1. Саясаттану ғылым ретінде. Саяси ғылымның обьектісі мен қалыптасуы кезеңдері



бет51/57
Дата08.09.2022
өлшемі1,98 Mb.
#148998
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   57
Байланысты:
1. Ñàÿñàòòàíó ?ûëûì ðåò³íäå. Ñàÿñè ?ûëûìíû? îáüåêò³ñ³ ìåí ?àëûïò

110. Қазақстан Республикасындағы саяси мәдениет мәселелері
Соңғы жиырма жылдай уақытқа созылып отырған Қазақстанның саяси жүйесінің трансформациялануы қоғамның барлық саласына ықпалын тигізіп отыр, соның бірі — көпшілік саяси сала деп есептемейтін мәдениет. Басқа салалардағыдай, мемлекет мәдени институттардың қызметінің мазмұнын айқындаған әкімшілік-әміршілік басқарудан, демократияландыру, плюрализм, сипатталатын нарықтық жүйеге көшті. Бірақ бұл үрдіс басынан бастап-ақ қарама-қайшы сипат алды, көптеген қолданылған шаралар тиімсіз болды, ал алынған нәтижелерді күні бүгінге дейін біржақты бағалау қиын болып отырғандықтан осы мәселені жан-жақты саяси талдауға тырыстық.
Осы тарау «Мәдени саясат» түсінігін талқылаған жағдайда «саясат» және «мәдениет» ұғымдарын ғылыми тұрғыдан ажыратып, ара-жігін ашуға негізделді.
«Мәдениет» түсінігіне келер болсақ, жеке дара лексикалық бірлік ретінде мәдениет түсінігі ғылыми айналымға ХVIII ғасырда енді және ол қоғамда адам әлемінің табиғат әлемінен айырмашылығын, ерекшелігін анықтайтын категория ретінде тараған болатын. Бұл түсінікті ғылыми айналымға неміс философы, ағартушы П.Г.Гердер енгізген. Ол өзінің «Идеи философии истории человечества» (1791) деген еңбегінде мәдениет қоғамдық дамудың нәтижесі екендігін көрсетті. П.Г.Гердердің заманы мен 1919 жылға дейін батыс зерттеушілерінің санағы бойынша мәдениет түсінігінің жеті анықтамасы пайда болған. Ал ХХ ғасырдың ортасына таман анықтама саны 170-ке жуық болды. Алайда 60-жылдардың соңында жарыққа шыққан А.Мольдің «Социодинамика культуры» деген еңбегінде бұл феноменнің екі жүз елуге жуық анықтамасы көрсетілген.
111. Сыртқы саясат, дипломатия, геосаясат ұғымдары.
Сыртқы саясат - халықаралық аренадағы мемлекеттер мен халықтар арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуші саясат. Сыртқы саяси мақсаттар ұлттық мүддеге негізделеді. Оларды жүзеге асыру арқылы мемлекет сыртқы саяси қызметті атқарады. Мемлекеттің сыртқы саясаты сыртқы және ішкі факторлар ықпалымен қалыптасады. Сыртқы саясатты жүзеге асыру түрлері: мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қатынастарды орнату; мемлекеттің халықаралық ұйымдарда өз өкілеттілігін ашу немесе оларға мүше болу; мемлекеттің басқа мемлекет өкілдерімен әртүрлі деңгейлерде тұрақты немесе аракідік байланыстар орнатуы. Сыртқы саясатты жүзеге асырудағы ең басты құрал - екі жақты немесе көпжақты келісімдер мен келіссөздер.
Дипломатия - (лат. duplicata- билеуші шығарған үкімнің түпнұсқасы мұрағатта сақталған көшірмесі немесе дубликаты) - үкімет органдары, оның шетелдердегі өкілдері мен сенімді тұлғалары жүзеге асыратын мемлекеттің сыртқы саяси міндеттерін іске асыру әрекеттері. Дипломатияны, көбіне, ресми қарым-қатынас жасау арқылы мемлекеттің сыртқы саяси мақсаттары мен мүдделерін іске асыратын мемлекеттік іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде қарастырады. Көптеген елдерде дипломатия мемлекеттердің бейбіт жағдайда бірлесіп, тыныш өмір сүруінің ғылымы немесе әдістемесі жайлы теориясы деп, мемлекеттер арасындағы достықты нығайтуға, әріптестікті орнатуға, олардың арасындағы қандай да бір қайшылықтарды бейбіт реттеудің саяси амалдары мен әдістері жөніндегі ғылым ретінде қарастырылады.
Геосаясат адамдардың белгілі бір мақсатқа жету үшін билікті қалайша тудырып оны сақтауын бейнелеу үшін қолданылатын әдіс болып табылады. Мемлекет деңгейінде бұл әдіс мемлекеттің мүдделеріне жету және қызметін атқаруда саясат, экономика және әскери күшті қалайша қолданатынын көрсетеді.
Геосаясат әлеуметтік-географиялық ғылымдардың түріне жатады, саяси географияның бөлігі болып табылады. Бұл екі ғылымның - саясаттану мен әлеуметтанудың тоғысында орналасқан пән. Геосаясаттың екіұшты табиғаты, оның әдісі, терминологиясы мен аспаптары оның ұзақ уақыт бойы классикалық академиялық пәндер ішінен өзіне орын таба алмауына себеп болды, бұл оның толыққанды институционалдануын ғасырға жуық уақытқа баяулатып жіберді.
Қазіргі геосаяси теория үшін кеңістікті басқару нысандарын, мемлекеттерде болатын технологиялық мүмкіндіктерді ескере отырып зерттеудің маңызы өте зор (мұндай бақылау нысандары: саяси, әскери, экономикалық, өркениеттік, коммуникациялық, демографиялық, ақпараттық).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет