1. Саясаттану ғылым ретінде. Саяси ғылымның обьектісі мен қалыптасуы кезеңдері



бет5/57
Дата08.09.2022
өлшемі1,98 Mb.
#148998
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Байланысты:
1. Ñàÿñàòòàíó ?ûëûì ðåò³íäå. Ñàÿñè ?ûëûìíû? îáüåêò³ñ³ ìåí ?àëûïò
8 сынып БЖБ 4 ТОҚ №1, С Ж 1 Та ырыбы Д ниетану туралы жалпы т сінік Тапсырма, Жаратылыстану п ніні міндеті, СӨЖ 1-5 БС АКТ оқытудың әдістемесі, СӨЖ 1-5 БС АКТ , қазақстанда ресейдің, СӨЖ1-5 менеджмент , 6.СӨЖ , Қазақ тілі OKВ22018, 13 сабақ ҮЖ, 261-357-1-SM, 123-126 қазақ тілі
Саясаттану парадигмалары - [грек, paradeiqma - теория, үлгі] - саясаттануда парадигма деп саяси өмірді бейнелеуді, білімді ұйымдастырудың қисынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялық пайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады. Парадигма жасау арқылы зерттеушіде белгібір саяси құбылысты зерделеудің негізгі өлшемі, қалпы қалыптасады. Соған орай ол деректерді жинап, талдайды, түсіндіреді, мағлұматтарды жинақтайды, жүйелейді.
Саясаттану парадигмаларын жинақтай келе оларды теологиялық, натуралистік, әлеуметтік және тиімді сыни деп жүйелеуге болады.

  • Теологиялық парадигма саясатты, билікті құдайдың құдіретімен түсіндіреді. Бұл парадигма саяси ғылымның алғашқы дами бастаған кезеңінде пайда болған. Ол кезде барлық әлеуметтік-саяси құрылыс, мемлекет құдайдың құдіретімен жасалады және дамиды делінген.

  • Натуралистік парадигма саясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен, атап айтқанда, географиялық ортамен, биологиялық және психологиялық ерекшеліктермен түсіндіреді.

Географиялық ортаның саясатқа ықпал етуін теориялық түрде негіздеген француз ойшылы Ж.Боден (1529- 1596) болды. Оның идеясын одан әрі дамытқан Ш.Монтескье (1689-1755). Оның ойынша географиялық орта, әсіресе климат халықтың рухын, мемлекеттің құрылыс түрін, қоғамдық құрылыстың сыр-сипатын айқындап, саясатында шешуші рөл атқарады.
Саясатты биологиялық себептермен түсіндірушілер (неміс ғалымы П.Майер, австриялық К.Лоренц) саяси процесті адамның туа біткен физиологиялық қасиеттерімен байланыстырады.
Ал психологиялық бағыттың негізін қалаушылар саяси даму процесін адамның психологиялық қасиеттерімен түсіндіреді. Бұл бағыттың негізін қалағандар Г.Тард, Г.Лебон, Э.Дюркгейм және т.б.

  • Әлеуметтік парадигма саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіреді. Мысалы, марксизм саясаттың мәнін экономикалық қатынастардан шығарады. Ол қоғамның әрбір экономикалық базисі қажетті түрде әзіне сәйкес қондырма тудырады деді. Яғни, белгілі бір экономикалық базис негізінде саяси, құқықтық, философиялық, діни, этикалық, эстетикалық, т.с.с. көзқарастар мен идеялар пайда болып, дамиды.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет