1. Саясаттану ғылым ретінде. Саяси ғылымның обьектісі мен қалыптасуы кезеңдері



бет12/57
Дата08.09.2022
өлшемі1,98 Mb.
#148998
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   57
Байланысты:
1. Ñàÿñàòòàíó ?ûëûì ðåò³íäå. Ñàÿñè ?ûëûìíû? îáüåêò³ñ³ ìåí ?àëûïò

Легитимділік (лат. заңдылық, шындық) дегеніміз халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы. Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимділігінен білінеді. Демократия жағдайында мемлекеттік билік легитимді болу үшін мынандай екі шарт қажет:
1. билік халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы керек, яғни, мемлекеттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде белгілі бір мезгілге халық сайлауы керек және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы тиіс;
2. мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек.
Немістің көрнекті ғалымы Макс Вебер билік басына келудегі легитимділіктің абсолютты түрлері ретінде 3 үлгісін көрсетті:
1. Әдет-ғұрыптық легитимділік ерте заманнан бастап халықтың санасына сіңген, әбден бой үйреніп, дұрыс деп тапқан салт-дәстүрлерге сүйенді. Билік әкеден балаға мирас болып қалып келді, оны жұрт ата-салтымыз деп мойындап отырды (хан, патша, шах);
2. Харизматикалық легитимділік жағдайында өзінің ерекше батырлығымен, адалдығымен немесе басқа үлгілі қабілет-қасиеттерімен көзге түскен адамды басшы етіп жарияланып, халық соған ереді. Халық тек сол көсемге беріліп, соған ғана сенеді (Ганди). Ол адамдар жеке басқа табыну дәрежесіне жетті. Харизма деген сөздің өзі көсемге, мемлекеттік басшының жеке басына табыну деген мағынаны білдіреді.
3. Ақыл-парасатты, құқықтық легитимділік саяси билік салт-дәстүрге немесе тарихи тұлғаға байланысты емес, қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтық ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді. Мұндай легитимділік саяси биліктің пайда болуы және өмір сүруі демократиялық талаптарға сай келе ме, жоқ па, сонымен анықталады. Мемлекеттік құқықтық тәртіп легитимділігінің ең биік дәрежесіне конституция жатады.

27. Сыртқы халықаралық қауіпсіздік ортасы. «Қазақстан -2050» стратегиясы.


Халықаралық қауіпсіздік – бүкіләлемдік бейбітшілікке немесе халықтардың
қауіпсіздігіне төнетін қандай да бір қауіпті болдырмауды қамтамасыз ететін халықаралық
қатынастар. Ол әлемдік қауымдастықтың сақталуы мен қызметіне байланысты болады.
Халықаралық қауіпсіздікті мына жағдайлар айқындайды:
халықаралық қауіпсіздік халықаралық қатынастар жағдайынан қалыптасады, ол тек
қана халықаралық бейбітшілікті ғана қалыптастырмайды, сонымен қатар пайда
болған жанжалдарды бейбіт түрде шешеді;
халықаралық қауіпсіздік мемлекеттердің түрлі ынтымақтастығы жағдайында және
халықаралық қатынастардың әртүрлі салаларында ғана мүмкін болады;
барлық мемлекеттердің халықаралық тәртіп шарттарына байланысты өздерінің
тәуелсіздіктерін, дербестіктерін қалыптастыру арқылы қолдауға және қамтамасыз
етуге мүмкіндігі болуы тиіс;
халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету халықаралық тәртіп жағдайындағы
халықаралық құқықтардың негізгі ұстанымдары мен жалпыға ортақ қағидаларын
сақтау арқылы ғана жүзеге асады.
Қазіргі жағдайда халықаралық қауіпсіздікке сепаратизм, терроризм, фундаментализм,
экстремизм, босқындар мәселесі секілді түрлі қатерлер қауіп тудыруда.
Сепаратизм (лат. seraratus – жеке) - мемлекет аумағынан жеке мемлекет (сецесия)
құру мақсатында бөліну немесе автономия мәртебесін алу, бөлектену саясаты мен
әрекеттер..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет