103. Саяси көшбасшылық түсінігі. Тарихтағы көшбасшылық идеялар.
Саяси көшбасшылық - саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа жету үшін қаланың, аймақтың, мемлекеттің көлемінде адамдардың күш-жігерін біріктіріп, белсенді ықпал ете алады. Соңғы кезде бұл ұғым мағынасы кеңейе түсті. Өйткені саяси көшбасшыға басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын, бірақ саяси өмірде беделді, аты шыққан адамдарды жатқызып жүр. Қазір саяси көшбастаушылар деп қоғамдық-саяси ұйымға, қозғалысқа, мемлекетке әрдайым және шешуші ықпал ететін тұлғаны айтады.
Саяси көшбастаушы болудың 2 жолы бар:
1) көпшілік халықтың мақсат-мүддесін кездейсоқ дөп басып, ойынан шығу;
2) ол мүдделерді мақсатты түрде тал май зерттеу нәтижесінде.
Тарихтың өзі көрсеткендей, дамудың түрлі кезеңінде қоғамда қандай да бір мемлекет көшбасшысына деген зәрулік пайда болады. Қазақстан үшін де сол бір аласапыран оқиғалардың алмағайып ағымында уақыт тынысын анық сезінуге, республиканың ішінде және сыртында болып жатқан қоғамдық-саяси процестердің сипатын айқын бағалауға қабілеті жететін жаңа толқынның жаңа басшысы ауадай қажет еді. Мемлекетті қайта қалпына келтіру, егемендіктің мазмұнын байыту, күрт өзгерістерге ұшыраған геосаяси жағдайда елдің лайықты орнын айқындау – осы және өзге де аса күрделі міндеттер ауқымды стратегиялық ойлау жүйесін, даналық пен салиқалылықты, сондай-ақ алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажет табандылықты талап етті. Ол айналадағы оқиғалар барысында аңтарылып қалатын немесе қалыптасқан жағдайдың ығымен жүре беретін, бірі келіп, бірі кетіп жататын қатардағы өзге көп саясаткерден ерекшеленіп тұратын дара тұлға болуға тиіс
104. Саяси элита түсінігі мен мәні. Қазіргі заманғы элита теориялары.
Саяси элита “Элита” термині сөзінен француздың “еlite” деген сөзінен шыққан, сұрыпталған, тандалған, іріктелген деген мағынаны білдіреді. XVIII ғасырдан бастап ол сөзбен жоғары сапалы товарларды атады. XX ғ. бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі, байлығы, беделі, билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді
. Саяси элита стратегиялық мақсатты айқындайды, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын белгілейді, өз жоспарларын жүзеге асырудың тетіктерін табады, қоғам алдына қойылған мақсаттардың жүзеге асуына бақылау жасайды.
Сонымен, саяси элита деп қазына-байлықты, қаржы-қаражатты бөлуге байланысты және т.б. саяси маңызды шешімдер қабылдауға қатысты жоғары мәртебесі мен ықпалы бар ұйымдасқан топты айтады. Қазіргі саясаттану ғылымында білімнің элитология деген арнайы саласы бар. Ол элиталардың қалыптасу жағдайын, оның қоғамдағы рөлін, әлеуметтік-саяси процестерге ықпал ету әдіс-тәсілдерін және т.б. зерттейді.
Қазіргі ғылым элитаны әр түрлі негізге сүйене отыра топтастырады. Қызмет ету саласына қарай саяси элита, ғылыми элита, бизнес – элита, әскери элита, мәдени элита, діни элита, медиа-элита және т.б. болып бөлінеді. Билікке қатысты билеуші және контрэлита. Ресми және бейресми элита. Көптеген топтастыру нұсқаларын талдап жатпай, тек тақырыбымызға қатыстысына тоқталатын болсақ, әлемдік саяси, іскер топтар мен ғылыми элита өкілдерінен тұратын дүниежүзілік элита мен ғаламдық бәсекеде өз ұлтының мүддесін қорғайтын ұлттық элита түрін бөліп көрсетуге болады. Алғашқылары әлемдік процестерге әсер ете алатын, жаһандық басқару стратегиясын жасайтын өте бай әрі ықпалды адамдар тобы. Қазіргі кезде түрлі бейресми пікірсайыс алаңдарында, халықаралық форумдарда ортақ позиция, келісілген қағидалар мен идеяларды талқылап әзірлейтін ғаламдық жүйе жасалды. Қалың жұртшылыққа Давостағы бүкіл әлемдік экономикалық форум сияқты бас қосулар белгілі. Одан басқа да халықаралық жабық клубтар (жеке шақырумен ғана баруға болатын Бильдерберг клубы, Үш жақты комиссия, яғни, “Трилатераль” (Trіlateral) сияқты халықаралық ұйымдар) бар. Мәселен үш жақты комиссия құрылғанда оның атқарушы директоры боп посткеңестік жұртшылыққа есімі танымал американдық ғалым және мемлекеттік қайраткер Эбигнев Бжезинский тағайындалды. Үш жақты комиссия мүшелері жасырын жағдайда қабылданған шешімдер Батыс елдерінің саясаткерлері үшін өзінше бір заңға айналып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |