1 сабақ Тақырыбы: Жүйке жүйесінің патофизиологиясы



бет26/31
Дата09.02.2023
өлшемі143,23 Kb.
#168127
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
1 саба Та ырыбы Ж йке ж йесіні патофизиологиясы
Сын жет портфолиосы(1), Нея клммен презентация, 4-15 (1), Силлабус фронтальный, 1-практика (1)
1. Тақырыбы: Эндокриндік жүйенің жалпы патофизиологиясы.
2. Мақсаты: Эндокринопатиялардың жалпы этиологиясымен патогенезін оқып үйрену..
3. Оқыту міндеттері:

  • Эндокринопатиялар дамуының негізгі тетіктерін сипаттауды;

  • Эндокринді бездерді реттеудің бұзылысын түсіндіру;

  • Балалардағы эндокриндік бездерді реттеудің ерекшеліктерін түсіндіру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    1. Эндокриндік бездерді реттеудің орталық механизмдерінің бұззылуы.

    2. Эндокриндік бездердің патологиялық үдерістері.

    3. Гормон белсенділігі бұзылуың шеткері тетіктері.

4. Балалардағы эндокриндік бездерді реттеудің бұзылуының даму ерекшеліктері.
5. Оқыту және оқыту әдістері:
● тәжірибелік жұмысты орындау, жағдайлық есептерді шешу, клиника-зертханалық зерттеулердің нәтижелерін талдау, тақырыптың негізгі сұрақтарын талқылау, тест тапсырмаларын орындау;
● қашықтан оқыту кезінде – оf-line режимінде Platonus АИС «Тапсырма» модулінде көрсетілген тапсырмаларын орындау бойынша және оn-line режимінде Platonus АИС «Тапсырма» модулі мен «Оқу аудиториясы» бөлімінің чатында, сонымен бірге Zoom, Webex платформаларында және Wathsapp арқылы тақырыпты талқылау бойынша жеке және топтық жұмыс.
Тәжірибелік жұмыс
Мақсат: Тышқандарда гипогликемиялық команың үлгісін алып, оның дамуын бақылау.
Тәжірибеге үш тышқан алынады. Екеуіне 1-2 бірлік жай инсулинді енгізіп, банкіге отырғызады. Бақылау тышқанын бөлек банкіге отырғызады. Екі банкіні де жылы жерге қояды. Жануарларды бақылайды. 40 минөттен соң тәжірибелік тышқандарда гипогликемиялық команың белгілері (дене қалпын өзгертеді, тынысы жиілейді, қимыл үйлесімдігі бұзылады) пайда болады. Тәжірибелік тышқанның біреуінің іш қуысына 10,-10,5 мл 10% глюкоза ерітіндісін енгізеді, екі тәжірибелік тышқанды салыстыра отырып, бақылауды жалғастырады. Бақылауды аяқтаған соң жануарлар жағдайларының айырмашылығын түсіндіріп, қорытынды жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет