1 сабақ Тақырыбы: Жүйке жүйесінің патофизиологиясы


Бағалау әдістері (тестілеу, жағдайлық есептерді шешу, ауру тарихын толтыру және т.б.)



бет25/31
Дата09.02.2023
өлшемі143,23 Kb.
#168127
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31
Байланысты:
1 саба Та ырыбы Ж йке ж йесіні патофизиологиясы
Сын жет портфолиосы(1), Нея клммен презентация, 4-15 (1), Силлабус фронтальный, 1-практика (1)
6. Бағалау әдістері (тестілеу, жағдайлық есептерді шешу, ауру тарихын толтыру және т.б.): чек-парағы.
7. Әдебиет: № 1 қосымшаны қараңыз.
8. Бақылау (сұрақтар,тесттер,есептер және т. б.)):
Сұрақтар
1. Лейкоцитоз және лейкопения, түрлері, даму себептері, гемограммадағы өзгерістер.
2. Лейкоциттердің патологиялық формалары.
3. Лейкемоидты реакциялар.
4. Лейкоз, этиопатогенез, жіктелуі, клиникалық және гематологиялық көрінісі.
5. Гемостаздың бұзылуы.
6. Геморрагиялық диатез және синдромдар.
7.Тромбоцитопения, тромбоцитопатия, вазопатия, коагулопатия этиологиясы және патогенезі.
8. Тромбофилия.
9. Лейкоздар мен гемостаз бұзылыстарының алдын алу және емдеудің патофизиологиялық принциптері.
10. Балалардағы лейкоз дамуының ерекшеліктері.
11. Балалардағы гемостатикалық бұзылыстардың даму ерекшеліктері.
Тесттер
1. Физиологиялық шынайы лейкоцитоз байқалады
A) гемолитикалық анемия
B) қабыну
C) жарақаттар
D) нәрестелерде
E) жедел постеморрагиялық анемия
2. Регенерациялық ядролық солға жылжумен көрінетін нейтрофилдік лейкоцитоз байқалады
А) қол жұмысын атқарғанда
В) асқорытылғанда
С) аппендицит кезінде
D) аплазиялық анемияда
Е) мегалобластық анемияда
3. Салыстымалы лимфоцитоз дамуымен қабаттасатын аурулар
А) агранулоцитоз, аплазиялық анемия
В) іріңді жұқпа
С) туберкулез
D) крупозды пневмония
Е) жұқпалық мононуклеоз
4. Созылмалы лейкозға тән
А) күтпеген жерден басталуы
В) лейкемиялық үңгірдің болуы
С) ауыр және тез өтуі
D) қан өндіретін жасушалардың нақтылану және жетілу қабілетінің сақталуы
Е) қанда бластық жасушалардың көп болуы
5. Лейкемиялық үңгір тән
А) жіті миелолейкозға
В) созылмалы миелолейкозға
С) созылмалы лимфолейкозға
D) созылмалы миелозға
Е) созылмалы моноциттік лейкозға
Жағдайлық есеп
Науқас Е., 35 жаста, ауруханаға аяқтарының ауырғанына, ішінің аздап ауыратынына, құрғақ жөтелге шағымданып түсті. Қарап тексергенде ұсақ нүктелі, дақты көптеген геморрагиялар анықталды. Лимфа түйіндері, бауыры, көкбауыры ұлғайған.
Қан анализі:
Гемоглобин – 90 г/л; Эритроцит – 3,0х1012/л; Ретикулоцит – 0,2%;
Тромбоцит - 30 х109/л; Лейкоцит -17 х109
Нейтрофилдер: метамиелоцит -0%; таяқшаядролы -1%; сегментядролы-16%
Эозинофил -0%; Базофил – 0%; Бласты жасушалар – 56%
Лимфоцит – 23%; Моноцит – 2%
Пероксидаза мен липидтерге реакция теріс. Шик реакция оң (гликоген бөлек түйіршіктер түрінде)

  1. Қанның қандай ауруы туралы ойлауға болады?

  2. Клиникалық көріністердің патогенезін түсіндіріңіз

14 сабақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет