1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


Ақпараттық қауіпсіздік – мемлекеттік ақпараттық ресурстардың және ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі



бет41/92
Дата08.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#195462
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   92
Байланысты:
1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С ну – саяси құбылыстар, са-emirsa

Ақпараттық қауіпсіздік – мемлекеттік ақпараттық ресурстардың және ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі.

Ақпараттық қауіпсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің ажырамас бөлігі, қазіргі заманда оның рөлі артып отыр. Ол қоғам мен мемлекеттің өмір-тіршілігінің түрлі салаларында ұлттық мүдделердің қорғалуына ықпал етеді.

Ақпараттық қауіпсіздік – ақпараттық ортаның азаматтар, қоғам, мемлекеттің мүдделері үшін қалыптасуын, қолданылуын және дамуын қамтамасыз етуге төнетін қауіп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі. Тұлғаның құқығы мен мүдделері, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қанағаттандыру үшін мыналардың қамтамасыз етілуі маңызды: 1) заңды тұтынушылардың ақпаратқа уақытылы қол жетімділігі, ақпаратты тұлғаның заңмен рұқсат етілген қызметіне, дене бітімінің, рухани және интеллектуалды дамуына үшін қолдануы; 2) ақпараттың құпиялығы (конфиденциальность); 3) ақпаратқа меншіктенудің авторлық құқығын сақтау; 4) ақпараттың шынайлығы, дұрыстығы (толық, дәл, дұрыс, тұтас) болуы; 5) жалған (бұрыс, бұрмаланған, дезинформация) ақпаратты таңудан қорғау; 6) ақпаратты пайдалану ережелерін бұзғандығы үшін жауапкершілікті шектеу. Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қорғалатын негізгі объектілер: 1) азамат, қоғам және мемлекет мүдделері (тұлға мен қоғам дамуының рухани, өнегелік, интеллектуалдық деңгейі т.б.); 2) білімдер және қоғамның рухани құндылықтары; 3) мемлекеттің конституциялық құрылысы, егемендігі, аумақтық тұтастығы; 4) интеллектуалдық меншік ретіндегі ақпарат; 5) құжатталған ақпарат, ақпараттық өнімдер, ақпараттық қызметтер; 6) ақпараттық ресурстар, автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен желілердегі мәліметтер базасы; 7) ЭВМ құрамындағы ақпараттық жүйелер, бағдарламалық құралдар және олардың желілері; 8) ақпараттың физикалық носительдері (қағаз, техникалық, машиналық физикалық өріс т.б.).

24-беттегі материалды қосу.




39. Экологиялық қауіпсіздік түсінігі және мазмұны. Экологиялық қауiпсiздiк – ұлттық қауіпсіздіктің ажырамас бөлігі, ол қоршаған ортаға антропогендiк және табиғи әсерлер салдарынан туындайтын қауіп-қатерлерден адамның және азаматтың өмірлік маңызы бар мүдделері мен құқықтарының, қоғам мен мемлекеттің қорғалуының жай-күйі болып табылады.

Экологиялық қауіпсіздік мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың: 1) табиғи ресурстарды сақтауға, ұтымды пайдалануға және қалпына келтіруге; 2) қоршаған орта мен ел халқы үшін антропогендік факторлардың қауіптілік деңгейін азайтуға; 3) өндірістік күштерді дамытумен орналастырудың экологиялық-экономикалық теңгерімділігін қамтамасыз етуге; 4) қоршаған орта және экологиялық апат аймақтарында тұратын Қазақстан халқы үшін теріс салдарларды азайтуға; 5) экономиканы, ... экологияландыруға, қоғамдық қатынастарды реттеуге ... көзқарас орнатуға; 6) қоғамдық санада экологиялық мәдениетті қалыптастыру, экологиялық білім беру мен ағарту жүйесін қалыптастыруға; 7) әрбір адамның экологиялық ақпаратқа қол жеткізу құқығын сақтауға және жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге жан-жақты қатысуына; 8) табиғи және техногендік сипаттағы төтеше жағдайлардан болған қатерлерді азайтуға және олардың салдарларын жұмсартуға; 9) халықаралық ынтымақтастықта әріптестік қатынастар орнатуға және халықаралық құқық нормаларын сақтауға бағытталған шешімдерімен және іс-қимылдарымен қамтамасыз етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет