1. Саясаттану ғылым ретінде. Саяси ғылымның обьектісі мен қалыптасуы кезеңдері


Қоғамдық өмірді басқаруға саналы қатынасу үшін саясаттанулық білімнің маңызы



бет20/57
Дата08.09.2022
өлшемі1,98 Mb.
#148998
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   57
Байланысты:
1. Ñàÿñàòòàíó ?ûëûì ðåò³íäå. Ñàÿñè ?ûëûìíû? îáüåêò³ñ³ ìåí ?àëûïò

Қоғамдық өмірді басқаруға саналы қатынасу үшін саясаттанулық білімнің маңызы
Саяси білім тек кәсіби саясаткерлер мен маман саясаттанушыларға ғана емес, сонымен бірге әрбір қатардағы азаматқа да қажет. Өйткені ол қоғамда өмір сүретіндіктен мемлекеттік биліктің қалайша қалыптасатынын, қоғам мен мемелекет қарым-қатынасының принциптері қандай екенін, өзінің құқықтары мен міндеттемелерінің қандайлығын, саяси шешімдердің қалай қабылданатынын, билікке әсер етудің мүмкіндіктерін білуі тиіс. Ол қоғамда болып жатқан саяси үдерістер мен құбылыстардың мағынасын түсініуі, саяси өмірге мақсатты бағытталған (бүкіл қоғамға пайдалы түрде) сипат беру үшін саналы қатынсауға дайын болуы. Демек, саясаттану адамдарды саяси білімдермен және тәжірибемен, саяси мәдениетпен қаруландырады. Сонымен бірге қоғамдық өмірді басқаруға белсенді қатынасуға даяр тарихи үдерістің саналы субъектісінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Саяси білімдер адамға қоғамның саяси дамуының формалары мен жолдарын анықтау үшін, қабылданып жатқан саяси шешімдердің пәрменділігін бағалау үшін, елдегі және де бүкіл әлемдегі саяси оқиғалар мен үдерістердің барысы мен нәтижелерін болжай білу үшін қажет. Саясаттану студент жастарға саяси сананың демократиялық элементтерін жинақтауға, саяси дүниетаным мен саяси мәдениеттің негіздерін меңгеруге, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауға, әлеуметтік шиеленістерді шеше білуге, саяси үдерістерге белсенді қатынасуға, саяси экстремизмге қарсы күресуге және т.б. көмектеседі.
35. Саяси мәдениет: түсінігі мәні, құрылымы, жүзеге асыру механизмі.

36. Қазақстандағы саяси элитасы – негізгі ерекщеліктері мен даму тенденциясы. Қазақстанда саяси элитаны іріктеудің өз ерекшеліктері бар. Мұнда антрепренерлік жүйемен бірге гильдиялар жүйесінің аралас түрде қолданыс тауып отырғанын айтуға болады. бір жағынан, баламалық негізде өтетін сайлау жүйесінің қалыптасуы, саяси партиялар мен қозғалыстардың пайда болуы, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы, еркін нарықтық қатынастар элементтерінің дүниеге келуі, — міне, осының бәрі Қақастанда саяси жүйенің барған сайын демократиялық сипат алып отырғанын көрсетеді. Бұл өз ретінде саяси элитаның қалыптасуы мен сұрыпталуына да демократиялық сипат бері, белгілі жағдай жасайтыны анық. Екінші жағынан, Қазақстанда (басқа посткеңестік елдерде дәл солай) жоғары деңгейдегі мамандарды дайындау мен сұрыптаудың тұтас жүйесі әлі қалыптаса қойған жоқ деуге болады. Соған қарамастан республика мұндай олқылықты толтыруға көптеген шаралар қолданып жатыр.
Қазақстандағы элитаға келсек, еліміз егемендігін алғанымен билеуші топ онша өзгере койған жоқ. Олардың көбі Кеңес Одағы кезінде номенклатуралық қызметтер атқарып, коммунистік партия ыдырағаннан кейін мемлекетгік институттарға (Президент, Үкімет әкімшілігіне) қызметке көшті. 1993 жылғы Конституция бойынша биліктің 3 тармағы тең делінді. Алайда шын мәнінде билік атқарушы органның қолына тиді. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы Президенттік билікті бекітіп, атқарушы биліктің мәртебесін арттыра түсті. Жекешелендіру кезінде халықтың еңбегімен жасалған мүлікке ие болды.
Қазақстан қазіргі элитасына кімдер жатады десек, оған Президент аппаратының құрамы (Президент, оның әкімшілігінің бастығы, орынбасарлары, бөлім басшылары, көмекшілері, кеңесшілері), Парламент, министрліктер басшылары мен орынбасарлары, дипломатиялык элита кіреді. Аймақтық элитаға облыс әкімдері жатады. 

37.Саясат ғылым және өнер ретінде. Саясат заңдары және категориялары.


Саясаттану (грек. «politike» — мемлекетті басқару өнері және logos – білім, ілім) – саяси құбылыстар әлемін тұтас және өзара тығыз байланысында зерделейтін ғылым. Әдетте, «саясаттану» және «саяси ғылым» терминдері синонимдер тәрізді қолданылады. Саясаттану немесе саяси ғылым зерттеу пәні ретінде қоғамдық өмірдің экономикалық, әлеуметтік және рухани салаларынан салыстырмалы түрде тәуелсіз саяси саласын иеленеді.Саясаттанудың ғылым ретінде әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар (философия, тарих, әлеуметтану, мемлекеттік-құқықтық ғылым, этнология, психология және т.б.) арасында оның зерделейтін мәселелері мен сұрақтары шеңбері бойынша ғалымдар арасында әжептәуір талас-тартыстар бар. Бұл әбден түсінікті де, өйткені саяси құбылыстар қоғамдық өмірде орын теуіп жатқан экономикалық, тарихи, әлеуметтік, рухани-адамгершілік, дүниетаным және басқа құбылыстар мен үдерістер легімен өзара тығыз байланыста. Дегенменен оның қалыптасу тарихымен, заманауи даму деңгейін ескере отырып, саяси ғылымның негізгі мәселелерінің шеңберін жеткілікті түрде айқын сипаттап беруге әбден болады.Саясаттанудың мәнін нақтылай түсу және оның зерделейтін мәселелерінің шеңберін анықтау үшін, ең алдымен, саясаттың мәнін құрайтын мазмұнды қырларын ескерудің маңызы зор. Біріншіден, саясат билік (оны ұйымдастыру, бөлу, мемлекеттік қызметтің бағыттарын анықтау және т.б.) маңында құралымдалатын қатынастармен, яғни биліктік қатынастармен тікелей байланысты; екіншіден, саясат қоғамның барлық мүшелерін біріктіретін жалпы бастаманың негізінде сан қилы мүдделерді үйлестіру жолы мен қоғамдық өмірді ұйымдастыру тәсілі ретінде көрініс табады; үшіншіден, ол мемлекеттік билік институттарының көмегімен қоғамдық дамудың үдерістерін басқаруға бағытталған элиталар мен жетекшілердің іс-әрекеті болып табылады.
39.ҚР мемлекеттік билік органдары.

Атқарушы билік органдары жоғарыорталық және жергілікті болып бөлінеді. Мемлекеттік биліктің жоғары атқарушы-өкімдік етуші органы Үкімет болып табылады. Үкіметті Республика Президенті құрады және ол қаулылар шығарады. Республика Премьер-министрі өкімдер шығарады. Үкімет қызметі республиканың барлық аумағын қамтиды. Үкімет өзіне бағынышты өзге де барлық атқарушы билік органдарын біріктіреді және олардың жұмысына бағыт беріп отырады.Тиісті министрліктер, агенттіктер, ведомстволар атқарушы биліктің орталық органдары болып табылады. Министрліктер басты атқарушы орган болып табылады, ол мемлекеттік баскарудың тиісті саласына басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте, салааралық үйлестіруді жүзеге асырады.Министрліктер Үкіметтің тікелей басшылығымен атқарушы - өкімдік етуші қызметті жүзеге асырады, ал министр Үкімет мүшесі болып табылады. Барлық министрліктердің жалпы міндеттері мыналар: өз саласында мемлекеттік саясатты жасап, оны іске асыру; заң шығарушылық және нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу; салааралық үйлесімділікті жүзеге асыру және мемлекеттік баскару саласына басшылық жасау; әдістемелік басшылықты жүзеге асыру; кадрлар даярлау; олардың біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау, т. б. министрлікке жүктелген өзге де міндеттер.Агенттік — Үкімет құрамына кірмейтін биліктің орталық атқарушы органы. Ол салааралық үйлестіруді, сондай-ақ арнаулы атқарушы және рұқсат етуші қызметтерді жүзеге асырады. Агенттікті Премьер-министрдің ұсынуы бойынша Президент құрады, қайта құрады және таратады.Ведомство — өз құзыретінің шегінде арнаулы атқарушы және бақылаушы-қадағалаушы қызметтерді, сондай-ақ салааралық үйлестіруді немесе мемлекеттік басқарудың бағынышты саласына басшылықты жүзеге асыратын республиканың орталық атқарушы органының комитеті болып табылады. Ведомствоны тиісті орталық атқарушы органның басшысының ұсынуы бойынша республика Үкіметі құрады, қайта құрады және таратады.Министрлік, агенттік, ведомство шығаратын акті нысаны — министр, агенттік төрағасы, ведомство басшысының бұйрығы болып табылады. Жергілікті атқарушы органдар — әкімдіктер. Жергілікті жерде атқарушы билікті республиканың әкімшілік- аумақтық құрылымына сәйкес облыстың, ауданның, қаланың, ауылдың, селоның, поселкенің әкімдіктері жүзеге асырады.Жергілікті атқарушы органдар — жоспарлар, аумақты дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті жасауды жүзеге асырады және олардың атқарылуын қамтамасыз етеді, коммуналдық меншікті баскарады. Жергілікті атқарушы органдардың басшыларын тағайындайды және қызметтерінен босатады, жергілікті атқарушы органдардың жұмысына байланысты өзге де мәселелерді шешеді.



40.Саяси модернизация концепциясы (С. Эйзенштадт, С. Хантингтон, Ф. Фукуяма).
41.Саяси әлеуметтену мағынасы, механизмі, кезеңдері, модельдері
Саяси әлеуметтену дегеніміз-қоғамдық процестер нәтижесінде жеке адамның белгілі бір саяси рөд атқарып әлеуметтік саяси қалыптасуы
Саяси әлеуметтенудің мақсаты-жеке тұлғаның азаматтық өзін-өзі ұқсатуы
Ғылыми айналымға саяси әлеуметтену ұғымын 1959ж Г.Хаймен енгізген
Саяси әлеуметтенудің басты кезеңдері Саясилану Идеологизация Институттану
САЯСИ ӘЛЕУМЕТТЕНУДІҢ ҚҰРАМЫНАИ саяси сана, саяси қимыл, саяси талап, саяси жігер, мұқтаждық мүдделер
Қорыта келгенде саяси әлеуметтенуді ерте балалық шақтан басталып адамның бүкіл саналы ғұмыры бойына жалғасады.
Саясаттанушылар саяси әлеуметтенудің үш кезеңін атап өтеді
Бірінші – Адамның 3-5 тен 12-13 ке деңгейі жасы.Бұл кезеңде балалар бастапқысы саяси мәліметтерді ата-аналарынан, туғандарының ортасынан алып, солардың көзқарастарына еліктейді
Екінші кезеңде 13-18 жастардың арасы тұлғада жеке саяси сана саяси мен-мендік қалыптасады әр түрлі саяси фактілер құбылыстарға деген сезімдік көзқарас саяси жүйенің көлемінде әр түрлі институттар мен өкілдердің рөльдері және функциялары туралы біліммен толықтырылады
Үшінші кезеңде 18 жастан бастап тұлға саяси өмірге толық мағыналы түрде қатысады саяси әлеуметтену процесінде адамға оны қоршайтын бүкіл әлеуметтік ортынң ықпалы әсер етеді бұл ортаға саяси және саяси емес факторлардың қатысы бар
42.Демократия теориясы, моделі, типологиясы, принциптері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет