27. Ұлттық қауіпсіздік: ұғымы және түрлері. Ұлттық қауіпсіздік – тұлғаға (жеке адамға), қоғамға және мемлекетке төнген ішкі және сыртқы қауіп-қатерлердіболдыртпауға, жоюға бағытталған мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде қабылданған шаралар жүйесі. ҚР ұлттық қауіпсіздігі туралы 2012 ж. 6 қаңтардағы заңда көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi – адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің дамуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы ұлттық мүдделерінiң нақты және ықтимал қауiп-қатерлерден қорғалуының жай-күйi.
ҚР Ұлттық қауіпсіздігінің түрлері: қоғамдық, әскери, саяси, экономикалық, ақпараттық, экологиялық қауіпсіздік.
1) Қоғамдық қауiпсiздiк – қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығы қамтамасыз етілетін азаматтар өмiрiнiң, денсаулығының және амандығының, қазақстандық қоғамның рухани-имандылық құндылықтарының және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің нақты әрі ықтимал қауіп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі (азаматтардың, қазақстан қоғамының қорғалуының жай-күйі).
2) Әскери қауіпсіздік – әскери күштерді қолданумен немесе оны қолдану ниетімен байланысты сыртқы, ішкі қауіп-қатерлерден адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүдделері қорғалуының жай-күйі;
3) Саяси қауіпсіздік – азаматтардың, әлеуметтік топтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы және мемлекеттің тұрақтылығы, тұтастығы және қолайлы халықаралық жағдайы қамтамасыз етілетін конституциялық құрылыс негіздерінің, мемлекеттік органдар жүйесі қызметінің және мемлекеттік басқару тәртібінің нақты және ықтимал қауiп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі.
4) Экономикалық қауiпсiздiк – экономиканың орнықты дамуы және оның тәуелді болмауы қамтамасыз етілетін, Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі.