29-САБАҚ
ШЫЛАУ, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
75-жаттығу. 1. Өлеңді мәнерлеп оқы. Антоним сөздерді теріп жаз. 2. Мәтіннен шылау түрлерін ажырат. 3.«Балалық шақ» атты өлең немесе әңгіме жаз.
Балалық күн
Балалык, сенен артық күнім бар ма,
Бала күнде бойымда мінім бар ма?
Бәріне жетем деймін, алам деймін,
Жас қиялда тоқталып, тыным бар ма?
Балаға тең, көрінер бай мен кедей,
Сүйеді жақсы, жаман, надан демей.
Күнә, сұмдық дегенді ол білмейді,
Айырмасыз ер, әйел бәрі бірдей.
Жақын-алыс деп білмес алалауды,
Аққа жауып жаланы қаралауды.
Өмір, өлім не нәрсе үжмақ, дозақ,
Білмейді бақ, күндеу мен табалауды.
Қайғы, қызың не нәрсе, дәмін білмес,
Байлық бақыт дегенді көзіне ілмес.
Жақсы, жаман сөздерің парқын айырып,
Не десең де таңданып, құлақ түрмес.
Шіркін-ай, балалық күн, өтесің-ау,
Артыңа қайырылмай-ақ кетесің-ау.
Жігіттікті кәрілік қуып жетіп,
Ажал-дағы, кешікпей жетесің-ау.
Қызықты, тәтті өмір, бітесің-ау,
Алдынан ажал тосып, күтесің-ау:
Туғанда қызықтаған жаңа жанды,
Тумағандай бір күні етесің-ау.
С.Торайғыров
7
6-жаттығу. Мәтінді түсініп, мазмұнын айт.
Достарыңызбен бөлісу: |