1. Саясаттану ғылым ретінде. Саяси ғылымның обьектісі мен қалыптасуы кезеңдері


«Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы



бет49/57
Дата08.09.2022
өлшемі1,98 Mb.
#148998
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   57
Байланысты:
1. Ñàÿñàòòàíó ?ûëûì ðåò³íäå. Ñàÿñè ?ûëûìíû? îáüåêò³ñ³ ìåí ?àëûïò

107. «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы 
Министрдің мәліметінше, жобаның негізгі мақсаты – Ұлттық кодты сақтап, мәдени бірегейлікті жаңғырту, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді насихаттау арқылы – қоғамның мәдени деңгейін, талғамын және рухын көтеру. Сонымен қатар, жастарға жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың түрлі бастамаларын жан-жақты қолдауды көздейді.
Бірінші бағыт. экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Рухани Жағырудың» құндылықтарын одан әрі дамыту. Мұнда мемлекеттік тілді дамыту міндеті бөлек белгіленген.
Екінші бағыт. Министрдің сөзінше, келесі бағыт - «Ел рухы» деп аталады. Бұл бағыт бойынша, мәдениет саласындағы қызметтердің қолжетімділігін арттыру бойынша шаралар, сонымен қатар отандық мәдени өнімдерді елге және шет мемлекеттерге танытуға бағытталмақ.
«Бұл үшін 2025 жылға қарай 5 нақты нәтижеге қол жеткізу үшін 13 ірі іс -шара жоспарланып отыр», - деді министр
Үшінші бағыт. Министрліктің мәліметінше, үшінші бағыт - «Тәуелсіздік ұрпақтары» деп аталды және бұл еліміздің жастарына арналады.
«Өздеріңіз жақсы білесіздер, биыл Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында туған балалар 29-30 жасқа келіп жатыр. Сөз жоқ, бұл жастар – егемен елдің төл ұрпағы ғана емес, болашақ үміті, ертеңгі иесі. Сондықтан оларды мемлекеттік тұрғыдан қолдап, жағдай жасау – осы жобаның негізгі мақсаттарының бірі. Ол жастардың рухани кемелденіп, кәсіби жетілуін көздейтін үш ауқымды міндетті қамтиды», - деді ол.
Атап айтқанда 2025 жылға дейін:
жастардың базалық сұраныстарын шешу бойынша шараларды іске асыру. Яғни, сапалы және қолжетімді білім беру, жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету;
- жастардың жан-жақты дамуына құқықтық жағдайлар жасап, рухани-адамгершілік және отбасылық құндылықтарға баулу;
- жастарды қоғамдық пайдалы істерге тартып, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиесіне жаңа мүмкіндіктер ашу;
«Бұл Ұлттық жоба аясында атқарылатын көп жұмыстың негізгі бағыттары ғана. Жоғарыда айтқанымдай, оны іске асыру үшін үш бірдей министрліктің күші жұмылдырылып, нақты нәтижелерге қол жеткізетін боламыз», - деп түйіндеді министр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет