1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


Терроризм және оның Қазақстанда таралу ерекшеліктері



бет47/92
Дата08.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#195462
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   92
Байланысты:
1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С ну – саяси құбылыстар, са-emirsa

46. Терроризм және оның Қазақстанда таралу ерекшеліктері. Терроризм (лаңкестік) – қорқыту мақсатында террорды, күштеуді әрдайым қолданып отыруға негізделген саясат. «Террор» сөзінің синонимі («террор» латын тілінде қорқыныш, үрей, күштеу дегенді білдіреді). Террористтің кез келген әрекеті (өлтірумен байланысты болмаса да) қашанда күштеумен, мәжбүрлеумен, қауіппен байланысты. Террористтің мақсатқа жетудегі басты құралы – бұл қорқыту, қорқыныш пен өзіне деген сенімсіздік атмосферасын тудыру, адамның зәресін алу. Қоғамдық қауіптің шектен шыққан түрі және террорлық актінің өте қаталдығын, әлеуметке қарсылығын, адамгершілікке жатпайтындығын есепке ала отырып, терроризмді алдына қойған нақты мақсатына жету үшін қарсыластарды қорқытып, зәресін алу үшін күштеудің шектен шыққан түрін қолдану, құқыққа қарсы әрекет арқылы көрінетін қоғамдық феномен (құбылыс) деуге болады.

Қазіргі саясаттануда терроризм саяси экстремизмнің шектен шыққан түрі ретінде қаралады. Терроризм – субъектісі жеке адам, қоғам, мемлекет болып табылатын қоғамдық қауіпсіздікке қарсы жасалған қылмыс.
Жалпы, зерттеушілер Қазақстандағы терроризм құбылысының пайда болуын 3 кезеңге бөледі: 1- кезең – 1990-жж. аяғы – 2000 жж. басындағы шет мемлекеттердегі (Ресей, Өзбекстан) қақтығыстарға қатысқан «қашқын террористердің» Қазақстан аумағына орнығу кезеңі. 2-кезең – 2006-2010 жж. аралығындағы сырттан арбау, террористік ұйымға тарту, еліктіру кезеңі. Бұл кезеңде Қазақстан азаматтары шетелдік экстремистік ұйым мүшелерінің насихатына, ғаламтордағы түрлі материалдарға елігіп, кейіннен басқа шет елдердің аумағындағы қақтығыстарға, террористік әрекеттерге араласқан. 3-кезең – бұл Қазақстан аумағында террористік әрекеттер жасауға ұмтылған жекелеген топтардың (жергілікті террористердің) пайда бола бастаған кезеңі. 


Ақтөбе мен Астанадағы жарылыстардың арнаулы қызмет ғимараттары – Ұлттық қауіпсіздік комитетінде болғандығы назар аудартады. Бірінші жағдайда жарылыс облыстық департамент ғимаратында, екіншісі – уақытша тергеу изоляторы кіре берісінің алдында болған. Бұндай әрекет, яғни құқық қорғау органдарына қарсы мақсатты түрде шабуыл жасау – террористік топтардың тактикаларының бірі.
Сарапшылардың пікірінше, мұндай іс-әрекеттер бірнеше мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді: 1) бұл қауіпсіздік қорғау ведомстволарының беделін түсіруге бағытталған, сөйтіп олар қоғамдық пікірде тіпті өздерінің объектілері мен қызметкерлерін қорғай алмайтындай болып қылып көрсету. 2) БАҚ-та жол, қаржы полициясы, кеден органдарының, прокуратура қызметкерлерінің біліксіздігі, жемқорлығының туралы көптеп жарияланып, айтылып жатады, бұл террористтердің қауіпсіздік қорғау ведомстволарын теракті жасайтын жерлер ретінде таңдап алуы қоғамның жаппай айыптауын емес, керісінше, аяушылық, құптауын тудыруы мүмкін.
Қазақстан жағдайында терроризм қауіп-қатерінің күшеюіне ықпал ететін үш негізгі факторды бөліп көрсетуге болады. Біріншіден, әлеуметтік күйзеліс факторы, әлеуметтік мобильділік каналдарының және лифтілерінің жоқ болуы. Қоғамның маргиналдануы, сонымен қатар байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық шарықтау шегіне жеткенде әлеуметтік қарсылықтар туындайды, олардың бір түрі терактілер болуы мүмкін. Екіншіден, идеологиялық саладағы мемлекеттік саясат тиімділігінің төмендігі, соның ішінде діни және этносаралық салада, тіл және дін саясатын жүргізудегі формализм. Діни істер бойынша арнайы агенттіктің де құрылуы осы салада жүйелі іс-әрекеттердің қажеттілігін биліктің де мойындап отырғанын көрсетсе керек. Үшіншіден, терроризм жағдайына шекаралас мемлекеттердегі «шиеленістік ошақтарының» болуы үлкен ықпал етеді. Біздің жағдайда Орталық Азияда тұрақсыздықтың сақталуы аймақтық қауіпсіздіктің негізгі бір факторы. Мысалы, Қырғызстандағы саяси дағдарыстың ушығуы және Тәжікстанда орын алған қарулы қақтығыстар. Осыған байланысты Тәжікстанда, Қырғызстанда және Өзбекстанда түрлі сипаттағы экстремистік және террористік ұйымдардың жандануы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет