25-САБАҚ ЕЛІКТЕУ СӨЗ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІН АЖЫРАТУ 63-жаттығу. Түсінді ме екен? Төменде орман сарғылт шаш,
Төскейде терең шатқал құз.
Жартастары жалаңаш,
Тау үстінде біз тұрмыз.
Жалынмен жарып көк бұлтты,
Жарқ етті жалқы найзағай.
Бұлқ етіп жерден шаң шықты,
Теңселіп кетті қарағай.
Алжыған бұлттың кәріне
Сылқ-сылқ күлдім баладай,
Бұл күлкімнің мәні не?
Түсінді ме екен қарағай?
Д.Әбілев
Тапсырма:Өлеңді мәнерлеп оқы. 2. Мәтіннен еліктеу сөзді ажырат. 3. Ақын ізімен өлең шығарып көр.
65-жаттығу. Мына еліктеу сөздің қайсысы еліктеуіш, қайсысы бейнелеуіш екенін анықта. Жарқ-жұрқ, елбең-елбең, жарқ-жұрқ, зу-зу, шатыр-шұтыр, су-су, ыс-ыс, бақ-бақ, күпм, шаңқ, гүр-гүр
66-жаттығу. Еліктеу сөз тақырыбына тест тапсырмаларын құрастыр. 26-27-САБАҚ ОДАҒАЙ СӨЗДЕР
67-жаттығу. Мәтіннен одағайды ажыратып, қай түріне жататынын дәлелде. Құсты қалай шақыруға болады? (Өзің құрастырып көр)
Төрт түлік малды шақыру Пұшайт-пұшайт,
Төрт түлікте момыным,
Жылуы көп тонының,
Келе қойшы тезірек.
Шөре-шөре,
Тастан-тасқа секірген,
Көп жүгірген бетімен,
Тыным таппас шұнағым,
Келе қойшы, лағым,
Шөре-шөре!
Қырау-қырау,
Төрт түлікте сұлуым,
Желбіреген тұлымың,
Сылап-сыйпа тарайын,
Келе қойшы, құлыным,
Қырау-қырау!
Г.Адамбаева
68-жаттығу.Көркем шығармадан одағай сөздері бар сөйлемдерді көшіріп алып, талдау жаса.
69-жаттығу. Салыстыр
Шылау
Ұқсастығы
Одағай
70-жаттығу.Одағай сөздің қазақ тіл біліміндегі орны жайлы шығарма жаз. 71-жаттығу. «Болашақ мамандығым» атты тақырыбына байланысты дөңгелек үстел ұйымдастырыңдар.