8-САБАҚ
СЫН ЕСІМ, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
20-жаттығу. 1. Берілген пікірлерді оқып, өз сөзіңмен түсіндір. 2.Сын есімдерді анықтап, морфологиялық талдау жаса. 3. Қасыңдағы досыңның жазған шығармасына (өлеңіне, әңгімесіне, т.б.) пікір жаз.
«Жүсіпбек – көркем сөздің ерен жүйрік зергері. Ол әрі ақын, әрі жазушы, журналист, публицист, сыншы, асқақ шебер аудармашы және педагог-ағартушы».
Қ.Мұхамедханов
«Мен Жүсіпбек Аймауытовтай шебер жазушыны бұрын-соңды көрген емеспін»
Б.Майлин
21-жаттығу
М....ҒА
Жұмыр бас, дөңгелек бет, орта бойлы,
Толық шеке сыйпаттар терең ойды.
Тік иық, шын бұраң бел, қардай еті,
Сұлу сымбат көркіне көңілім тойды.
Кең біткен, жазық келген ақша маңдай,
Иілген қара сүрме қасы қандай!
Қарақаттай мөлдіреп күлім көзі,
Қараса жанар төгіп жаққан шамдай.
Ақша бет төмпесіндеу, алқызыл түс,
Меруерт көз шағылған тізулі тіс.
Ақ бұғағы аққудың жемсауындай.
Жаратқан жаратылыс тамаша іс.
Маңдайдан тіктеп түскен пісте мұрын,
Оймақтай қызыл сырлы жұқа ерін.
Ақ мамық, қызыл шие, қара нәркес —
Үш түрмен келтіріп түр беттің нұрын.
Жібектей майда қара шашы ұзын,
Түр мен сымбат еріткен жүрек сырын.
Оқу, білім, ақыл мен әсем тұлға
Бірдей келген көрдім мен қазақ қызын.
С.Торайғыров
Тапсырма: 1.Мәтіннен сын есімдерді тауып, мағыналық түрлерін ажырат. 2.Портрет дегеніміз не? 3. Сыныптағы бір оқушыға мінезін аша отырып, портретін дер. 4. Көркем шығармадан портретті теріп жаз.
22-жаттығу. 1.Көркем шығармадан сын есімі бар сөйлемдерді көшіріп жазып, тұлғалық талдау жаса. 2. Зат есім мен сын есімді салыстырып, венн диаграммасына түсір. 3. Құрамында сын есімдер болатындай қазіргі жыл мезгілін суреттеп жаз. Суреттеу дегенге анықтама бер..
9-САБАҚ
САН ЕСІМ, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
23-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, Қ.Ыдырысов жайлы білетініңді әңгімеле.
Достарыңызбен бөлісу: |