1-сабақ Сабақтың тақырыбы



бет3/10
Дата24.05.2017
өлшемі4,86 Mb.
#16941
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Теологиялық теория – мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді.

Табиғи теория–бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша, мемлекетті, құқықты ешкім ойлап тапқан жоқ, олар адамның өзі сияқты табиғаттан бастау алып, әділеттілікке негізделген абсолюттік ұғымдар деп атайды.

Тарихи теория – осы теорияны ұстанғандар мемлекет пен құқық тарихтан бастау алып, тарихпен бірге жетілді дейді.

Патриархалдық теория – мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған. Отбасы басшысы - әке, мемлекеттің басшысы – монарх.

Психологиялық теория – адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі – бәрі келісіп, ұжымдық түрде басқарады деген тұжырымды қолдайды және тағы басқалар.

9. Жаңа тақырыпты бекіту – 30 минут (22%)

Өзіндік жұмыс.

1.Тақырып сұрақтары бойынша ақпаратты дидактикалық бөліммен жұмыс істеу.

2.Сабақтың тақырыбы бойынша жаңа енгізілген түсініктерді теориялық сабаққа арналған дәптеріне жазғызу. Оқытушымен бірге жұмыс істеу.



10. Сабақты қорытындылау – 8 минут (6%)

а) оқушыларды бағалау

ә) келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.

1. Мемлекет мәні мен функциялары, тектері.

2. Құқықтық норма және оның элементтері

11. Үйге тапсырма беру – 8 минут (6%)

1.Сабақтың тақырыбы бойынша жаңа енгізілген түсініктерді теориялық сабаққа арналған дәптеріне жазғызу. Оқытушымен бірге жұмыс істеу

1. Өркениеттік көзқарас жайлы мәлімет

2. Формациялық көзқарас жайлы мәлімет

5-САБАҚ

1.Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының конституциялық

құқық негіздері.

2.Сағат саны: 135 минут (100%)

3.Сабақ түрі: теория

4.Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының Конституциясы барлық заң салаларының заңдық базасы болып табылады, ал оның нормалары басқалар үшін нормалық принцип болып есептеледі. Қазіргі кездегі Қазақстандағы құқық жүйесінің қалыптасуы елімізде құқықтық мемлекет құру бағытымен ұштастырылуда. Сондықтан еліміздің Ата Заңының мәні мен оның алатын орны барған сайын жоғарылауда.

оқыту: Білімді қалыптастыру (тың мәліметтер беру, білімді қалыптастыру).

тәрбиелік: Адамгершілік тәрбиесін беру ( Қазақстандық патриотизм, ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдау).

дамыту: Танымдық қызығушылықты дамыту.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, сөзжұмбақтар.

б) оқыту орны: дәріс аудиторясы

6. Әдебиеттер:

1.Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы: Баспа, 1998.- 256 б.

2.Сапарғалиев Ғ. Қазақстан мемлекеті мен құқығынының негіздері. – Алматы: Атамұра, 1994.- 160 б.

3.Баққұлов С.Д. Құқық негіздері: Оқулық. – 2-ші басылым. – Алматы, 2004. -248 б.

4.Дулатбеков Н.О. и др. Мемлекет және құқық негіздері / Дулатбеков Н.О., Амандықова С.Қ., Турлаев А.В. – Астана: Фолиант, 2001.- 252 б.

5.Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері: Оқулық / Е. Баянов. - Өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, қайта жөнделіп 2-ші рет басылуы. – Алматы, 2003.- 692 б.

6.Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы: Оқу құралы. – Алматы, 2004.

7.Сапаргалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1997ж;

8.Дулатбеков Н., Амандықова С., Турлаев А. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы, 2001 ж.

1)Ұйымдастыру кезеңі: 5 минут (6% )

а) оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

ә) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

б) сабақтың мақсаты мен міндеті.



7. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 минут (16% )

а) Мемлекет мәні мен функциялары, тектері.

б) Өркениеттік көзқарас жайлы мәлімет

в) Формациялық көзқарас жайлы мәлімет



8. Жаңа сабақты түсіндіру – 60 минут (44%)

Оқушы меңгеруі қажет:

1.Конституциялық құқық ұғымы, прициптері және бастауларын;

2.Конституция-Қазақстан мемлекетінің Ата Заңы. 1993 жыл және 1995 жылғы Конституцияларға талдау жасауды;

3. 2007 жыл мамыр айындағы Конституцияған енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды оқуға;

4. Адам және азаматтардың құқықтары, бостандықтары және міндеттерін;

5. Сайлау жүйесінің түсінігін меңгеруі қажет.



Өз бетінше дайындалу сұрақтары:

А) негізгі білімі бойынша:

1. Конституциялық құқық ұғымы;

2. Конституцияның заңдық қасиеттерi;

3. Конституцияның түрлерi.



Ә) тақырып бойынша:

1. Конституциялық құқық түсінігі;

2. Конституциялық құқықтық қатынас және қайнар көздері;

3. Сайлау жүйесі, қызметі.



9. Ақпаратты – дидактикалық бөлім: Конституциялық құқықтың пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар мемлекеттік билікті жүзеге асырумен тікелей байланысты және мемлекеттік құрлыс, оның ұйымдарымен қатынасы, сондай-ақ адам мен мемлекет арасындағы қатынастар болып табылады. Сондықтан конституциялық құқықтың құқықтық реттеу пәні болып мемлекет пен қоғам өмірінің саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени сферасындағы тек негізгі қоғамдық қатынастар болады. Конституциялық құқықтық қатынастар келесі әдістермен реттелінеді:  міндеттеу әдісі; тыйым салу әдісі; рұқсат ету әдісі; тану әдісі.

Конституциялық құқық – бұл ҚР  конституциялық құрлыс негізін, адам мен азаматтың, мемлекеттік құрлыстың, мемлекеттік билік органдарының жүйесін, жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару негізін реттейтін құқық нормаларының жиынтығын көрсететін ҚР жетекші құқық саласы.

Конституциялық құқықтық қатынастар дегеніміз – мемлекеттік биліктің функциясымен, ұйымдастырылуымен байланысты конституциялық нормалардың негізінде тоқтатылатын және өзгертілетін қоғамдық қатынастардың адаммен және азаматпен, саяси партиялармен, қоғамдық қозғалыстармен өзара қарым-қатынасын айтамыз.

Конституциялық құқықтық субъектілері – бұл конституциялық – құқықтық қатынасқа  қатысушылар. Субъектілердің шеңбері өте кең: бұл саланың құқықтық нормалары кімге міндет жүктеп және кімге құқық берсе сол субъект бола алады. Олардың ішінде мынандай субъектілер: мемлекет, халық, депутат, мемлекеттік билік органдары, сайлау комиссиялары, азаматтар, азаматтығы жоқ азаматтар, шет ел азаматтары және тағы басқалары болады.

Конституциялық құқықтық қатынастардың объектілері дегеніміз шынайы әрекет құбылыстары негізінде құқық қатынастарының субъектілерінің құқықтық байланысқа түсуі. Конституциялық құқық қатынастарының объектілеріне жататындар: мемлекеттік территория, материалдық құндылықтар, адамдардың тәртібі, мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғалардың әрекеті, азаматтардың жеке мүліктік емес құқықтары жатады.

Конституциялық – құқықтық нормаларға басқа құқық саласы нормаларының барлық белгілері тән. Олар сондай-ақ қоғамдық қатынастарды тәртіпке салу құралы болып табылады және мемлекетпен қабылданып реттеушілік және  қорғаушылық функцияларды атқарады. Реттеуші нормаларға, құқықтық қатынас мүшелеріне субъективтік құқық беру және оларға заңдық міндеттеме жүктеу жолымен тәртіптің белгілі бір нұсқасын белгілейтін конституциялық-құқықтық нормалар жатады. Құқық қорғаушы нормаларға субъектілер тәртібін, олар тәртіпті бұзған жағдайда, мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілеу жолымен анықтайтын конституциялық-құқықтық нормалар жатады.



Конституциялық - құқықтық нормалар - бұл мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етілетін және нақты құқықтар мен міндеттермен жүзеге асырылатын белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеу және қорғау мақсатында мемлектпен бекітілген және санкцияланған жалпыға міндетті тәртіп ережелері.

Конституциялық - құқықтық институттар дегеніміз қоғамдық қатынастың бір жақты және өзара байланысын реттейтін және біршама өзіндік топтар құрайтын конституциялық құқық нормаларының жиынтығы.

Мысалы, азаматтық институты, президенттік институты, сайлау құқығының институты және тағы басқалар. Құқықтық нормалардың институты реттелетін сфераның барлық жақтарын қамтиды. Оларда өздеріне тән түсініктер, терминдер, жағдайлар болады. Мысалы, азаматтық институтының мазмұны «азамат», «азаматтық», «азаматтықтан шығу», «азаматтардың құқығы, еркіндігі мен міндеттері» сияқты тусініктерде көрсетіледі. Құқықтық институттың құрамына кіретін нормалар ортақ құқықтық принциптер мен идеялармен біріктіріледі. Яғни, азаматық институты азаматардың бірлігі мен теңдігі принципіне негізделінеді.

Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституциясы конституциялық құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады. Конституцияның басқа нормативтік құқықтық актілерден мынадай ерекшеліктері бар:

1. Қоғамдық қатынастардың негізін қалайды. Себебі ҚР Конституциясы мемлекет пен қоғам өмірінің барлық сферасын қамтиды: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени. Басқа нормативтік құқықтық актілер қоғамдық өмірдің жеке жақтарын ғана қамтиды.

2. Құқықтың негізгі бастау болып табылады. ҚР Конституциясында бүкіл конституциялық заңның негізі болып табылатын құқықтық нормалар бекітілген. Яғни, Конституциялық құқық нормалары барлық нормативтік құқықтық актілердің қалыптасуы мен даму базасы.

3. Ең жоғарғы заңдылық күші бар. ҚР қабылдаған заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілер Конституциядан шығуы керек және оған қайшы келмеуі керек. Егер олар Конституцияға қайшы келетін болса қолданылмайды.

4. Оның ерекше тәртіппен қабылдануы. Себебі Конституцияны Республикалық Референдумда халық қабылдайды.

5. Тұрақтылығы.



Құқық саласы ретіндегі Қазақстан Республикасының

консититуциялық құқығының түсінігі, құрылымы және ерекшеліктері

Кез келген мемлекеттің қалыптасуында Конституция қайта бағамдалуы мүмкін емес айрықша маңызға ие. Нақ осы Конституция мемлекеттің әлеуметтік-саяси жүйесін айқындайды. Әлемдегі көптеген елдердің Конституцияларының көбінесе алғашқы баптарының өзінде-ақ қысқаша түрде сол мемлекеттің мәні, ондағы биліктің қайнар көзі болып табылатын табиғатының кең ауқымды, жалпылама және негізгі сипаты айтылады.

Әрбір мемлекет өзінің даму барысында өз халқының тарихына, салт-дәстүріне, саяси мәдениетінің деңгейіне және ең бастысы, менталитетіне неғұрлым толық сәйкес келетін саяси жүйе мен Конституцияның үлгісін таңдайды. Конституция жайлы бейнелеп былай деуге болады: бұл - белгілі бір халықтың жоғарыда айтылған ерекшеліктеріне кигізілетін киім, егер де бұл киім халықтың менталитетіне сәйкес келсе (яғни "дәл шақ" болса) - онда бұл халық тұрақты даму мен гүлденуге қол жеткізеді. Егер басты заң саяси мәдениет деңгейі мен менталитетке сәйкес келмесе - онда халық тұтастай күрделі мәселелерге тап болып, ақырында өз дамуынан ажырап, тіпті кейде қайғылы күйге душар болады. Әрбір мемлекет өзінің дамуында Конституцияны қабылдау және оны елдің ең басты құжаты ретінде қалыптастыру кезеңін бастан кешеді.

Латын тілінен аударғанда "constіtutіo" сөзі "бекітемін", "құрамын" деген мағынаны береді. Заңдық мағынасында Конституция - бұл құрылтайшылық сипаттағы құжат.

Конституция белгілі бір кезеңдегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық, рухани және құқықтық дамуының нәтижесі ретінде демократияның даму деңгейін белгілейтін, аталмыш қоғамдағы жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын көрсететін, экономикалық және әлеуметтік өмірдегі мемлекеттің рөлін айқындайтын, халықтың қоғамдық белсенділігі мен саяси жүйесін сипаттайтын құжат болып саналады. Басқаша айтқанда, Конституция мемлекет пен тұтастай қоғамның тек негізгі заңы ғана емес, сонымен бірге жоғары заң күшіне ие және Қазақстан құқының бүкіл жүйесі үшін нормативтік база болып санала отырып, саяси-құқықтық құжат болып саналады, сондай-ақ қазіргі заманғы демократиялық және құқықтық мемлекет белгілері жүйесінде айрықша орын алады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы преамбуладан және 9 бөлімнен тұрады.



9. Жаңа тақырыпты бекіту – 30 минут (22%)

Өзіндік жұмыс.

1.Тақырып сұрақтары бойынша ақпаратты дидактикалық бөліммен жұмыс істеу.

2.Сабақтың тақырыбы бойынша жаңа енгізілген түсініктерді теориялық сабаққа арналған дәптеріне жазғызу. Оқытушымен бірге жұмыс істеу.



10. Сабақты қорытындылау – 8 минут (6%)

а) оқушыларды бағалау

ә) келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.

1. Конституция, сайлау жүйесі, заңдарға толқтырулар мен өзгерістердің енгізілуі және т.б.

2. Қазақстанның жаңа конституциялық заңының қалыптасу тарихы

11. Үйге тапсырма беру – 8 минут (6%)

Сабақтың тақырыбы бойынша жаңа енгізілген түсініктерді теориялық сабаққа арналған дәптеріне жазғызу. Оқытушымен бірге жұмыс істеу. Конституция, сайлау жүйесі, заңдарға толқтырулар мен өзгерістердің енгізілуі және т.б.



Реферат пен баяндамалар тақырыптары:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы;

  2. ҚР жоғары мемлекеттік билік органдарының конституциялық-құқықтық мәртебесі

  3. Конституциялық құқық түсінігі, пәні және конституциялық құқықтық қатынас түсінігі, қайнар көздері

6-САБАҚ

1. Сабақтың тақырыбы: Конституцияның түсінігі, мәні, функциясы. 1995 ж ҚР Конституциясы: мазмұны, мәні. ҚР конституциялық құрылысы

2. Сағат саны: 90 минут (100%)

3. Сабақ түрі: теория

4. Сабақтың мақсаты: ҚР Конституциясын оқушыларға жан-жақты ұғындыру. Сонымен қатар мемлекетіміздің Ата Заңында көрсетілген адам және азаматтық құқықтары мен міндеттерін ұғындыру. ҚР конституциясы барлық заң салаларының заңдық базасы болып табылатындығын түсіндіру.

оқыту: Білімді қалыптастыру (тың мәліметтер беру, білімді қалыптастыру).

тәрбиелік: Адамгершілік тәрбиесін беру ( Қазақстандық патриотизм, ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдау).

дамыту: Танымдық қызығушылықты дамыту.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, сөзжұмбақтар.

б) оқыту орны: дәріс аудиторясы

6. Әдебиеттер:

1.Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы: Баспа, 1998.- 256 б.

2.Сапарғалиев Ғ. Қазақстан мемлекеті мен құқығынының негіздері. – Алматы: Атамұра, 1994.- 160 б.

3.Баққұлов С.Д. Құқық негіздері: Оқулық. – 2-ші басылым. – Алматы, 2004. -248 б.

4.Дулатбеков Н.О. и др. Мемлекет және құқық негіздері / Дулатбеков Н.О., Амандықова С.Қ., Турлаев А.В. – Астана: Фолиант, 2001.- 252 б.

5.Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері: Оқулық / Е. Баянов. - Өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, қайта жөнделіп 2-ші рет басылуы. – Алматы, 2003.- 692 б.

6.Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы: Оқу құралы. – Алматы, 2004.

7.Сапаргалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1997ж;

8.Дулатбеков Н., Амандықова С., Турлаев А. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы, 2001 ж.

Ұйымдастыру кезеңі: 5 минут (6% )

а) оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

ә) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

б) сабақтың мақсаты мен міндеті.



7. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 минут (16% )

1.Конституциялық құқық ұғымы, прициптері және бастауларын;

2.Конституция-Қазақстан мемлекетінің Ата Заңы. 1993 жыл және 1995 жылғы Конституцияларға талдау жасауды;

3. 2007 жыл мамыр айындағы Конституцияған енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды оқуға;

4. Адам және азаматтардың құқықтары, бостандықтары және міндеттерін;

5. Сайлау жүйесінің түсінігін меңгеруі қажет.



8. Жаңа сабақты түсіндіру – 40 минут (44%)

Ақпаратты – дидактикалық бөлім: Заң ғылымында Конституция деп жоғарғы заңдық күшке ие және қоғамдық құрлыс пен мемлекеттік құрылым, мемлекет пен тұлға арасындағы өзара байланыс, мемлекеттік орган жүйесінің қызметі мен ұйымдастырылу негізін бекітетін негізгі заң түсіндіріледі.

Қазақстанның жаңа конституциялық заңының қалыптасу тарихы өзінің бастауын 1990 жылы 24 сәуірдегі «Президенттің қызмет орнын белгілеу туралы» Қазақ КСР-ның заңымен Қазақ ССР Конституциясына өзгеріс енгізу кезеңінен басталады. Бұл заң Конституцияға бұрын талай енгізілген өзгерістердің қатарына жатпайды. Атанған заң мемлекеттің басқару жүйесіне айтарлықтай өзгеріс әкелді. Президенттң қызмет орны республикада жүргізіліп жатқан терең саяси және экономикалық қайта құруларды қамтамасыз ету, конституциялық құрлысты нығайту мақсатында белгіленеді.

Конституциялық заңдардың қалыптасуының екінші кезеңі 1991 жылы 10 желтоқсанда «Қазақ Советтік Социалистік Республикасы атауын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдаумен басталады.

ҚР Конституциялық заңының қалыптасуының үшінші кезеңі 1993 жылы қаңтарда Жоғарғы Кеңеспен жаңа Конституцияны қабылдаумен басталады. Бұл құқықтық акт Қазақстанның мемлекеттік және құқықтық құрлысын жаңаша анықтады. Конституция мемлекеттік егемендік жарияланған кезеңнен бастап қабылданған көптеген құқықтық нормаларды, конституциялық заңдардың принциптері мен идеяларын қабылдады.

Конституциялық заңдардың қалыптасуының төртінші кезеңі 1995 жылы Конституцияны қабылдаумен байланысты. Онда енді КСРО мен Қаз КСР-ның Конституциясы мен заңдарына болмады. Заңдарды конституциялық нормаларға сәйкес келтіру-заң шығару органының міндеті. Президенттік басқару жүйесі бекітілді, қос палаталық Парламент нығайтылды, Конституциялық сот Конституциялық кеңеспен ауыстырылды және ол енді сот органы болмады. Сот жүйесі реформаланды, құқық қорғау органдары қайта құрылды. Бұл кезең әлі жалғасуда. Негізінен президенттік басқару жүйесінде бекітілген жоғарғы және жергілікті мемлекеттік билік органдарын қайта құру аяқталды.

ҚР Конституциясы келесі заңдық қасиеттерді иеленеді:

1. Бұл құқықтық акт, заң. ҚР Конституциясы-бірыңғай ерекше заңдық қасиетке ие құқықтық акт, оның көмегімен халық қоғам мен мемлекеттің құрылымының негізгі принциптерін құрады, мемлекеттік биліктің субъектілерін, оны жузеге асыру механизмі анықтайды, мемлекет қорғайтын адам мен азамат құқығын бекітеді.

2. Заңдық жоғарылығы. Конституцияның жоғарылығы конституциялық құрлысты нығайтады, яғни мемлекетің Конституцияға, құқыққа бағынуы.

Конституция барлық басқа нормативтік актілерге қатысты жоғарғы заңдық күшке ие. Сондықтан заңдар және басқа құқықтық актілер Конституцияға қайшы келмеуі керек. Бұл оны қорғаудың ерекше құралымен кепілделінетіндігінен байқалады. Конституцияға қайшы келетін актілер өзгертіледі немесе онымен сәйкестендіріледі.

3. Ағымдағы заңның базасы болады. Нақ Конституция құқық шығармашылық процессін анықтайды-әр түрлі органдар қандай негізгі акт қабылдайтындығын, олардың атауын, заңдық күшін, заңдардың қабылдану тәртібі мен процедурасын бекітеді.

4. Қабылдау және өзгертудің ерекше тәртібі. ҚР Конституциясына өзгерістер енгізумен қайта қарау үшін ерекше, күрделі тәртіп бекітілген. ҚР Конституциясы 1995 жылы бүкіл халықтық дауыс беру жолымен қабылданды және қатаң конституциялардың қатарына жатады.

Конституциялық құрлыс – бұл мемлекетті құқыққа бағындыруды қамтамасыз ететін және оны конституциялық мемлекет ретінде сипаттайтын мемлекетті ұйымдастыру формасы.

Демократиялық конституциялық мемлекетте қоғам бір уақытта мемлекетті басқарушы ретінде және өзін реттеуші жүйе ретінде өзін реттеуші азаматтық қоғам мен оның қажеттілігінен тәуелді болады.

Әрекет ететін Қазақстан Конституцияда ҚР Конституциялық құрлысының концепциясының негізіне Конституцияның 2 бөлімінің 1 бабында бекітілген негізгі принцип гуманистік идея қойылған: қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, бүкіл халық игілігіне экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік өмірдің маңызды сұрақтарын шешуде демократиялық әдістер қолдану бұған референдумда және Парламентте дауыс беру де кіреді.

ҚР Конституциялық құрлысына қоғамда қалыптасқан қоғамдық қатынастың бүкіл жүйесі кіреді. Оның нығаюында Қазақстан Республикасының бүкіл құқық саласы мен заңдары қатысады.

ҚР Конституциясына сәйкес (1 б) Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп бекітеді.

1. Қазақстан Республикасы демократиялық мемлекет деп жариялайды (ежелгі грек сөзі «демократия» аударғанда халық билігі). Оның демократиялық сипаты келесіден көрінеді: онда халық билігін қамтамасыз ету; биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот тармақтарына бөлінуі; идологиялық және саяси алуандылық; меншіктің барлық формасын тану және тең қорғау.

Демократиялық мемлекетте биліктің бірден-бір бастауы және қорғаушысы халық болады. Бүкіл биліктің қорғаушысы халық деп тану халық егемендігін көрсетеді. Халық егемендігі халықтың толық билігін көрсетеді., яғни қоғам мен мемлекеттің істерін басқаруға халықтың шынайы қатысуы үшін халықтың әлеуметтік-экономикалық және саяси құралдарды иеленуі.

Халық өзінің билігін тікелей республикалық референдум және сайлаумен қатар, мемлекеттік билік органдарына делегат жіберу арқылы жүзеге асырады.

2. Құқықтық мемлекет. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан өзін құқықтық мемлекет деп бекітеді. Құқықтық мемлекет мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйымдар мен азаматтар түгелімен бағынуға міндетті әрекет ететін құқықтық нормалармен өзін шектеумен сипатталады. Осыған байланысты құқықтық мемлекеттің жұмыс істеуінің негізгі принципі құқық жоғарылығы болып табылады. Бұл ең алдымен конституция мен заңдардың жоғарылығын көрсетеді.

Құқықтық мемлекеттің мәні – оның жүйелі демократизмі, билік көзі ретіндегі халық егемендігін бекіту, мемлекетті қоғамға бағындыру құқықтық мемлекет болып өзінің міндетті ерекшелік қасиетін танитын және билікті бөлу институтын, соттың тәуелсіздігін, басқарудың заңдылығын, азаматтардың құқығын мемлекеттік биліктің бұзуынан оларды құқықтық қорғауды танитын мемлекет есептеледі. Құқықтық мемлекеттің басты идеясы құқықтық мемлекетпен байланысты болуы, оның әрекеті болжау және сенімділік кепілдеуі, азаматтарды мемлекет пен оның органдары тарапынан болуы мүмкін зорлық-зомбылықтан қорғау.

3. Әлеуметтік мемлекет. Әлеуметтік мемлекет – бұл әлеуметтік саясаты адамның өмір сүруі мен оның еркін дамуына материалдық қатынастың еркін дамуына, ақталмаған әлеуметтік айырмашылықты жеңуде лайықты қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет.

Әлеуметтік мемлекет өзінің әр бір азаматына адамға лайықты тіршілік минимумын қамтамасыз етуге ұмытылады және осыған байланысты әр бір есейген адамның өзін және өзінің отбасын асырауға ақша табу мүмкіндігі болуы қажет. Егер әр түрлі себептерге байланысты мұндай мүмкіндік жүзеге асырылмаса және адам қажеттілігі тиісті деңгейде қанағаттандырылмаса ғана мемлекет араласады.

Әлеуметтік мемлекеттің маңызды бір мақсаттарының бірі әлеуметтік теңдікті қамтамасыз ету болып табылады. Мемлекеттің әлеуметтік теңсіздікке қарсы тұру құралы әлеуметтік қамтамасыз ету.

4. Зайырлы мемлекет. Зайырлы мемлекет мемлекеттің шіркеуден бөлінгендігін, олардың қызмет шеңберін шектелгендігін (сонымен қатар мектеб те шіркеуден бөлінген, бұл мемлекеттік құрылымның зайырлылық сипатымен қамтамасыз етіледі), сондай-ақ қандай да бір діннің мемлекеттік немесе міндетті болып бекітілуіне тиім салынудан көрінеді.

Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет ретінде діни ұйымдардың мемлекеттен бөлінгендігімен сипатталынады. Мемлекет ісіне діни қоғамдық ұйымдардың араласуына жол берілмейді және мемлекеттік органдардың діни ұйымдардың ісіне араласуына жол берілмейді.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет