1. Саясаттану ғылым ретінде. Саяси ғылымның обьектісі мен қалыптасуы кезеңдері



бет9/57
Дата08.09.2022
өлшемі1,98 Mb.
#148998
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57
Байланысты:
1. Ñàÿñàòòàíó ?ûëûì ðåò³íäå. Ñàÿñè ?ûëûìíû? îáüåêò³ñ³ ìåí ?àëûïò
8 сынып БЖБ 4 ТОҚ №1, С Ж 1 Та ырыбы Д ниетану туралы жалпы т сінік Тапсырма, Жаратылыстану п ніні міндеті, СӨЖ 1-5 БС АКТ оқытудың әдістемесі, СӨЖ 1-5 БС АКТ , қазақстанда ресейдің, СӨЖ1-5 менеджмент , 6.СӨЖ , Қазақ тілі OKВ22018, 13 сабақ ҮЖ, 261-357-1-SM, 123-126 қазақ тілі
Әлеуметтік әдіс-құралдар. Үстемдік етіп отырған билік өзін қолдайтын, оның одан әрі өмір сүруіне мүдделі адамдар іздейді. Ондай рөлді ең алдымен оның мәртебелі, абыройлы, жалақысы мол қызметтерді атқаратын, көптеген жеңілдіктермен пайдаланатын қызметкерлері орындайды. Оларға көптеген рөлдер мен статустар беріледі.
Күш жұмсау құралдары. Олар мемлекетті қорғайды, ішкі тәртіпті сақтайды, саяси билікті құлатуға әрекет етушілерге мүмкіндік бермейді. Оған жататындар: әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, түрме және т,б,
Ақпарат құралдары. Қоғамдық пікір тудырып, саяси өмірге ықпал ету жағынан оны төртінші билік деп те атайды. Кейбір саяси қайраткерлер кім теледидарды бақыласа, сол бүкіл әлемді бақылай алады деп санайды. ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры деп тегін айтылмаған.
Саяси биліктің өзіндік қызметтері болады. Оған жататындар: қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру; оның саяси өмірін ұйымдастыру (ол мемлекет пен қоғам, таптар мен топтар, ассоциациялар, саяси институттар, мемлекеттік басқару органдары мен аппараттары, партиялар, азаматтар және т.б. арасындағы қатынастарды қамтиды); әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің істерін басқару; өкімет органдары, саяси емес процестерге басшылық ету,; саяси және басқа да қатынастарды бақылау және түптеп келгенде, белгілі бір қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты, ашық және жабық қоғамды құру, қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қорғау; дау-дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою және дер кезінде шешу; қоғамдық келісімге, мәмілеге келу және т.б.

22.Қайта Өрлеу дәуіріндегі саяси ілімдер. Маккиавелидің мемлекет және саясат туралы ілімі. Мораль және саясат.


Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі буржуазиялық саяси ғылымның негізін салушы Никколо Макиавелли болды. Оның атақты шығармалары Патша, Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жөнінде ойлар, Флоренцияның тарихы. Макиавелли діни көзқарасқа қарсы болды. Шыңдықтың белгісі сенім емес, тәжірибе деп білді. Ол мемлекет деген атауды ғылымға, әдебиетке бірінші боп енгізді. Мемлекетті билік жүргізуші мен оған бағыныштылардың қарым қатынасы деп ұқты. Ол республикалық мемлекетті,еркіндікті, теңдікті қалады. Мемлекет ерікті болса ғана қуатты, абыройлы бола алады. Патша саран, опасыз, қахар болмай,қайырымды, адал,қамқоршыл мырза болуға тырысуы керек. Бірақ елдің бірлігі мен қол астындағы адамдардың берілгендігіне келгенде,Макиавелли әділдік пен адамгершілік емес, алға қойған саяси мақсат тұрғысынан қарады. Ол мақсатқа жету үшін амал, айланың қай түрін болсада қолдануға кеңес береді. Мемлекеттін басын қосып жаңарту үшін сөзге түсінбейтін кертартпалармен күресте жауыздық пен күшті пайдалануға болады. Қаталдық өзіне бағыныштылардың пайдасы үшін бір ақ рет қолдану керек. Бірақ Макиавеллидің бұл ескертпесі көп жағдайда еске алынбай мақсат әдіс, тәсілді ақтайды деген қағида кейін макиавеллизм деген атпен тарап кетті. Кейбір жауыз патшалар Макиавелли де қаталдықты қолдаған деп, өздерінің қара ниеттерін ақтағылары келеді.


23.Саяси көшбасшы анықтамасы және функциялары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет