28.Саяси элита: түсінігі, түрлері, механизмі және қалыптасу жолдары. Саяси элита дегеніміз қоғамда билікті, байлықты және танымалдылықты
иеленген жоғарғы топ. Қоғамның екіге басқарушыларға және бағынушыларға
немесе элита мен бұқараға бөлінуі табиғи нәрсе, оған әсер еткен бірнеше
факторларды айта кетуге болады. Олар: Еңбектік бөлінуі; Әлеуметтік құрылымның иерархиялы түрде болуы; Басқарушы қызметтің жақсы сипатты иеленуі;Көпшіліктің билікке, саясатқа қызықпауы.
Саяси элита бірнеше түрге бөлінеді. Олар:
Жоғарғы элита; Ортаңғы элита; Әкімшілік элита.
Саяси элитаның қалыптасуына байланысты екі жүйе қалыптасқан: Гильдия және антрепренерлік. Антрепренерлік түрде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері,
көпшілік жұртқа ұнай білу қабылеті басты орын алады. Мұнда кандидаттың
байлығына. Кәсібіне, біліміне, мамандығына онша мән берілмейді. Жеке
басының ерекше қабылеті мен қасиеттері арқасында элита құрамына өте
алады. Элита да ол кандидаттың жеке принциптері мен көзқарастарына
тосқауыл қоймайды.
Гильдия жүйесінде үміткер билік сатысы бойынша баяу болса да анық көтеріліп
отырады. Мұнда жоғары лауазымды қызметке үміткерге көптеген талаптар
қойылады.
Оған кандидаттық білімі, адамдар арасындағы жұмыс тәжірибесі, партиялық стажы және
т.с.с. жатуы мүмкін. Егер элитаның идеясына қарсы пікірлері болса ол кандидаттың
элитаға өтпей қалуы мүмкін.
Антрепренерлік жүйе көбіне демократиялық қоғамда қалыптасса, гильдия жүйесі
авторитарлық және тоталитарлық қоғамдарды кең таралған.
Қазақстандағы саяси элитаның қалыптасуының құқықтық механизмдері. Қазақстандағы саяси элитаның қалыптасуы бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Бірінші кезеңі
– XV ғасырдың ортасынан бастап XIX ғасырдың 20-шы жылдарына дейін, —
дәстүрлі дала элитасының қалыптасу дәуірі деп аталады. Қазақтың көшпенді
қоғамында билеуші элита құрастыру және оның қалыптасуы көшпенділердің тұңғыштың
орны деген салт-дәстүрінен шыққан.
Ал XIX ғасырдың 20-шы жылдарында Қазақ элитасының қалыптасуына әсерін тигізгені –
Ресей империясына қосылуы. Орыс патшалығы Солтүстік Қазақстанның аймағын
бірнеше административті бірліктерге бөліп (округ, волость, ауыл), әр қайсына
басшы «аға сұлтан» және іс жүргізушілері мен жұмысшылар штатын құрастырды.
Сонымен, осы заманнан бастап қазақтың элитасының қалыптасуы толығымен Ресей
патшалығынан тәуелді болатын.
XX ғасырдың басында жалпы дүниедеге болған ұлт-азаттық қозғалысының әсерінен
қазақ қоғамында да жаңа элитаның қалыптасуы басталады – европалық көзқарастағы,
білімі бар оқыған қазақтарынан. Осы топ саналы түрде Ресейдің колониалды режиміне
оппозициялық тұрғыда болатын. Әрине, бұл топты құрастырған білім алуға
мүмкіндіктері бар өткен заман элитасының балдары: аға сұлтандардың балдары, би
және батырлардың тұқымынан шыққандар, жартысынан көбі –чингизидтер. 1905-1920
ж.ж. қазақтардың алғашқы элитасы «Алаш» ұлттық-либералды партиясының
қызметінде орын тапты.