1. Саясаттану ғылым ретінде. Саяси ғылымның обьектісі мен қалыптасуы кезеңдері


Саяси қақтығыстар: мәні, типтері, шешу тәсілдері



бет14/57
Дата08.09.2022
өлшемі1,98 Mb.
#148998
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   57
Байланысты:
1. Ñàÿñàòòàíó ?ûëûì ðåò³íäå. Ñàÿñè ?ûëûìíû? îáüåêò³ñ³ ìåí ?àëûïò
8 сынып БЖБ 4 ТОҚ №1, С Ж 1 Та ырыбы Д ниетану туралы жалпы т сінік Тапсырма, Жаратылыстану п ніні міндеті, СӨЖ 1-5 БС АКТ оқытудың әдістемесі, СӨЖ 1-5 БС АКТ , қазақстанда ресейдің, СӨЖ1-5 менеджмент , 6.СӨЖ , Қазақ тілі OKВ22018, 13 сабақ ҮЖ, 261-357-1-SM, 123-126 қазақ тілі
28.Саяси қақтығыстар: мәні, типтері, шешу тәсілдері.
Саяси қақтығыс - саясат субъектілерінің саяси мәртебе мен институттарды, әлеуметтік тәртіпті сақтау немесе өзгерту, түрлендіру мақсатындағы билік үшін теориялық және іс-жүзіндегі күресі. Саяси қақтығыс ұғымы әлеуметтік-саяси күштердің, саяси қатынас субъектілерінің теке-тірестері өтетін ерекше саяси жағдайды білдіреді. Сонымен бірге, саясат әлемінің ажырамас бір бөлігі, оның қозғаушы күші. Бұл тек саясаттану ұғымы емес, сонымен бірге саясат теориясының тілі, саясаткердің ойлау үлгісі.
Саяси қақтығыстар саяси-мемлекеттік билікті жүзеге асыру мен бөлісу үрдісіндегі әр түрлі әлеуметтік-кәсіби, этноконфессиялық және басқа да топтар мүдделерінің сан алуандылығынан туындайды. Саяси қақтығыстардың шығуы саяси саладағы мәртебелік-рөлдік құрылымның сатылығымен байланысты; саяси құқықтар мен бостандықтарды бөлудегі теңсіздік; саяси өмірге қатысу деңгейлері мен түрлері; саяси мәдениеттегі айырмашылықты көрсетуімізге болады. Саяси қақтығыстар пәні - билік, өкілеттілік, т.б.
Саяси қақтығыстар өзінің даму барысында бірнеше кезеңдерден өтеді. Алғашқы кезеңде қақтығыстарға негіз туады. Қоғамның кейбір салаларында қиындықтар пайда болады. Келесі кезеңде келіспеушілік, наразылық ашық айтылып, алғашқы қақтығыстар болуы мүмкін.
Саяси қақтығыстарды шешудің жолдары: қақтығысты мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп даужанжалға қатысушы тараптардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуін айтады; зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым болып, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады. Тараптарды татуластырудың ең кең тараған түрі - келіссөздер. 

Саяси қақтығыс және оны шешу жолдары


Әрбір қоғам көптеген адамдарды, партияларды, ұйымдарды, әлеуметтік топтарды біріктіретіндіктен, әр адамның, әр топтың өзіндік ерекшеліктерге ие мүдделері мен талаптары болады. Кейде осы мүдделер қақтығысып қалатын жағдайлар да орын алып отырады. Мәселен, белгілі бір аудан тұрғындары үйлеріне жақын жерден көлік гараждарын немесе жанармай станциясын салуға болмайды деп санайтын кезде, ал қала әкімдігі құрылыс жоспарын бекітіп қойған жағдайда қақтығыстың әбден орын алуы мүмкін екендігін сеніммен айтуға болады.


Қақтығыстар үлкен ауқымда да көрініс табуы мүмкін. Мәселен, оппозициялық партия кандидаттардан арнайы қорларға ақша төлеуді талап ететін сайлауалды заңнамасымен келіспей, заңның осы бабын қайта қарауды талап ететін жағдайда да қақтығыс орын алуы мүмкін. Біздің әрқайсысымыз осы тәрізді орын алуы мүмкін көптеген қақтығыстардың қатысушылары бола аламыз.
Әдетте, ең күрделі қақтығыстар тек шектеулі түрдегі заттар туралы егестердің төңірегінде орын алады. Мәселен, көрші елдердің арасында шекараларда орналасқан су ресурстарын бөлу бойынша пікір қайшылықтары көп орын алады. Осы ретте, болашақ астық пен өнімдер суарылатын жерлермен тікелей тәуелділікте көрінетін Орталық Азия елдері арасында өткір ахуалдардың орын алуы әбден мүмкін. Біздің еліміздегі көптеген экологиялық ұйымдар мен саясй қайраткерлер Ертіс өзенін бұру жолымен Қытайда салынып жатқан Ертіс — Қарамай каналына қатысты алаңдаушылық білдіруде, өйткені бұл жағдайда Қазақстанның едәуір аумағы қүрғақшылық тартатыны анық. Мұндай жағдайларда қақтығысты шешу үшін оған қатысушы тараптардың белгілі бір түрде шегіністер жасауы талап етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет