1. Саясаттану ғылым ретінде. Саяси ғылымның обьектісі мен қалыптасуы кезеңдері


Қақтығыстарды шешу жолдары мен әдістері



бет15/57
Дата08.09.2022
өлшемі1,98 Mb.
#148998
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   57
Байланысты:
1. Ñàÿñàòòàíó ?ûëûì ðåò³íäå. Ñàÿñè ?ûëûìíû? îáüåêò³ñ³ ìåí ?àëûïò

Қақтығыстарды шешу жолдары мен әдістері
Қақтығыстар орын алған жағдайда тараптар солардың көмегімен келісімге келетін әдістер үлкен рөл ойнайды. Тым жалпы түрде ол авторитарлық немесе демократиялық стильде болуы мүмкін. Авторитарлық стиль қақтығыста күшті және әлсіз қатысушылардың бар екенін білдіреді. Күшті тарап әлсіз тарапқа өз шешімін таңады. Осы орайда, мектеп директоры мен оқушының немесе ата-ана мен жасөспірім баланың арасында егесті жағдай туындаған жағдайда қай тараптың қандай рөлде болатынын білу қиын емес тәрізді. Алайда, мұндай жағдайда рөлдердің басқаша бөлінуі де мүмкін. Демократиялық стиль келіссөздерге және өзара шегініс жасау жолымен келісім іздеуге негізделеді. Егес нысанын пайдалануда объективті себептерге байланысты шектеулер міндетті түрде орын алатын жағдайда бір тараптың шегініске баруына тура келеді. Айталық, бокспен шұғылданып жүрген мектеп оқушылары өздерінің жаттығу залын түстен кейінгі уақытқа беру туралы өтініш жасады. Алайда дәл осы уақытта ол жерде гимнастика секциясы жаттығу жасайды. Мұндай жағдайда жаттығу уақытын қайта қарауға және оларды белгілі бір нақты шеңбермен шектеуге тура келері анық. Нәтижесінде, барлық тараптарды қанағаттандыратын шешімге қол жеткізуге болады.
Өзіңнен қуатты бәсекелесті өзіңнің дұрыс екеніңе сендіру үшін салмақтырақ дәйектерді ұсына білу керек. Алайда, қақтығысты назарға алмау мүлдем дұрыс болмас еді. Егер біреудің мүдделері үнемі аяқасты бола беретін болса, бүл алдын ала біліп болмайтын салдарларға алып келуі мүмкін. Әдетте, қақтығыс жеке мәселелер бойынша туындайды. Алайда ұзақ уақыт бойы созылатын әрекетсіздік бұдан гөрі маңызды салаларға өтіп кетуі мүмкін. Мәселен, дастархан басындағы жүріс-тұрыстардан туындайтын егес уақыт өте келе «әкелер мен балалар» арасындағы қақтығыс оты тұтанатын шоққа айналуы мүмкін. Мұндай жағдайда ескі көңіл толмаушылықтар мен наразылықтардың барлығы қайта еске түсіріліп, олардың арасындағы қарым-қатынастарға айтарлықтай сызат түсері анық.
Қоғамдағы қақтығыстардың себептері айтарлықтай терең болуы және олар тым үлкен салдарларға алып келуі мүмкін. Олар көп жағдайда ондаған және жүздеген жылдар бойы созылады. Елдер арасындағы қайшылықтар соғыстарға ұласып кетуі де мүмкін. Әсіресе қоғамдағы әртүрлі этникалық топтардың мүдделері бір-біріне қарсы қойылғай жағдайлар тым қауіпті. Қарама-қайшылықтарға бірнеше күнде жол беріп қою мүмкін болғанымен, қақтығыс салдарын одан кейін ұзақ жылдар бойы түзеуге тура келеді.
Әдетте, ірі қоғамдық және халықаралық қақтығыстар туындайтын жағдайда, ондағы тараптарда одан шығудың бірнеше жолы болады. Олардың ішінде төмендегілерді айта кетуге болады:
Қарулану жолы, яғни бұл жағдайда күш қолдануда өз басымдығын көрсеткен тарап жеңіске жетеді. Негізінен әскері жақсы дайындалған және қаруланған тарап бар кезде басқаларды жеңіп отырады.
— Келіссөздер жолы. Тараптар бірқатар шегіністер жасауға келісе отырып, келісімге келетін жолдарды іздейді. Келіссөздер тараптардың мүдделерінің заңдылығы өзара қүрметтелетін және, мойындалатын жағдайда ғана орын алуы мүмкін. Консенсусқа, яғни тараптардың жалпы және толық келіеіміне қол жеткізу..- келіссөздердің ең ұтымды нәтижесі деп айтуға болады. Тек компромисс ғана қақтығыстың барлық қатысушыларының мүдделерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
— Қақтығысқа түсіп отырған тараптардың сенімі мен құрметіне ие адамдар мен ұйымдардың делдалдығы. Делдалдың егестерді бітімге келтіруде біршама тәжірибесі болуы тиіс. Одан бөлек, олардың қолдарында қақтығыстарды шешу тетіктері болған жағдайда делдалдардың әрекеттері пәрменді болады.
Қарулану жолы міндетті түрде адамдардың өліміне, шаруашылықтардың күйреуіне, қоныс аударуға мәжбүр болатын басқа да салдарларға алып келеді. Көптеген құрбандықтар мен зардаптарға алып келгендіктен, мұндай жолмен қол жеткізілген жеңіс иллюзиялық сипатта болатыны айтпаса да түсінікті.
Мәселен, Ресей мен Жапония Куриль аралдарының кімге тиесілі туралы мәселеде ұзақ уақыттар бойы егеске түсіп келеді. 1904-1905 жылдары орын алған соғыста Жапонияның жеңіске жетуімен Куриль аралдары мен Сахалин жапондықтардың қолында қалды. 1945 жылы Жапониямен болған соғыста кеңес әскерлерінің жеңіске жетуі бұл аралдардың Кеңестер Одағына өтуіне алып келді. Кеңес өкіметі, одан кейінгі бүгінгі Ресей басшылығы қақтығыстың шешілгені туралы жариялағанымен, Жапония мұндай нәтижеге көңілі толмайтынын білдіріп келеді. Соғыстан кейінгі кезеңде Жапония үкіметі бұл аралдарды (жер аумағын) қайтаруды бірнеше рет талап етті. Осы мысал екі тараптың пікірлерін ескерместен қақтығысты тек күш қолдану әдістерімен шешу — қақтығыстың созыла түсуіне және оның жасырын түрге өтуіне алып келетіндігін көрсетеді. Жер дауы осы ел арасындағы бірқалыпты саяси және экономикалық қатынастардың дамуына ұзақ уақыт бойы кедергі келтіріп отырғанын айта кету керек.
Жалпы, қарулы әрекеттерге ұласып кеткен қақтығыстар көбінесе келіссөздермен аяқталады. Бұған мысал ретінде Таулы Қарабақ пен Приднестровьені, Босния мен Герцоговинаны айтуға болады. Келіссөздер тым шеткері шараларға бармай-ақ, мәселені қол жетімді шегіністермен тоқтата тұруға мүмкіндік береді. Алайда, мұның кемшіліктері де бар. Тараптардың ұстанымдарын келістіру үдерісі ұзап кеткен жағдайда олар өзара компромисске келуге дайын болмай шығады. Қақтығысқа қатысушылар тығырықтан шығудың әдеттен тыс жолдары мен әдістерін ұсына алады деген сеніммен делдалдарға жүтінеді. Мемлекетаралық қақтығыстарда БҰҰ және аймақтық ұйымдар делдалдық атқарады. Босния мен Герцоговинада және басқа аймақтарда осындай жолмен қақтығысушы тараптарды татуластыру мүмкін болды.
Жекелеген елдер өріс алып келе жатқан қақтығысты тоқтатуға, оның көрініс беруіне жол бермеуге ұмтылады. Алайда қандай да бір әлеуметтік топтың көңіл толмаушылығының себебі жойылмағандықтан, бұл жерде қақтығыстың аяқ астынан қайта пайда болу қаупі туындайды.
келіссөздер жағдайында қақтығыстан шығу келесі түрде ғана мүмкін:

  1. Қақтығыс көзін жою. Мәселен, әлеуметтік топты шеттетуді заң түрінде жою қоғамдағы осы қайшылықты шеше алады.

  2. Тараптар арасындағы егес көзін бөлу. Мәселен, екі ел арасындағы егес көзі болып отырған жер аумағын бөлуге болады. Алайда бұл жол бар кезде пәрменді емес, өйткені бар кезде мұндай шешімге қол жеткізу мүмкін емес.

  3. Егес көзі болып отырған нысанды пайдалану тәртібінің кезектілігін бекіту. Сайлауалды кампаниялары кезінде теледидардағы эфир уақытын кандидаттар арасында теңдей бөлінуі талап етіледі. Көңіл толмаушылықтар орын алған жағдайда басқа тәртіпке келісуге болады.

  4. Егес көзі болып отырған нысанды бір тарапқа беру. Бұл жағдайда екінші тарап қанағаттанбайды. Мұндай жағдайдан бас тарту үшін ол тарапқа белгілі бір түрде өтемақы беру мүмкіндігін қарастыруды ескеру керек. мәселен, жекелеген мемлекеттердің экономикалық жеңілдіктер үшін саяси шегіністер жасауына қол жеткізуге ұмтылады.

  5. Қатынастарды басқа салаға көшіру. Мәселен, мектеп әкімшілігі тым кешке дискотека өткізуге рұқсат бермеуі мүмкін, алайда ол оның орнына оқушылардың демалыс күндері қала сыртына сапарын ұйымдастырады





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет