1 сабақ Тақырыбы: Жүйке жүйесінің патофизиологиясы



бет28/31
Дата09.02.2023
өлшемі143,23 Kb.
#168127
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
1 саба Та ырыбы Ж йке ж йесіні патофизиологиясы
Сын жет портфолиосы(1), Нея клммен презентация, 4-15 (1), Силлабус фронтальный, 1-практика (1)
1. Тақырыбы: Жеке эндокринді бездердің патофизиологиясы.
2. Мақсаты: Гипо және гипертиреоз, гипо және гиперкортицизм, гипергликемия және гипогликемия синдромдары кезіндегі организмдегі бұзылыстардың этиологиясын, патогенезін меңгеру.
3. Оқыту міндеттері:

  • Қалқанша безінің және бүйрек үсті бездерінің гипо- және гиперфункциясының этиологиялық жайттарын білуді

  • Қалқанша безінің және бүйрек үсті бездерінің гипо- және гиперфункциясының негізгі өзгерістерінің патогенезін түсіндіруді

  • Қантты диабеттің I және II түрінің және диабеттік синдромның негізгі әйгіленімдерінің патогенезін түсіндіруді.

    1. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Гипофиздің патологиясы.

  2. Қалқанша безінің және паратироид бездерінің патологиясы.

  3. Ұйқы безінің ішкісекреторлық функциясының бұзылуы.

  4. Бүйрек үсті бездерінің патологиясы.

  5. Балалардағы эндокринопатия дамуының ерекшеліктері.

5. Оқыту және оқыту әдістері:
● тәжірибелік жұмысты орындау, жағдайлық есептерді шешу, клиника-зертханалық зерттеулердің нәтижелерін талдау, тақырыптың негізгі сұрақтарын талқылау, тест тапсырмаларын орындау;
● қашықтан оқыту кезінде – оf-line режимінде Platonus АИС «Тапсырма» модулінде көрсетілген тапсырмаларын орындау бойынша және оn-line режимінде Platonus АИС «Тапсырма» модулі мен «Оқу аудиториясы» бөлімінің чатында, сонымен бірге Zoom, Webex платформаларында және Wathsapp арқылы тақырыпты талқылау бойынша жеке және топтық жұмыс.
6. Бағалау әдістері (тестілеу, жағдайлық есептерді шешу, ауру тарихын толтыру және т.б.): чек-парағы.
7. Әдебиет: № 1 қосымшаны қараңыз.
8. Бақылау (сұрақтар,тесттер,есептер және т. б.)):
Сұрақтар
1. Гипофиздің гипо- және гиперфункциясы.
2. Пангиопитуитаризм.
3. Бүйрек үсті бездерінің гипо- және гиперфункциясы.
4. Кортикостероидтардың жеткіліксіздігі.
5. Қалқанша безінің гипо- және гиперфункциясы.
6. Паратироид бездерінің гипо- және гиперфункциясы.
7. Ұйқы безінің ішкісекреторлық функциясының бұзылуы.
8. Қант диабеті.
9. Диабеттік кома.
10. Эндокринопатиялардың алдын алу және емдеудің патофизиологиялық принциптері.
11. Балалардағы эндокринопатия дамуының ерекшеліктері.
Тесттер
1. Балаларда инсулинге тәуелді қантты диабеттің ағымы, ересектермен салыстырғанда, ... сипатталады.
A) өте ауыр болуымен
B) диабеттік комалардың болмауымен
C) микроангиопатиялар дамуы мүмкін болмауымен
D) аурудың баяу түрде үдеуімен
E) ағымы қатерсіз болуымен
2. Гиперкортизолизм кезінде нәруыз алмасуы бұзылуының салдары болады
A) антиденелер өндірілуінің жоғарылауы
B) бұлшықет атрофиясы, остеопороз
C) глюконеогенездің төмендеуі
D) қандағы қалдық азоттың төмендеуі
E) жұқпаларға төзімділіктің жоғарылауы
3. Гиперкортизолизм кезіндегі су-электролит алмасуының бұзылысына жатады

  1. гипернатриемия, гипокалиемия, ішекте кальций сіңірілуінің тежелуі

  2. гипонатриемия, гиперкалиемия, АҚК-нің (ОЦК) жоғарылауы

  3. гиперкәлциемия, АҚК-нің азаюы

  4. гиповолемия

  5. гиперкалиемия, гиперволемия

4. Бүйрек үсті бездерінің жіті жеткіліксіздігінің себебі болуы мүмкін

  1. бүйрек үсті бездері қыртысты қабатының аутоиммундық зақымдануы

  2. бүйрек үсті бездерінің туберкулезі

  3. бүйрек үсті бездерінің қыртысына өспелердің метастаз беруі

  4. ТШҚҰ-синдромы кезінде бүйрек үсті бездері артерияларының тромбозы

  5. бүйрек үсті бездерінің туа біткен гипоплазиясы

5. Аддисон ауруына тән
A) терінің гиперпигментациясы, гипонатриемия, гиперкалиемия+
B) терінің гиперпигментациясы, гипернатриемия, гипокалиемия
C) тырысулар
D) артериялық гипертензия
E) семіру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет