Күні: 23.10.2020ж
Тобы:2-шк-1
Білім алушы:Амангелдиева Дильназ
Тапсырма: Сендіру әдісін жүргізудің жолдарын көрсетіңіз. Сендіру формасын таңдаңыз.
1.Сендіру – коммуникативтік қарым-қатынастың негізгі тәсілі ретінде
Адам сенімі үш компоненттің көмегімен жүзеге асады: білім – сезім – мінез. Жоғарыдағы тәжірибе және дәлелдерге сүйене отырып, сендірудің формуласын төмендегідей сипаттау мүмкін: Сенімнен формула келіп шығады: түсіну – бастан өткізу – қабылдау – жасау , яғни түсінемін, сезінемін (басымнан өткіземін), өзіме қабылдаймын, осыны өз іс-әрекетімде және мінез-құлқымда басшылыққа аламын.
2.Сендіру әдісі туралы мәлімет кестеде берілген.
3.Сендірудің көмегімен жаңа көзқарастар, қарым-қатынастар қалыптасады немесе дұрыс емес көзқарастар мен қарым-қатынастар өзгереді.
Сендіру формалары диспуттар, дискуссиялар, сұхбаттар, мұғалім әңгімесі, жеке үлгі-өнеге болуы мүмкін. Сендіру өзара әрекеттегі әдіс ретінде , ол қойылған талаптарға сәйкес келуі керек:
сендірудің мазмұны мен формасы тұлғаның жас ерекшелігінің деңгейіне сәйкес келуі керек (бастауыш мектеп жасындағыларға мысалы ертек, қиял-ғажайып әңгімелер, ары қарай шындық дүние әлемін оқып үйрену, адамның рухани дүниесін оқып үйрену деген сияқты және т.б.);
сендіру тәрбиеленушінің жеке ерекшеліктерін есепке алумен құрылуы тиіс; оқушының шын өмірлік бағытын білу қажет;
сендіру принциптер мен ережелер ретінде болуы керек, және нақты фактілер, үлгілер болуы керек; бастауыш мектеп жасындағыларғакөрнекі-бейнелі материалдардың рөлі үлкен.
Сендіруде әңгімелесушіге белгілі нәрсені факті ретінде алып, талдау жиі кездеседі; бұл мүмкін болады-ау деген күдікті тұсаулауға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |