1. Жаңа тақырыпты бекіту – 30 минут (22%)

Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу:

1) Азаматтық құқық субьектілері.

2) Жеке және заңды тұлға ұғымдары.

3) Заңды тұлғалардың түрлері.

4) Заңды тұлғалардың нысандары.

10. Сабақты қорытындылау – 8 минут (6%)

а) Оқушыларды бағалау.

ә) Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.

1) Азаматтық құқық қабілеттілігінің негізгі мазмұны.

2) Азаматтардың әрекет қабілеттілігі.

3) Әрекет қабілеттілігінен айыру.

4) Әрекет қабілеттілігін шектеу.

11. Үйге тапсырма беру – 8 минут (6%)

Сабақтың тақырыбы: Азаматтық құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі.

Жоспар бойынша ұсынылатын әдебиеттер:

1. Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы: Баспа, 1998.- 256 б.

2. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан мемлекеті мен құқығынының негіздері. – Алматы: Атамұра, 1994.- 160 б.

3. Баққұлов С.Д. Құқық негіздері: Оқулық. – 2-ші басылым. – Алматы, 2004. -248 б.

4. Дулатбеков Н.О. и др. Мемлекет және құқық негіздері / Дулатбеков Н.О., Амандықова С.Қ., Турлаев А.В. – Астана: Фолиант, 2001.- 252 б.

5. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері: Оқулық / Е. Баянов. - Өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, қайта жөнделіп 2-ші рет басылуы. – Алматы, 2003.- 692 б.

6. Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы: Оқу құралы. – Алматы, 2004.

7. Сапаргалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1997ж;

8. Дулатбеков Н., Амандықова С., Турлаев А. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы, 2001 ж.

16-САБАҚ



  1. Сабақтың тақырыбы: Азаматтық құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі.

  2. Сағат саны: 90 минут (100%)

  3. Сабақ түрі: теория

  4. Сабақтың мақсаты:

оқыту: Азаматтық құқық - жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің және оның әкімшілік-аумақтық бөлшектерінің күнделікті өмірімен, іс-әрекеттерімен ажырамас байланыстағы Қазақстан Республикасы құқығының бір саласы.

тәрбиелік: Азаматтық-құқықтық қатынастағы сауаттылық.

дамыту: Студенттерге азаматтық-құқықтық концепциясын айқындап беру.

  1. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, сөзжұмбақтар.

б) оқыту орны: дәріс аудиторясы

6. Әдебиеттер:

1.Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы: Баспа, 1998.- 256 б.

2.Сапарғалиев Ғ. Қазақстан мемлекеті мен құқығынының негіздері. – Алматы: Атамұра, 1994.- 160 б.

3.Баққұлов С.Д. Құқық негіздері: Оқулық. – 2-ші басылым. – Алматы, 2004. -248 б.

4.Дулатбеков Н.О. и др. Мемлекет және құқық негіздері / Дулатбеков Н.О., Амандықова С.Қ., Турлаев А.В. – Астана: Фолиант, 2001.- 252 б.

5.Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері: Оқулық / Е. Баянов. - Өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, қайта жөнделіп 2-ші рет басылуы. – Алматы, 2003.- 692 б.

6.Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы: Оқу құралы. – Алматы, 2004.

7.Сапаргалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1997ж;

8.Дулатбеков Н., Амандықова С., Турлаев А. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы, 2001 ж.

Ұйымдастыру кезеңі – 5 минут (6%)

а) оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

ә) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

б) сабақтың мақсаты мен міндеті.



7. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру – 15 минут (16%)

1) Азаматтық құқық субьектілері.

2) Жеке және заңды тұлға ұғымдары.

3) Заңды тұлғалардың түрлері.

4) Заңды тұлғалардың нысандары.


  1. Жаңа сабақты түсіндіру – 40 минут (44%)

Ақпаратты-дидактикалық бөлім: Азаматтарда өз құқықтары мен іс-әрекетін жүзеге асыру үшін құқықтық және әрекет қабілеттілігі болуы тиіс. Азаматтың кұқықтық қабілеттілігі - бұл азаматтық құқық пен азаматтық міндеттемелерге ие болу қабілеттілігі. Ол адам туылғанда пайда болып және адам өлгенде барып тоқтатылады.

Құқықтың кабілеттiлiгiнiң негізінде азаматтар: өзінің меншігіндегі мүлікке ие бола алады; мүлікті мұрагерлікке беріп және өсиет ете алады; заңмен шектелмеген кез келген кәсіпкерлікпен шұғылдана алады; заңды тұлға құра алады; заңмен тыйым салынбаған кез келген мәмілелер жасап міндеттемелерге қатыса алады; тұрғылықты тұратын жер таңдап ала алады; әдебиет пен өнер, ғылыми еңбектердің авторы, өнертапқыштық және басқа да заңмен қорғалатын интеллектуалдық қызметке авторлық құқығы болуға; басқа да мүліктік және мүліктік емес құқықтарға ие бола алады.

Азаматтық әрекет қабiлеттiлiгi - азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттемелер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі кәмелетке толғанда, яғни 18 жастан толық ә.қ. пайда болады. Жартылай немесе ішінара ә.қ. Он төрт жасқа толмағандар үшін келісімдерді олардың атынан ата-аналары, бала асырап алған адамдар немесе қамқоршылар жасайды. Өздігінен бұл жасөспірімдер тек өздерінің жасына лайықты күнделікті тұрмыстағы жасалған кезінде орындалатын ұсақ келісімдерді жасауға хақылы. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгілер келісімді ата-аналарының, бала асырап алған адамдардың немесе қамқоршылардың ризалығымен жасайды. Өздігінен олар табысын немесе стипендиясын билеуге, өздерінің шығармаларына, өнертапқыштық құқықтарын жүзеге асыруға, сондай-ақ күнделікті тұрмыстағы келісімді жасауға хақылы.

Жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз өрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азаматты сот әрекет қабілеттілігі жоқ деп тануы мүмкін, соған байланысты оған қамқоршылық белгіленеді.

Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабілеттілігін сот заңда көрсетілген тәртіппен шектеуі мүмкін. Оған да қамқоршы белгіленеді. Бірақ, ол тұрмыстық ұсақ мәмілелерді қамқоршының келісімімен жасауға құқылы.


  1. Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
    2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
    2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
    2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
    2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
    2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
    2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
    2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
    2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
    2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
    2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет