1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


Діни экстремизм: түсінігі және мәні



бет48/92
Дата08.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#195462
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   92
Байланысты:
1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С ну – саяси құбылыстар, са-emirsa

47 . Діни экстремизм: түсінігі және мәні. Экстремизм (латын сөзі «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс-әрекет жасаушы деген) – шектен шыққан көзқарастар мен әрекеттерді ұстану, қоғамдағы тәртіп пен нормаларды жоққа шығару, мәселелерді, алға қойған мақсаттарға ең радикалды әдістер арқылы, оның ішінде күштеу, зорлық-зомбылық жасау, террорды қолдану арқылы да қол жеткізуді білдіреді. Мұндай әрекеттер ретінде жаппай тәртіпсіздіктерге арандату, азаматтық бағынбау, террорлық актілер жасау, партизан соғысының әдістері.

Кез келген экстремизмнің мәні – олардың пікірлеріне қосылмағандарға зорлық-зомбылық көрсету. Экстремизмнің негізінде адамдардың табиғи мүдделерінің қақтығыстары экономикалық, әлеуметтік, этникалық және конфессиялық қарама-қайшылықтары жатқанын көруге болады.

2005 ж. 18 ақпанда ҚР «Экстремизмге қарсы іс-қимыл» туралы заңы қабылдандаы. Онда экстремизмнің негізгі 3 түрі көрсетілді: саяси, ұлттық, діни.
Діннің негізгі мақсаты адамдағы барлық адамгершілік қасиеттерді сақтау және оларды дамыту, адамның өзінің «бет-бейнесін» сақтап қалуына көмектесу болып табылады.
Діни экстремизм діни ортада пайда болады. Діни экстремизм дегеніміз – саяси күштердің өз мақсаттарына жету үшін дін атынан мемлекетке қарсы жасалған немесе бағытталған күресі. Діни экстремизм - дiни өшпендiлiктi немесе алауыздықты, соның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты алауыздықты қоздыруды, сондай-ақ азаматтардың қауiпсiздiгiне, өмiрiне, денсаулығына, имандылығына немесе құқықтары мен бостандықтарына қатер төндiретiн кез келген дiни әрекетті қолдану. 
Діни экстремизмнің негізгі мақсаты – өз дінінің басқа діни конфессияларға басым екенін мәжбүрлі түрде мойындату. Діни экстремизм – діни фанатизмнің шектен шыққан түрі. Діни экстремизм әлемді өздерінің шектен шыққан көзқарасы мен діни фанаттық идеологиясына сәйкес қайта құруға тырысады.

Діни экстремизм деп келесі өзара байланысқан формаларда өмір сүретін әлеуметтік құбылысты айтуға болады: діни сана-сезім; діни идеология; жалғыз ғана ақиқат деп жарияланған діни доктринаны жүзеге асыру бойынша әрекет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет