1. Саясаттану ғылым ретінде. Саяси ғылымның обьектісі мен қалыптасуы кезеңдері


Классикалық және қазіргі заманғы элиталар теориясы (В.Парето, Г.Моска, Р.Михельс, Т.Веблен, Дж. Бернхейм, Д.Белл)



бет19/57
Дата08.09.2022
өлшемі1,98 Mb.
#148998
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   57
Байланысты:
1. Ñàÿñàòòàíó ?ûëûì ðåò³íäå. Ñàÿñè ?ûëûìíû? îáüåêò³ñ³ ìåí ?àëûïò

32. Классикалық және қазіргі заманғы элиталар теориясы (В.Парето, Г.Моска, Р.Михельс, Т.Веблен, Дж. Бернхейм, Д.Белл).

Технологиялық элитаризм:
1. Джеймс Бернхейм - "басқарушылар революциясы" теориясын ұсынған америкалық әлеуметтанушы ("The Managerial Revolution", 1941). Менеджерлік революция билікке жаңа билеуші тап-элитаны әкеледі.
2. Дэниэл Белл. Постиндустриалды қоғамдағы элитаның иерархиясы білім деңгейімен, проф. тәжірибе, көшбасшылық қабілетімен анықталады. Бұл – жетістіктер элитасы, меритократия.
3. Торстейн Бунде Веблен. Заманауи өндірісте басты рөлді инженерлік-техникалық интеллигенция атқарады.


33. Саяси билік мәні, құрылымы және жүзеге асыру механизмі. Саяси билік таптық, топтық және жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Ол партия, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар арқылы да жүзеге асады.




34.Қоғамдық және әлеуметтік ғылымдар жүйесіндегі саясаттанудың рөлі және мәні.
Саяси технологиялар және олардың әлеуметтік маңызы
ХХ ғасырдың 60-жылдары саяси ғылым шеңберінде қолданбалы саясаттану қарқынды дами бастады. Ол практикалық мәні бар нақтылы саяси мәселелер мен сұрақтарды (мысалы, шиеленісті ахуалдарды реттеу, саяси келіссөздер жүргізу технологиясы, қолайлы саяси имидж жасау, сайлау компанияларын өткізу, тобырлық сананы манипуляциялау және т.с.с) шешуге бағытталған еді. «Саяси технологиялар» термині саяси субъектілердің өз мақсаттарына жету үшін қолданатын адамдарға әсер ету амалдары мен тәсілдерінің жиынтығын білдіреді. Олар адамдардың мінез-құлқын саяси үдерістің әлдебір субъектісінің пайдасына, соның мүдделері мен тілектеріне сай қылып өзгерту мақсатында сол адамдардың санасы мен санасының астарына ықпал етуді көздейді. Олардың ішінде ең көп тарағандарының қатарына сайлау технологиялары, саяси шиеленістерді басқару, саяси имидж жасау, қоғамдық пікір қалыптастыру, заң жобаларын лоббилау және т.б. технологиялары жатады. Саяси технологияларды қолдану саяси үдерістердің барысын үдетуі, керісінше баяулатуы, оның бағытын өзгертуге түрткі болуы, оның түпкілікті нәтижелеріне әсерін тигізуі мүмкін. Саяси технологиялардың басқармалық шешімдерді қабылдау мен іске асырудағы рөлі зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет