n+l=5 мәні қандай период элементтерінің сыртқы қабатының электрондарын сипаттайтынын көрсетіңіздер.
Атомдағы 5s деңгейден кейін қандай электрондық деңгей толтырылады?
Хром және күкірт, фосфор және ванадийдің периодтық жүйеде бір топта орналасуының себебі қандай екенін, сонымен қатар осы жұптардағы элементтердің әрқайсысы әртүрлі топшаларда орналасуының себебін түсіндіріңіздер.
Реттік нөмірлері көрсетілген келесі элементтердің электрондық формулаларын жазыңыздар. а) Z=8; ә) Z=17; б) Z=28; в) Z=82; г) Z=33; д) Z=47; е) Z=51.
Келесі келтірілген электрондық конфигурациялар бойынша элементтердің реттік нөмірлерін және периодтық жүйедегі орнын анықтаңыздар.
а) 1s22s22p63s23p64s1;
ә) 1s22s22p63s23p64s23d5;
б) 1s22s22p63s23p64s23d104р5;
в) 1s22s22p63s23p64s23d104р6 5s24d105p66s24f8.
13. Ғе2+ және Ғе3+ иондарының электрондық-графикалық сызба-нұсқаларын құрыңыздар. Ғе3+ ионының электрондық конфигурациясының ерекше тұрақты болуының себебін түсіндіріңіздер.